БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 178 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері:
құжаттарды қабылдау: 2024 жылғы 29 сәуір мен 22 қараша аралығы;
конкурсты өткізу – 2024 жылғы 10 мамыр мен 6 желтоқсан аралығы болып бекітілсін.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нұрбек |