"Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салаларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 492 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салаларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 376 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 29 шілдедегі
№ 376 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 492 бұйрығына
қосымша

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салалардың тізбесі

№ р/с

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салалардың атауы

1.

Археология

2.

Астрономия

3.

Астрофизика

4.

Атом энергиясы

5.

Шығыстану

6.

Өнер

7.

Тарих

8.

Мәдениет

9.

Әдебиет

10.

Математика және механика

11.

Білім беру

12.

Саясаттану

13.

Дінтану

14.

Әлеуметтану

15.

Философия

16.

Этнология

17.

Тіл білімі

18.

Биоорганикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы

19.

Сейсмология


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады