"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
1) Талдықорған қаласының онтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ №9 шағынауданына – "Құлагер" шағынауданы;
2) Талдықорған қаласының онтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ №10 шағынауданына – "Әл-Фараби" шағынауданы;
3) Талдықорған қаласының онтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ даңғылына – "Жолбарыс би" даңғылы.
2. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысы әкімінің м.а. | Ә. Жақанбаев |
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы | Г. Тойлыбаева |