Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 05.07.2024 № 205 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының сәйкес Кербұлақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасы негізінде Кербұлақ ауданы бойынша 2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған есептеу тарифтері 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | Ж.Жүнісбеков |
Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы______________ №______ Қаулысына 1 - қосымша |
2024-2026 жылдарға халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған есептеу тарифтері
№ | Атаулары | Есептік бірлік |
Баға, теңгемен |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері | ||
1.1 | Абаттандырылған (Көппәтерлі тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 242,84 |
1.2 | Абаттандырылмаған (Жеке тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 245,22 |
1.3 | Заңды тұлғалар | 1 м3 | 2856,97 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтері | ||
2.1 | Абаттандырылған (Көппәтерлі тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 222,78 |
2.2 | Абаттандырылмаған (Жеке тұрғын үй) | 1 тұрғын - 1 м3 | 224,96 |
2.3 | Заңды тұлғалар | 1 м3 | 2620,95 |