"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 120 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі:

      мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесімен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі"

      Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың Ережесінде:

      21) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлiгi Теміржол және су көлігі комитетiнің Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – ПТӘ) теңіз порттарының акваториясында теңіз кемелерін пайдалану саласындағы бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік министрлiгi Теміржол және су көлігі комитетiнің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ПТӘ толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Көлік министрлiгi Теміржол және су көлігі комитетiнің "Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде – республиканское государственное учреждение "Морская администрация портов Республики Казахстан" Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан".".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Қарабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады