Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 106 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" (бұдан әрі - Бұйрық) және 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерәкімдері аппараттарының мемлекеттікқызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы" бұйрықтарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары: тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін, айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада және ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

      2. "Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімі" Мемлекеттік мекемесі, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде, Бұйрық бойынша осы шешімді іске асыруға бағытталған шаралар қабылдасын.

      3. Шешімнің орындалысына бақылау жасау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

      4.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Құрмансейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады