БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:
"59-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстарды), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды іріктеу қағидаларын әзірлеу;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
78), 79) және 80) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"78) меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының, білім беру ұйымдарының және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
79) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беретін жергілікті атқарушы басқару органдарына, орта білім беру ұйымдарына, арнаулы білім беру ұйымдарына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, девиантты мінез-құлқы бар және ерекше ұстау режимі бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына бара отырып, бала құқықтарын қорғау саласында профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін жасау;
80) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беретін жергілікті атқарушы басқару органдарына, орта білім беру ұйымдарына, арнаулы білім беру ұйымдарына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, девиантты мінез-құлқы бар және ерекше ұстау режимі бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына бармай, бала құқықтарын қорғау саласында профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін жасау;";
85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"85) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қолдану, оларды қарау және сот органдарына жолдау, сот отырыстарына қатысу;";
мынадай мазмұндағы 100-1), 100-2), 100-3) және 100-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"100-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің қызмет қағидаларын әзірлеу;
100-2) кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
100-3) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу;
100-4) басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде:
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды жүзеге асыру бойынша жұмысын үйлестіру;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
61) тармақшасын "61) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;" алып тастау.
2. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етcін.
3. Комитеттер осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген мерзімде қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ғ. Бейсембаев |