Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 46 бірлескен қаулысы және Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-87 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 27 тамыздағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:

      1.1. "Шайқорған" тұрғын үй алабы бойынша:

      1) № 17 көшесіне – "Ақберген" көшесі;

      2) № 18 көшесіне – "Қарасу" көшесі;

      3) № 19 көшесіне – "Атамұра" көшесі;

      4) № 20 көшесіне – "Арман" көшесі;

      5) № 22 көшесіне – "Ақтөр" көшесі;

      6) № 23 көшесіне – "Дидар" көшесі;

      7) № 24 көшесіне – "Бұлбұл" көшесі.

      1.2. "Балауса" тұрғын үй алабы бойынша:

      1) № 1 көшесіне – "Жартас" көшесі;

      2) № 2 көшесіне – "Жайық" көшесі;

      3) № 3 көшесіне – "Созақ" көшесі;

      4) № 6 көшесіне – "Арал" көшесі;

      5) № 7 көшесіне – "Сауран" көшесі;

      6) № 14 көшесіне – "Несібелі" көшесі;

      7) № 15 көшесіне – "Жанкент" көшесі.

      2. Талдықорған қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) Ворошилов көшесі – "Нұрғиса Тілендиев" көшесіне;

      2) Невский көшесі – "Абдұлхақ Абдұлхалықов" көшесіне.

      3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысы әкімінің м.а. Ә. Жақанбаев
      Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады