Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу және ғимараттарды, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 21/НҚ бұйрығы

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 185) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу және ғимараттарды, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін тіркелген бұйрықты алған күннен бастап Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 21/НҚ бұйрығына
қосымша

Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу және ғимараттарды, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалары

      1. Ғимараттарды, құрылыстарды және олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру (бұдан әрі - МТЗ)

      №1 кесте

Тауарлардың атауы
(жұмыстар, қызметтер)

Өлшем бірлігі

Бағасы (ҚҚС-сыз, теңгемен)

1. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру

1. Жылжымайтын мүлік объектілерінің барлық санаттарына МТТ жүргізуге өтініштер қабылдау

1)

жылжымайтын мүлік объектілерінің барлық санаттарына МТТ жүргізуге өтініштер қабылдау

 
1 өтініш

811,21

2)

мұрағаттық құжаттарды іздеу және алу

1 өтініш

1 075,79

3)

ұсынылған құжаттарды құқықтық талдау және шығу үшін дайындық жұмыстары

1 өтініш

959,49

4)

көрсетілетін қызмет алушыға құжаттарды беру беру

1 паспорт

552,44

2. Жылжымайтын мүлік объектілерінің барлық санаттарының (жекеменшік үйлер, саяжайлар, жеке гараждар, көппәтерлі тұрғын үйлер, көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер, тұрғын емес мақсаттағы объектілер және өзге де құрылыстар және олардың құрамдастары) жер учаскелерін МТТ

1. Ауданы 1000 ш.м. дейінгі құрылыс салынған жер учаскесін МТТ

1)

қарапайым конфигурация

1 учаске

1 221,17

2)

орташа конфигурация

1 учаске

2 907,55

3)

күрделі конфигурация

1 учаске

4 623,01

2. Ауданы 1000 ш.м. астам құрылыс салынған жер учаскесін МТТ

1)

қарапайым конфигурация

100 ш. м

136,16

2)

орташа конфигурация

100 ш. м

296,57

3)

күрделі конфигурация

100 ш. м

473,93

3. Негізгі құрылысты МТТ

1)

бірінші санатты күрделілік

1 ш. м

55,24

2)

екінші санатты күрделілік

1 ш. м

69,78

3)

үшінші санатты күрделілік

1 ш. м

93,04

4.

Қызметтік құрылыстарды МТТ

1 ш.м

14,54

5.

Көркейту жұмыстарын (тас төсеу, балалар, кір ілетін, спорт алаңдары, көгалдар, пандустар, қорғаныш және басқа да элементтер) МТТ

1 ш.м

5,82

6.

Құрылыстарды (сыйымдылықтар, отын құю колонкалары, резервуарлар, газгольдерлер, эстакадалар, құдықтар, қоқыс төгетін шұңқырлар және баска да конструкциялар) МТТ

1 объект

497,19

7.

МТТ техникалық паспортын дайындау

1 паспорт

3 744,93

3. Автожолдарды немесе өту жолдарын МТТ

1. Жабыны бар автожолдар немесе өту жолдарын МТТ

1)

бірінші санатты күрделілік

1 км

35 992,61

2)

екінші санатты күрделілік

1 км

60 858,01

3)

үшінші санатты күрделілік

1 км

91 506,53

2. Топырақты автожолдар немесе өту жолдарын МТТ

1)

бірінші санатты күрделілік

1 км

28 313,76

2)

екінші санатты күрделілік

1 км

48 678,27

3)

үшінші санатты күрделілік

1 км

65 047,79

3.

Автожолдар немесе өту жолдарын кейіннен МТТ кезінде техникалық паспорт дайындау

1 паспорт

4 387,50

4. Жағалауларды МТТ

1. Жағалауларды МТТ

1)

түсетін жері жоқ

100 м

3 401,84

2)

түсетін жері біреу

100 м

4 332,26

3)

түсетін жері екеу

100 м

5 291,75

4)

түсетін жері үшеу және одан да көп

100 м

6 222,17

2.

Жағалауды МТТ кезінде техникалық паспорт дайындау

1 паспорт

5 524,35





5. Көпірлерді, жол өтпелерін және байланыс бағандарын МТТ

1.30 м. дейінгі көпірді, жол өтпелерін және байланыс бағандарын МТТ

1)

Біраралық

объект

18 840,95

2)

Көпаралық

объект

23 551,19

2.

30 м. астам көпірді, жол өтпелерін және байланыс бағандарын МТТ

10 м

7 065,36

3.

Көпірлерге, жол өтпелеріне және байланыс бағандарына бастапқы МТТ кезінде техникалық паспортты толтыру

1 паспорт

7 268,88

6. Жолдардың астындағы құбыржолдарды МТТ

1. Жолдардың астындағы құбыржолдарды МТТ

1)

бір құбырлы төсегенде

100 м

6 416,97

2)

екі құбырлы төсегенде

100 м

10 653,28

2.

Жолдардың астындағы құбыржолдарға МТТ техникалық паспортты дайындау

1 паспорт

2 538,29

7. Жасыл желектерді МТТ

1. Жасыл желектерді МТТ

1)

тік аллеялар мен біртекті тұқымдар құрамымен - көшедегі көшеттер, желекжолдар және басқа да көшеттер (бірінші санат)

100 дана

4 625,92

2)

объектінің жекелеген бөліктерінде орналасқан ішінара қанықтырылған аллея көшеттері - аллеялар, гүлзарлар, үй жанындағы екпелер, бау-бақшалар, саябақтар және басқа да жас көшеттер (екінші санат)

100 дана

5 937,22

3)

құрамында бес түрлі тұқым немесе үш түрден астам жас құрамы бойынша біркелкі тұқымы бар ішінара қанықтырылған аллея көшеттер (үшінші санат)

100 дана

7 420,08

4)

сол объектілер тірі бұтақ шарбақтармен немесе бұталармен

100 кума метр

3 282,63

5)

сол объектілер бұталармен немесе жас құрамы бойынша біркелкі бір тұқымды көпжылдық гүлдермен

100 кума метр

3 817,62

6)

сол объектілер бұталармен немесе жас құрамы бойынша әртүрлі тұқымды көпжылдық гүлдермен

100 кума метр

4 425,30

7)

бау-бақша сәулетінің жабдықтары мен шағын нысандарын (орындықтар, мүсіндер, гүл құмыралары, қоқыс жәшіктері, құтылар, шамдалдар және басқа да сәулет элементтері) есепке алу

100 дана

3 218,66

2.

МТТ кезінде техникалық паспортты дайындау

1 паспорт

4 338,07

8. Электр желілерін МТТ

1)

әуе электр желісі

1 км

36 137,99

2)

кәбіл электр желісі

1 км

40 519,67

2.

Электр желілеріне МТТ кезінде техникалық паспортты толтыру

1 паспорт

5 184,17

9. Қалалық электркөлік желілерін МТТ

1. Қалалық электркөлік желілерін МТТ

1)

түйіспелі торап

1 км

67 382,56

2)

трамвай жолы

1 торап

80 859,07

2.

Түйіспелі тораптың радиустарын және қисық түйіндердің ұзындығын айқындау

1 торап

32 462,84

3.

Электркөлік желілерін МТТ кезінде техникалық паспортты дайындау

1 паспорт

5 562,15

10. Су құбыры, жылу, газ, кәріз (жауындық, жалпы ағындықты қоса алғанда) жүйелері мен байланыс желілерін МТТ

1.

Су құбыры, жылу, газ, кәріз (жауындық, жалпы ағындықты қоса алғанда) жүйелері мен байланыс желілерін МТТ

1 км

31 055,58

2.

Құдық (МТТ кезінде)

1 дана

8 001,59

3.

Енгізу (МТТ кезінде)

1 дана

1 631,14

4.

Су құбыры, жылу, газ, кәріз (жауындық, жалпы ағындықты қоса алғанда) желілері мен байланыс жүйелерін МТТ кезінде техникалық паспортты дайындау

1 паспорт

3 640,26

11. Теміржолдарды және метроны МТТ

1)

тік желілі учаске

1 км

10 266,57

2)

қисық желілі учаске

1 км

11 886,08

2.

Тоннель

1 км

5 980,84

3.

Темір жол тақауы

1 дана

4 945,75

4.

Темір жол ылдиы

1 дана

5 128,92

5.

Көркейту (жарықтандыру, платформалар, кіреберіс автомобиль жолдары, қоршау және басқа да конструкциялар)

объект

4 849,80

6.

Темір жол нұсқары

1 дана

2 227,19

7.

Теміржолдарды және метроны МТТ кезінде техникалық паспортты дайындау

1 паспорт

3 535,59

12. Плотиналарды, бөгеттерді, су тораптарын МТТ

1.

Плотиналарды, бөгеттерді, су тораптарын МТТ



1)

ұзындығы 30 м дейін

1 объект

17 648,85

2)

ұзындығы 30 м астам

10 м

5 873,26

2.

Плотиналарды, бөгеттерді МТТ кезінде техникалық паспортты дайындау

1 паспорт

2 529,57

13. Тоғандарды, су айдындарын, су қоймаларын, жасанды аралдарды МТТ

1.

Тоғандарды, су айдындарын, су қоймаларын, жасанды аралдарды МТТ



1)

ауданы 1000 ш. м дейін.

1 учаске

5 291,75

2)

ауданы 1000 ш. м асады

100 ш.м

561,16

2.

Тоғандарды, су айдындарын, су қоймаларын, жасанды аралдарды МТТ кезінде техникалық паспортты дайындау

1 паспорт

3 721,67

14. Ирригациялық және дренаждық арналарды МТТ

1.

Ирригациялық және дренаждық арналарды МТТ

1 км

31 052,67

2.

Ирригациялық және дренаждық арналардың техникалық паспортын дайындау

1 паспорт

3 634,44

15. Сәулет ескерткіштерін МТТ

1.

Сәулет ескерткіштерін МТТ

1 объект

494,28

2.

Сәулет ескерткіштерін МТТ техникалық паспортын дайындау

1 паспорт

3 430,91

16. Жер учаскесіндегі ғимараттар мен құрылыстардың толық бұзылуын анықтау

1.

Ғимараттар мен құрылыстардың толық бұзылуын анықтау

1 учаске

3 550,12

2.

Ғимараттар мен құрылыстардың толық бұзылуын ресімдеу

1 құжат

1 334,57

17. Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру

1.

"Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры" АЖ-да құжаттарды (өтініш, қызметке ақы төлеу туралы түбіртек) қабылдау және жылжымайтын мүлік объектісін іздеу

1 өтініш

552,44

2.

Мұрағат қорынан жылжымайтын мүлік объектісінің түгендеу ісін іздеу және алу

1 өтініш

1 075,79

3.

Түгендеу ісін құқықтық талдау және техникалық паспорттың телнұсқасын ресімдеу

1 телнұсқа


1)

ауданы 1000 ш. м дейін.

1 телнұсқа

1 599,15

2)

ауданы 10000 ш. м дейін.

1 телнұсқа

3 925,20

3)

ауданы 10000 ш. м асады.

1 телнұсқа

6 425,69

4.

Техникалық паспорттың телнұсқасын беру

1 телнұсқа

348,91

18. Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу

1.

Тізілім бойынша курьерден құжаттарды қабылдау, құжаттар топтамасының толықтығын тексеру

объект

465,21

2.

Орындаушыға беру үшін құжаттарды сұрыптау

объект

232,60

3.

Тізілім бойынша құжаттарды қабылдау және тіркеу, оларды журнал бойынша орындаушыға беру

өтініш

639,66

4.

Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу

объект

3 140,16

5.

Жеке тұрғын үйдің (шаруашылық құрылыстарымен) сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу

объект

3 111,08

5.1

Қайталама объектілері бар көппәтерлі тұрғын үйдің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің құқықтық кадастры ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу:

қызмет

3 111,08

5.1.1

1 бөлмелі пәтер

объект

357,63

5.1.2.

2 бөлмелі пәтер

объект

369,26

5.1.3.

3 бөлмелі пәтер

объект

386,70

5.1.4.

4 бөлмелі пәтер

объект

392,52

5.1.5.

5 бөлмелі пәтер

объект

395,43

5.1.6.

пентхаус

объект

529,17

5.1.7.

тұрғын емес үй-жай

объект

453,58

5.1.8.

тұрақ орны

объект

340,18

6.

Жеке гараждың, электр берудің, теміржол жолдары мен платформалардың, жылу трассаларының, көпірлердің, тоннельдердің, жол өтпелерінің, қалалық электр көлігінің, автожолдардың, жағалаулардың, жасыл екпелердің, су құбырларының, коллекторлардың, газ құбырларының, мұнай құбырларының, байланыс желілерінің, жер учаскелерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің құқықтық кадастры ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу

объект

1 773,61

7.

Ақпараттық жүйеге енгізілген деректерді тексеру

объект

581,51

8.

Ақпараттық жүйеге енгізу туралы мөртабан қою

объект

174,45

9.

Дайын құжатты тігу және мұрағатқа беру (өтініш бланкісі, "БМЖМК базасына енгізілді" мөртабанымен пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі, қызметке ақы төлеу туралы түбіртек, құжатты қабылдау және беру туралы қолхат)

 
түгендеу іс

930,42

10.

Дайын құжатты қабылдау, жаңа түгендеу істерін тіркеу журналына енгізу (жаңа түгендеу ісін беру), түгендеу істерін журналға рет-ретімен енгізу, түгендеу істерін базасына енгізу, құжатты объектінің мекенжайы бойынша мұрағат қоймасына орналастыру

 
түгендеу іс

232,60

11.

Құжаттарды сұрыптау және фронт-офиске беру үшін дайын құжаттардың тізілімін қалыптастыру

1 құжат

261,68

12.

Тізілім бойынша дайын құжаттарды курьерге беру

1 объект

1 075,79

      2. Түзету коэффициенттері қолайсыз уақыт кезеңінде жұмыстарды орындау кезінде және тек көшеде және жылытылмайтын орынжайларда орындалатын жұмыстарға ғана қолданылады.

      Гидрометеорология саласындағы уәкілетті органның ресми көзден, оның ішінде гидрометеорология саласындағы уәкілетті органның веб-сайтынан алынған ауа райы жағдайлары туралы ақпараты ауа райы жағдайлары бөлігінде МТТ бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде қабылданған шарттардан ауытқулар ескерілетін уақыт нормаларына түзету коэффициенттерін қолданудың негіздемесі болып табылады.

      Ауа-райы жағдайларының ауытқуы ескерілетін уақыт нормаларына түзету коэффициенттері № 2 кестеде көрсетілген.

      № 2 Кесте


р/н

Коэффициенттерді қолдану шарттары

Коэффициенттер

Күзгі-көктемгі және қысқы кезеңдерде

1

-10 ℃ дейін

1,1

2

-20 ℃ дейін

1,17

3

-30 ℃ дейін

1,25

4

-30 ℃ төмен

1,35

Жазғы кезеңде

5

от +31 ℃-дан +35 ℃ дейін

1,18

6

от +36 ℃-дан +40 ℃ дейн

1,33

      3. Жыл сайын бюджеттік заңнамамен белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (Кп) өзгеру коэффициенті арқылы төмендегі формулаға сәйкес бағалардың базалықтан ағымдағы деңгейге ауысуы жүзеге асырылады:

      Кп = АЕК ағымдағы жылғы : АЕК базалық жылғы

      Ескертпе:

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      ш.м – шаршы метр;

      пм – погонды метр

      дана - дана(лар);

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады