Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16, 69, 70-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған орман шаруашылығы шегіндегі Ескелді және Кербұлақ аудандарының аумағынан маусымдық жайылымдарға ауыл тауар өндірушілерінің малдарын айдау үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 3 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Исабаев |