Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 7-тармағына және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының 11, 16-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрықты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2024 жылғы 11 сәуірдегі
№ 163 бұйрығымен
бекітілген

Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 54-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 7-тармағына және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 11, 16-тармақтарына сәйкес әзірленді және Жас мамандар мен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдар оқуын аяқтайтын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың (бұдан әрі – ДСҒҰ) жанынан құрылатын Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссияның қызметін айқындайды.

      2. Комиссия жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды бөлу және жұмысқа не жұмыс іздеуші ретінде есепке қою үшін мансаптық орталықтарға жіберу мақсатында құрылады.

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) ағымдағы жылғы жас мамандарды жұмысқа бөлу;

      2) ағымдағы жылы оқу бітірген, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу;

      3) Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды, оның ішінде алдыңғы жылдардағы түлектерді қайта бөлу;

      4) бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмыс іздеушілер (жұмыссыздар) ретінде есепке қою үшін мансап орталықтарына жіберу;

      5) Заңда және Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмыспен өтеуден босату;

      6) Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну.

      4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ЖЖОКБҰ және ДСҒҰ түлектерін жұмысқа бөлу, қайта бөлу, жұмыс іздеуші (жұмыссыз) ретінде есепке қою, жұмыспен өтеуден босату, жұмыспен өтеуді кейінге қалдыру үшін мансаптық орталықтарға жіберу мақсатында Комиссия отырыстарын өткізеді;

      2) түлектерден, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан (бұдан әрі – ЖАО), жұмыс берушілерден, білім беру саласындағы уәкілетті орган операторынан (бұдан әрі – Оператор) жас мамандарды және мемемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу үшін қажетті ақпаратты сұратады;

      3) қажет болған жағдайда түлектерден, ЖАО-дан, жұмыс берушілерден, Оператордан жұмысқа бөлінген жас мамандар және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған тұлғалар жөніндегі ақпаратты сұратады;

      4) кадрларға қажеттілік туралы ақпарат жинау жөнінде ЖАО-мен өзара әрекет етеді;

      5) жас мамандардың және философия докторлары (PhD) мен бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдардың әлеуетті жұмыс берушілерімен өзара әрекет етеді;

      6) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдар үшін бос жұмыс орындары жөнінде ақпарат жинау бойынша ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен өзара әрекет етеді;

      7) жас мамандармен және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдармен жұмысқа бөлу және жіберу мәселелері бойынша тікелей өзара әрекет етеді;

      8) жұмыспен өтеуді мониторингілеу және бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Оператормен өзара әрекет етеді;

      9) заңнамада белгіленген мерзімде бөлу және Комиссияның жұмысы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және оларға жауап береді.

      5. Комиссия құрамы жыл сайын ЖЖОКБҰ немесе ДСҒҰ басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның бұйрығымен, күнтізбелік жылдың басынан бастап алғашқы бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, бекітіледі.

      6. Комиссия мүшелерінің бірі Комиссия құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей, жаңа мүше Комиссия құрамына енгізіледі.

2-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия құрамына мыналар:

      1) ЖЖОКБҰ немесе ДСҒҰ басшылық құрамының өкілдері және қызметкерлері;

      2) ЖАО өкілдері (келісімі бойынша);

      3) салалық орталық атқарушы органдардың (министрліктердің) немесе оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының), Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің, студенттік өзін-өзі басқару органдарының және жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселелеріне қатысы бар өзге де ұйымдардың өкілдері (келісімі бойынша) кіреді.

      8. Комиссия төрағадан және төрағаның орынбасарынан, Комиссияның кемінде үш мүшесінен және хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін қамтамасыз ету ЖЖОКБҰ немесе ДСҒҰ қызметкері болып табылатын, Комиссия төрағасына тікелей есеп беретін хатшыға жүктеледі.

      9. Комиссия төрағасы:

      1) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;

      3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;

      4) Комиссияның отырыстарын шақырады;

      5) Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, отырыстардың өткізілетін күнін, уақытын, күн тәртібін айқындайды және бекітеді.

      10. Комиссия төрағасы болмаған кезде (іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық, демалыс) оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

      11. Комиссия мүшелері:

      1) Комиссия отырыстарында шешілуге жататын мәселелерді қарайды;

      2) Комиссия отырысына ұсынылған құжаттармен танысады;

      3) Осы Ереженің 14-тармағының екінші бөлігінде көзделген тиісті шешімді шығарады.

      12. Комиссия хатшысы:

      1) тиісті құрылымдық бөлімшелерден, ЖЖОКБҰ немесе ДСҒҰ-ның жауапты лауазымды адамдарынан және тікелей түлектерден қажетті құжаттарды сұратады, оларды дайындайды және Комиссияның қарауына ұсынады;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      3) отырыс өткізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия мүшелеріне және оқу бітірушілерге Комиссия отырысының өткізілетін күні мен орны туралы хабарлайды (кезектен тыс отырыстар шақырылған жағдайда хабарлау мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқартылуы мүмкін);

      4) Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және ресімдейді;

      5) белгіленген мерзімде бөлу және қайта бөлу жөніндегі материалдарды жолдау бойынша және бөлу және жұмыспен өтеу мәселелеріне қатысы бар өзге де мәселелер бойынша Оператормен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      13. Комиссия отырысы оған Комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      14. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан мүшелер санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы (не оның функцияларын орындайтын адам) дауыс берген шешім қабылданады.

      Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жұмысқа жіберу туралы;

      2) жұмыс іздеуші (жұмыссыз) ретінде есепке қоюға жіберу туралы;

      3) жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттен босату туралы;

      4) жұмыспен өтеуді кейінге қалдыру туралы;

      5) істің нақты мән-жайларына байланысты өзге де шешім.

      Шешім қабылдау кезінде Комиссия ғылым және жоғары білім саласындағы, әлеуметтік-еңбек саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларын, ережелерді, нормативтік құқықтық актілерді және азаматтық заңнаманың өзге де нормаларын басшылыққа алады.

      15. Комиссия отырысы хаттамамен (қайта бөлінген жағдайда қосымша хаттамамен) ресімделеді.

      Комиссия отырысының хаттамасына жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу нәтижелері бойынша Комиссияның мүшелері және хатшысы қолдарын қояды.

      Комиссияның хаттамалық шешімін отырысқа қатысқан Комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, комиссия мүшелерінің және хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбалары арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімдеуге жол беріледі.

      Комиссия бөлу жөніндегі комиссияның хаттамаларын және бөлу жөніндегі, оның ішінде қайта бөлу жөніндегі материалдарды осы Қағидалардың 29 және 33-тармақтарында белгіленген мерзімде қағаз және (немесе) электрондық форматта Операторға жыл сайын ұсынады.

      Бөлу жөніндегі материалдар қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мына құжаттарды қамтиды:

      1) Комиссияны құру және оның құрамын бекіту туралы бұйрық;

      2) бөлу жөніндегі комиссияның хаттамасы / қосымша хаттамасы;

      3) жұмысқа немесе мансап орталығына жолдама;

      4) түлектің жұмыспен өтеу туралы міндеттемесі (бар болса);

      5) жұмыс берушінің өтінішхаты немесе жұмыс орнынан анықтама;

      6) оқуға жұмсалған бюджеттік шығыстар туралы анықтамалар;

      7) жұмыспен өтеуден босатуды (босатпауды) негіздейтін құжат (тар);

      8) жұмыспен өтеуді кейінге қалдыруды (кейінге қалдырмауды) негіздейтін құжат (тар);

      9) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (сканерленген нұсқасы немесе көшірмесі);

      10) білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (сканерленген нұсқасы немесе көшірмесі);

      11) білім беру грантын тағайындау туралы бұйрық;

      12) білім беру қызметтерін көрсету шарты;

      13) білім алушылардың қозғалысы туралы ЖЖОКБҰ бұйрықтарынан үзінді көшірмелер;

      14) білім алушының дербес деректерді өңдеуге келісімі (бар болса).

      16. Комиссия өз жұмысын оның құрамы бекітілген күннен бастайды және бір жыл бойы жұмыс істейді.

      17. Комиссия отырыстары академиялық күнтізбеге сәйкес ағымдағы жылдың түлектерін бөлуді жүзеге асыру үшін жыл сайын, бірақ 1 шілдеден кешіктірмей (бастапқы бөлу), күндізгі немесе қашықтан өткізіледі.

      Түлектердің және комиссия мүшелерінің қатысуымен (офлайн режим) Комиссияның бөлуді және бөлуге байланысты өзге де мәселелерді шешуі көзбе-көз отырыс болып табылады.

      Қашықтан өтетін отырыс барлық мүдделі тұлғалардың міндетті түрде бейнеконференцбайланысына қосылуымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларын (онлайн режімде) пайдалана отырып, қашықтан жұмысқа бөлуді өткізу болып табылады.

      Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген, бөлу жөніндегі тиісті комиссияға себепсіз келмеген Қазақстан Республикасының азаматтары олардың қатысуынсыз бөлінеді.

      Төраға осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде алдыңғы жылдардағы түлектерге қатысты қайта бөлуді жүргізуді қоса алғанда, қажеттігіне қарай Комиссияның кезектен тыс отырыстарын шақырады. Осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген адамдарды қайта бөлу бастапқы бөлу сияқты тәртіппен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады