"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыну қағидалары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі мерзімде "Smart Data Ukimet" АТЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне оң нәтижесі бар сынақтар хаттамаларының болуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
6. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин __________ |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Тәкиев_____________ |
Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді (бұдан әрi – Мәлiметтер) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Мәліметтер Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына екінші абзацына сәйкес бекітілген лауазымды адамдардың тізбесіне енгізілген (бұдан әрі – Лауазымды адамдардың тізбесі) Министрліктің лауазымды адамдарына ұсынылады.
3. Министрлік Салық кодексінің 30-бабының 7-тармағына сәйкес деректерді жинауды және тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыру үшін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын тартады.
Лауазымды адамдардың тізбесі жыл сайын ағымдағы есепті кезеңнің 10 наурызынан кешіктірілмей МКО-ға ұсынылады.
4. Министрлік Лауазымды адамдардың тізбесіне енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан босатылған не болмаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген Лауазымды адамдардың тізбесіне өзгерістердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз етеді.
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
5. МКО иесіздендірілген салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Тізбе) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан SDU арқылы Министрлікке ұсынады.
Тізбенің "МКО ақпараттық жүйелерінен алынған мәлімет (бұдан әрі – АЖ)" деген 1-бөлімінде:
Тізбенің реттік нөмірлері 1 – 23-жолда көзделген мәліметтерді МКО АЖ-ға қолжетімділік беру арқылы нақты уақыт режимінде ұсынады;
Тізімнің реттік нөмірлері 1 – 12-жолда көзделген мәліметтер аптасына 1 (бір) рет (дүйсенбі күні) қалыптастырылады;
Тізбенің реттік нөмірлері 13 – 15 және 22 – 23-жолда көзделген мәліметтер есепті кезеңнен кейінгі 20-сы күніне тоқсанына 1 (бір) рет қалыптастырылады;
реттік нөмірлері 17–21-жолда көзделген мәліметтер тұрақты негізде қалыптастырылады.
"Фискалдық деректер бойынша мәліметтер" деген 2-бөлімде Тізбенің реттік нөмірлері 1 – 9-жолда көзделген мәліметтер:
МКО АЖ-ға қолжетімділік беру арқылы нақты уақыт режимінде беріледі.
3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету
6. Министрліктің Мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдары алынған ақпаратты заңнамада қарастырылған жағдайларда оны ұсынған тарапқа зиян келтірмей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз, мақсатында ғана пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынатын салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі
1. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен мәліметтер
№ | Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы |
1. | ЖСН |
2. | ДК орналасқан жері бойынша/жеке нотариустың орналасқан жері бойынша тіркеу есебінің түрі |
3. | ДК қызметінің негізгі түрі бойынша ЭҚЖЖ |
4. | ДК қызметінің қосалқы түрлері бойынша ЭҚЖЖ |
5. | ДК/жекеше нотариустың атауы |
6. | ДК /жекеше нотариустың орналасқан жері бойынша мекенжайы |
7. | ДК/жекеше нотариусты тіркеудің басталу және аяқталу күні |
8. | ДК/жекеше нотариустың қызметін тоқтата тұрудың басталу және аяқталу күні |
9. | ДК әрекет етпейтін деп тану басталған және аяқталған күні |
10. | Бақылау-касса машинасын пайдалану орны |
11. | ДК/жекеше нотариустың соңғы тіркеу есебінің күні |
12. | Қайта тіркеу себебі (қандай тіркеу деректерін өзгерту орын алды: атауы, мекенжайы) |
13. | Есепті кезеңдегі жалдамалы қызметшілердің орташа тізімдік саны |
14. | Қазақстан Республикасының жұмыс істеп тұрған ұйымдары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны тапсыру мерзімі |
15. | Қазақстан Республикасының жұмыс істеп тұрған ұйымдары бойынша шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны тапсыру мерзімі |
16 | Салық берешегі |
17 | Төленген салық сомасы |
18 | Кәсіпкер жылына 2 рет төлейтін ЖТС (қызметкерлер үшін емес) (төленеді) (ДК үшін 910, 912, 913 СЕН), БСК 1012 |
19 | КТС (төленген) (ЖШС үшін 910 СЕН), БСК 1011 |
20 | ҚҚС (төленген) (ДК және ЖШС үшін 300 СЕН), БСК 1051 |
21 | Басқа салықтар (төленген) |
22 | Қызметкерлерге есептелген кірістер (ДК үшін 910, 920 СЕН, ЖШС үшін 200 СЕН) |
23 | Жиынтық жылдық табыс (ДК үшін 100, 910, 920 СЕН, ЖШС үшін 220, 910 СЕН) |
2. Фискалдық деректер бойынша мәліметтер
№ | Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің атауы |
1. | Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы |
2. | ЖСН/БСН |
3 | Басқару-касса машинасының зауыттық нөмірі |
4 | Салық органындағы бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі |
5. | Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бір бірлігі үшін баға |
6. | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі |
7. | Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудың жалпы сомасы |
8. | Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты |
9 | Бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы |
10 | Операция түрі (сатып алу, сату, сатып алуды қайтару, сатуды қайтару) |
Ескертпе: аббревиатураларды толық жазу: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі; ЖК – дара кәсіпкер; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі; ЖТС – жеке табыс салығы; ҚБК – бюджеттік сыныптама коды; ККМ – бақылау-касса машинасы; КТС – корпоративтік табыс салығы; ҚҚС – қосылған құн салығы; ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жүктеуіші. СЕН – салық есептілігінің нысаны