"Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 53 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 352 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 53 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында 2024 жылғы 1 наурыз бен 25 желтоқсан аралығында, 2024 жылғы 1 қарашадан бастап Орал қаласында іске қосылсын.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пилоттық жобаны өткізу алгоритміне 1-қосымшада:

      атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны Шымкент, Тараз, Түркістан және Орал қалаларында өткізу алгоритмі".

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаны Шымкент, Тараз, Түркістан және Орал қалаларында жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Пилоттық жобаны жүргізу кезінде іс-шаралардың реттілігін белгілейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Шымкент, Тараз, Түркістан және Орал қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ Оператор Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігін Пилоттық жобаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен (болған жағдайда) қоса жүргізу нәтижелері туралы оны хабардар етеді".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев

  Көрсетілетін білім беру
қызметін алушылар бойынша
дербестендірілген
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
жөніндегі пилоттық жобаны
Шымкент, Тараз, Түркістан
және Орал қалаларында жүргізу
алгоритміне қосымша

Тараз қаласында білім беру қызметтерін жаңадандан алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу тәртібі

      1. Білім беру қызметтерін жаңадандан алушыларға дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесінде мынадай жүйелі іс-қимылды қабылдау арқылы жүзеге асырылады:

      1) мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қоюға берілген өтініштерді 1-кестеде айқындалған басымдық санаттары бойынша бөлу. Бұл ретте, өтініштерді бөлу кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың нақты тұрғылықты жері ескеріледі;

      2) мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қоюға берілген әрбір өтінімге кезек нөмірін беру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін алу үшін кезекке қоюға өтініш берілген күнін негізге ала отырып, әрбір басым санат бойынша жеке кезек нөмірі беріледі;

      3) жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне кезек нөмірін көрсете отырып, кезекке тұру туралы хабарламаны жолдау;

      4) білім беру қызметін алушыларды дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының нақты көлемін төмендегі формуламен айқындау:

      Vf = Vp егер Vp ≤ Sr

      Vf = Sr егер Vp > Sr

      мұндағы

      Vf - білім беру қызметтерін жаңадан алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының нақты көлемі;

      Vp – білім беру қызметтерін жаңадан алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының болжамды көлемі;

      Sr – әрбір басым санаты бойынша тіркелген өтініштердің саны;

      Vp = Vg / ∑k

      мұндағы

      Vg – білім беру қызметтерін жаңадан алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлеміндегі әрбір басым санаттың үлесі;

      k – 1-кестеде белгіленген әрбір басымдық тобының коэффициенті;

      Vg = Vt * k

      мұндағы

      Vt – білім беру қызметтерін жаңадан алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі.

      5) ∑ Vf < Vt болған жағдайда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген іс-қимыл алгоритмі қайталануы қажет;

      6) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген іс-қимыл алгоритмі мынадай теңдікке қол жеткізгенге дейін қайталануы қажет ∑ Vf = Vt ;

      7) білім беру қызметтерін жаңадан алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының нақты көлемін бөлу № 1 басым санаттан бастап №16 басымдық санатына дейін мынадай формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      Dvf(n) = kn егер Dvf(n-1) = k(n-1)

      мұндағы

      D – білім беру қызметтерін жаңадан алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының саны;

      n – санат нөмірі.

      Егер Dvf(n) = Vf(n) болса, итерация мынадай басымдық санатынан басталады.

      8) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген іс-қимыл алгоритмі әрбір басымдық санаты үшін Vf коэффициенті нөлге тең болғанға дейін кезең-кезеңімен қайталанады.

      2. Әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде қызмет атқару кезiнде қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметкерлердің балаларына Мемлекеттік тапсырысты бөлу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесінде жасы мен әлеуметтік жағдайын ескере отырып, өтініштерді бір санаттан екінші санатқа ауыстыру арқылы кезек өзектендіріледі. Бұл ретте өтінішті ауыстыру өтінішті берген бастапқы күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.

      4. Кезек баланың ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы нақты жасына 6 (алты) айды қосу арқылы өзектендіріледі.

      1-кесте. Басым санаттар

Санат нөмірі

Басым санаттар

Топтық коэффициент

1

кезекке қою күніне сәйкес көпбалалы отбасылар, 3 жастан және одан жоғары жастағы балалар

4

2

кезекке қою күніне сәйкес 5 жастағы және басқа ХӘОТ санатындағы балалар

3

3

толық емес отбасылар, 4 жастан асқан және одан жоғары жастағы балалар, кезекке қойылған күні бойынша басқа ХӘОТ санатындағы балалар

3

4

кезекке қою күніне сәйкес 4 жастан асқан және одан жоғары жастағы балалар, басқа ХӘОТ санатындағы балалар

2

5

кезекке қойылған күніне сәйкес кезекте тұрған 5 жасқа келген балалар

2

6

көп балалы отбасылар, кезекке қою күніне сәйкес 2 жастағы балалар

2

7

ХӘОТ санатындағы кезекке қою күніне сәйкес 3 жастан және одан жоғары жастағы балалар

2

8

кезекке қою күніне сәйкес кезекте тұрған 4 жасқа толған балалар

2

9

ХӘОТ санатындағы кезекке қою күніне сәйкес 2 жастағы балалар

2

10

МДТО-ға орналастырылған бір туған бауырлар, 3 жастағы балалар

2

11

кезекке қою күніне сәйкес 2 жастағы және ХӘОТ санатындағы балалар

2

12

кезекке қою күніне сәйкес МДТО-ға орналастырылған бір туған бауырлар, 2 жастағы балалар

2

13

кезекке қою күніне сәйкес көп балалы отбасылар 1 жастағы балалар

2

14

кезекке қою күніне сәйкес кезекте тұрған 2 жастағы балалар,

2

15

кезекте тұрған жасы 1 жасқа толған және ХӘОТ санатына енгізілген балалар

2

16

кезекте тұрған 1 жасқа толған және одан төмен жастағы балалар

1

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 53 бұйрығына
1-қосымша

Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны Шымкент, Тараз, Түркістан және Орал қалаларында өткізу алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны Шымкент, Тараз, Түркістан және Орал қалаларында жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Пилоттық жобаны жүргізу кезінде іс-шаралардың реттілігін белгілейді.

      2. Пилоттық жобаның мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру процесінің ашықтығын білім беру қызметтерін алушыларға банк шоттарын аша отырып, дербестендіру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Пилоттық жобаның қатысушылары:

      1) білім беруді басқару органы (бұдан әрі – Білім басқармасы);

      2) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын оператор (бұдан әрі – Оператор);

      3) қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);

      4) Пилоттық жоба шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің тізбесіне Білім басқармасы енгізген мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – Мектепке дейінгі ұйымдар тізімі);

      5) Пилоттық жоба шеңберінде Білім басқармасы қалыптастыратын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын контингентке кіретін балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі – Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер).

      4. Мектепке дейінгі ұйымдар Пилоттық жобаға Білім басқармасының органы қалыптастыратын Мектепке дейінгі ұйымдар тізіміне енгізілгеннен кейін қатысады.

      Мектепке дейінгі ұйымдар тізімін қалыптастыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Пилоттық жоба шеңберінде білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін (бұдан әрі – Мемлекеттік тапсырыс) Білім басқармасы Мемлекеттік тапсырыс алушы балалардың тізімін қалыптастырады.

      Тараз қаласын қоспағанда қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тапсырысты жаңа ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер бойынша бөлу осы Алгоритмге қосымшаға сәйкес тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Мектепке дейінгі ұйымды пилоттық жоба шеңберінде және мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты шегінде мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне кіретін мектепке дейінгі ұйымдардың ішінен Ата-анасы және (немесе) заңды өкілі айқындайды.

      Мектепке дейінгі ұйымды айқындау нәтижесі "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына сәйкес Мектепке дейінгі ұйым мен Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер арасында жасалатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету келісімшарты болып табылады.

      Бір елді мекенде Мектепке дейінгі ұйымды ауыстырған жағдайда Мемлекеттік тапсырыс Ата-анада және (немесе) заңды өкілдерде сақталады.

2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылардың әрекеттері

      7. Пилоттық жоба шеңберінде Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мынадай жүйелі іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады:

      1) Білім басқармасы Мемлекеттік тапсырыс көлемін одан әрі орналастыру үшін қалыптастырады;

      2) Оператор Білім басқармасы және ЕДБ ұйымдарына қосылу шартын қол қою үшін қағаз түрінде жолдайды.

      Қосылу шарты Пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын тараптардың өзара іс-қимылының талаптары көзделеді, оның нысанын Оператор бекітеді.

      Тараптар қол қойған Қосылу шарты Оператордың ресми сайтында орналастырылады. Қосылу шартына Ата-аналарды және (немесе) заңды өкілдерді және Мектепке дейінгі ұйымдарды қосу үшін Оператор ЕДБ-ге қол қойылған шарт орналасқан өзінің ресми сайтының сілтемесін жолдайды. Бұл ретте соңғы тарап ақпараттық жүйеде және (немесе) мобильді қосымшада орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Қосылу шартына тараптар үшін жаңа міндеттемелерге әкеп соқпайтын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қайта қол қоюды талап етпейді;

      3) Білім басқармасы осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес жасалған қосылу шартында белгіленген мерзімдерде Мемлекеттік тапсырысты алатын балалардың қалыптастырылған тізбесі мен тізімін Операторға жолдауы қажет.

      4) Оператор Білім басқармасынан мемлекеттік тапсырысты алатын балалардың қалыптастырылған тізбесін және тізімін алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оларда қамтылған деректердің жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінің, оның ішінде Ұлттық білім беру деректер базасының (бұдан әрі – ҰБДБ) деректерімен сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

      Тізімде көрсетілген Мектепке дейінгі ұйымдардың деректері және (немесе) Мемлекеттік тапсырысты алатын балалардың деректері бойынша сәйкессіздік болған жағдайда, мұндай деректер Оператордың тәуекелдерді басқару жүйесінде тексеріледі. Оператордың тәуекелдерді басқару жүйесінде оларды тексеру нәтижелері бойынша деректердің дұрыстығы Оператормен расталған жағдайда, соңғы тарап тізбеде көрсетілген Мемлекеттік тапсырысты алатын балалардың деректерін және (немесе) тізімде көрсетілген Мектепке дейінгі ұйымдардың деректерін Оператордың хаттамасын жасау арқылы толықтырады.

      Басқа жағдайларда Оператор деректері мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде ҰБДҚ деректеріне сәйкес келмейтін балаларды және (немесе) мектепке дейінгі ұйымдарды Пилоттық жобадан шығару қажеттілігі туралы Білім басқармасына хабарлайды;

      5) Оператор Мемлекеттік тапсырыс алатын балалардың тізімін банк шоттарын ашу үшін ЕДБ-ға жолдайды.

      Оператордың ЕДБ-ға балалар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) туралы мәліметтерді жіберуі Оператордың және ЕДБ-нің "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын растайды;

      6) ЕДБ Оператор ұсынған Мемлекеттік тапсырысты алатын балалардың тізімі негізінде Ата-аналарды және (немесе) заңды өкілдерді банктік шот ашу қажеттілігі туралы хабарлайды және ЕДБ мобильді қосымшасында тіркелу үшін нұсқаулық жолдайды. Шот әр бала үшін жеке ашылады.

      Банктік шоттарды ашу осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қосылу туралы шартына қосылған ЕДБ-де жүзеге асырылады, оның аясында ЕДБ-мен балалар банктік шотына аударылатын және кейіннен Мемлекеттік тапсырыс аясында тиісті балаларға көрсетілген қызметтері үшін тізімге енгізілген Мектепке дейінгі ұйымдарға қолма-қол ақшасыз аударылатын бюджет қаражатының нысаналы мақсатына сәйкестігіне кепілдік беріледі.

      7) Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер ЕДБ-ден хабарлама алғаннан кейін ЕДБ мобильді қосымшасында тіркеледі және ЕДБ бекіткен нысан бойынша банктік шот шартына қол қояды;

      8) Мектепке дейінгі ұйымдар тізімін негізге ала отырып, ЕДБ Мектепке дейінгі ұйымдарға ақпараттық жүйесінде және (немесе) ЕДБ мобильді қосымшасында тіркелу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды.

      ЕДБ ақпараттық жүйесінде және (немесе) мобильді қосымшасында бұрын тіркелген мектепке дейінгі ұйымдарға ЕДБ ақпараттық жүйесінде және (немесе) мобильді қосымшасында тіркелу қажеттілігі жоқ;

      9) ЕДБ әр айдың 5-ші (бесінші) күніне дейін Оператор бекіткен нысан бойынша банктік шоты ашылған балалардың тізімін Операторға жолдайды.

      Ата-аналар немесе заңды өкілдер тарапынан ЕДБ мобильді қосымшасында тіркелмеген жағдайда, соңғы тарап Операторға ЕДБ мобильді қосымшасында тіркелмеген балалардың, Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің тізімін жолдайды.

      Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің осы санаты үшін қатысу парағының деректері негізінде тікелей Мектепке дейінгі ұйымға Мемлекеттік тапсырысты орналастырылады. Бұл ретте банк шоттарын ашпаған және ЕДБ мобильді қосымшасында тіркелмеген ата-аналар немесе заңды өкілдер Оператордың тәуекелдерді басқару жүйесінде тексеруден өтеді;

      10) Ата-аналар немесе заңды өкілдер Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер мен Мектепке дейінгі ұйым арасында қолданыстағы білім беру қызметтері туралы келісім болған жағдайларды қоспағанда, ЕДБ ақпараттық жүйесі және (немесе) мобильді қосымшасы арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі білім беру қызметтерін көрсету туралы электрондық шартқа (бұдан әрі – Білім беру шарты) қол қоятын лайықты мектепке дейінгі ұйымдарды таңдайды.

      Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер және Мектепке дейінгі ұйымдар Білім беру шартына қол қою арқылы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қосылу туралы шартына қосылуға келісімін білдіреді.

      Қолданыстағы Білім беру шарттары ЕДБ-ге жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді беру арқылы беріледі.

      Осы мақсаттарда Оператор ұсынған Мектепке дейінгі ұйымдар тізімі ЕДБ мобильді қосымшасында және (немесе) ақпараттық жүйесінде жарияланады;

      11) Оператор 2 (екі) жұмыс күні ішінде банктік шоты ашылған балалардың тізімін ЕДБ-ға ұсынғаннан кейін Білім басқармасына Мемлекеттік тапсырысты алатын балалардың тізімінде көрсетілген әрбір бала бойынша Мемлекеттік тапсырыс көлемінің есебін қоса бере отырып, Мемлекеттік тапсырыс қаражатын аудару бойынша өтінімді жолдайды. Сонымен қатар, өтінімде ЕДБ мобильді қосымшасында Ата-аналардың және (немесе) заңды өкілдердің тіркелмеуіне байланысты банктік шоттары ашылмаған балалар туралы мәліметтер бөлек көрсетіледі;

      12) Білім басқармасы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Операторға қаражат аударады, кейін Мемлекеттік тапсырыс мөлшерінің есебіне сәйкес қаражат балалардың ЕДБ-дағы банктік шоттарына аударылады;

      13) мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағын күнделікті ЕДБ ақпараттық жүйесінде және (немесе) мобильді қосымшасында толтырады;

      14) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағын Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер есепті айдың соңғы күнінен кешіктірмей растауы қажет. Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағын көрсетілген мерзімде растамаған жағдайда, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағын Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер автоматты түрде растады деп саналады.

      Ата-аналарға және (немесе) заңды өкілдерге және Мектепке дейінгі ұйымға осы тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген мерзімде қатысу парағын растау бойынша дербес жауапкершілік жүктеледі.

      ЕДБ Операторға мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағын растамаған Ата-аналардың және (немесе) заңды өкілдердің тізімін ұсынады.

      Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер 2 (екі) ай мерзімінде мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағын үздіксіз растамаған жағдайда Мемлекеттік тапсырыстың күші жойылады және одан әрі ЕДБ шотына ақша аудару тоқтатылады;

      15) Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер Мектепке дейінгі ұйым толтырған мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағындағы деректермен келіспеген жағдайда, Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер ЕДБ ақпараттық жүйесін және (немесе) мобильді қосымшасында растайтын құжаттарды тіркей отыра (болған жағдайда) келіспеушілік себебін толтырады.

      16) мектепке дейінгі ұйым Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағындағы деректермен келіспеу себебін қарайды және шешім қабылдайды:

      түзетулермен келіскен жағдайда Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер ЕДБ ақпараттық жүйесіне және (немесе) мобильді қосымшасына өзгерістер енгізілгеннен кейін 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағына өзгерістер енгізу арқылы растау туралы;

      ЕДБ ақпараттық жүйесінде және (немесе) мобильді қосымшасында келіспеушілік себептерін көрсетумен келіспейтіндігі көрсетіледі. Бұл жағдайда мектепке дейінгі ұйымға ақы төлеу мектепке дейінгі ұйымның толтырылған ақпараты бойынша жүргізіледі және осы санаттағы балалардың банктік шоттары туралы мәліметтерді ЕДБ Операторға тәуекелдерді басқару жүйесінде тексеру үшін жолдайды. Бұл ретте мектепке дейінгі ұйымның шотына ЕДБ аударған ақшаның нысаналы мақсаты орындалды деп есептеледі.

      Ата-аналармен және (немесе) заңды өкілдермен және мектепке дейінгі ұйымдармен қатысу парағын келісу барысында келіспеушілік болған жағдайда, ЕДБ олардың қарсылықтары мен талаптарын қарастырмайды;

      17) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парақтарын ЕДБ есепті ай аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ҰБДҚ-ға беруге тиіс;

      18) Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер қатысу парағын растағаннан кейін ЕДБ балалардың банктік шоттарынан Мектепке дейінгі ұйымдардың шоттарына келісілген есеп парағына сәйкес есептелген көлемде ақша аударады және Ата-аналарға және (немесе) заңды өкілдерге төлем туралы хабарлама жолдайды.

      Ата-аналар және (немесе) заңды өкілдер мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің қатысу парағын растай отырып, ЕДБ баланың шотынан Мектепке дейінгі ұйымның шотына деректемелер бойынша ақша аударуға нұсқау береді.

      Бір баланың атына ашылған банк шотынан басқа балаға білім беру қызметтерін төлеу үшін Мектепке дейінгі ұйымның шотына бюджет қаражатын аударуға жол берілмейді.

      Пилоттық жоба шеңберінде ашылған балалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақша алуға рұқсат етілмейді.

      Қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банк шоттарында пайдаланылмаған бюджет қаражаты 5 (бес) жұмыс күні ішінде Операторға тікелей қайтарылуға жатады.

      8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі білім беру қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) бала мектепке дейінгі ұйымға үздіксіз барған жағдайда Мемлекеттік тапсырыс және ата-ана төлемақысы толық көлемде төленеді;

      2) бала ауруына, емделуіне, медициналық және өзге де ұйымдарда оңалуына байланысты болмаған жағдайда (анықтама болған жағдайда) Мемлекеттік тапсырыс және ата-ана төлемақысы толық көлемде төленеді;

      3) айына 3 (үш) күннен аз уақыт дәлелді себептерсіз бала болмаған жағдайда Мемлекеттік тапсырыс және ата-ана төлемақысы толық көлемде төленеді;

      4) бала айына 3 (үш) күннен астам дәлелді себепсіз болмаған жағдайда – 3 (үш) күннен асатын күн үшін ата-ана төлемақысы төленеді. Мемлекеттік тапсырыс осы тармақтың 3) тармақшасымен рұқсат етілген келмеген күндер үшін төленеді;

      5) ата-ананың біреуінің және (немесе) заңды өкілдерінің жылына 60 (алпыс) күннен аспайтын демалысы кезінде бала болмаған жағдайда (ата-аналардың бірінің немесе заңды өкілдердің жазбаша өтінімі бойынша) - Мемлекеттік тапсырыс толық көлемде төленеді, ата-ана төлемақысы төленбейді.

      9. Есепті айда Мемлекеттік тапсырыс артық төленген және (немесе) толық қаржыландырылмаған жағдайда, келесі айда қайта есептеуге жол беріледі.

      10. ЕДБ-мен банктік шот шарты бұзылған жағдайда, Мемлекеттік тапсырыстың күші жойылады. Ата-анамен және (немесе) заңды өкілмен банктік шот шарты бұзылған кезде баланың шотында ақша қалдығы болған жағдайда ақша 5 (бес) жұмыс күні ішінде Оператор ұсынған реквизиттерге баланың шотын акцептсіз дебеттеу арқылы қайтарылуы тиіс.

      11. Тәрбиеленушілерді бір мектепке дейінгі ұйымнан екіншісіне ауыстыру әрбір айдың 1 (бірінші) күні жүзеге асырылады.

      12. Егер бала басқа елді мекенге көшсе, Мемлекеттік тапсырыстың күші жойылады.

      13. Бала қайтыс болған жағдайда Мемлекеттік тапсырыстың күші жойылады.

      14. Пилоттық жоба шеңберінде орналастырылған Мемлекеттік тапсырыс арқылы көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына және (немесе) көлеміне мониторинг жүргізуді Пилоттық жобаға қатысушылар жүзеге асырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Шымкент, Тараз, Түркістан және Орал қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ Оператор Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігін Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен (болған жағдайда) хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 53 бұйрығына
2-қосымша

Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның жоспар-кестесі

Р/с №

Жұмыстардың атауы

Орындау уақыты

Аяқтау формасы

Орындаушылар

1

"Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығын әзірлеу және бекіту.

2024 жылғы 24 ақпан

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы

МДББД, МҚЦжАД, "Қаржы орталығы" АҚ

2

Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

2024 жылғы 29 ақпанға дейін

Көшпелі іс-шаралар

МДББД, МҚЦжАД, "Қаржы орталығы" АҚ, Екінші деңгейлі банк

3

Білім басқармасы мен "Қаржы орталығы" АҚ арасында көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысына қаражат аудару бойынша қызмет көрсету шартын әзірлеу және жасау.

2024 жылғы 29 ақпан

Шарт

"Қаржы орталығы" АҚ
Білім басқармасы

4

Пилоттық жобаға қатысушылар үшін қосылу туралы шарт нысанын әзірлеу және бекіту

2024 жылғы 15 наурыз

Қосылу туралы шарт

МДББД, МҚЦжАД "Қаржы орталығы" АҚ

5

Пилоттық жобаның нәтижелері туралы есеп

2025 жылғы 5 қаңтарға дейін

 
Пилоттық жобаның нәтижелері туралы талдамалық есеп

 
"Қаржы орталығы" АҚ

      Ескерту: аббревиатуралардың транскрипциясы:

      МДББД - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті

      МҚЦжАД - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады