Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 622 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 4 шілдесіндегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылдық округінің аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф барлық маршруттар үшін 150 (жүз елу) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тулақбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады