"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 25/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 216/НҚ бұйрығы

      "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 қаулысының 1-4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 25/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік мүлік жэне

      жекешелендіру комитеті

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
  2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 216/НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 31 қаңтардағы
№25/НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтері

Мақсаты

Қызмет көрсету өңірі

Арнайы көлік құралдарының нормативтері

1.

Радиожиілік спектріне мониторинг жүргізу және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған өлшеу-пеленгациялық кешенімен жабдықталған, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік

Астана қ. және Ақмола облысы

2

Алматы қ. және Алматы облысы

2

Шымкент қ. және Түркістан облысы

2

Ақтөбе облысы

1

Атырау облысы

1

Шығыс Қазақстан облысы

1

Жамбыл облысы

1

Батыс Қазақстан облысы

1

Қарағанды облысы

1

Қостанай облысы

1

Қызылорда облысы

1

Маңғыстау облысы

1

Абай облысы

1

Жетісу облысы

1

Ұлытау облысы

1

Павлодар облысы

1

Солтүстік Қазақстан облысы

1

2.

Байланыс қызметтерінің сапасын бақылау бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған байланыс сапасын бақылау кешенімен жабдықталған, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік

Астана қ.

3

Алматы қ.

3

Шымкент қ.

3

Ақмола облысы

2

Ақтөбе облысы

2

Алматы облысы

2

Атырау облысы

2

Шығыс Қазақстан облысы

2

Жамбыл облысы

2

Батыс Қазақстан облысы

2

Қарағанды облысы

2

Қостанай облысы

2

Қызылорда облысы

2

Маңғыстау облысы

2

Солтүстік Қазақстан облысы

2

Павлодар облысы

2

Түркістан облысы

2

Абай облысы

2

Жетісу облысы

2

Ұлытау облысы

2

3.

Телерадио хабар тарату сигналының техникалық параметрлерінің сапасын бақылау бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған теле -, радиохабар тарату сапасын бақылау кешенімен жабдықталған, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік

Астана қ. және Ақмола облысы

1

Алматы қ. және Алматы облысы

1

Шымкент қ. және Түркістан облысы

1

4.

Радиожиілік спектріне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған өлшеу кешенімен жабдықталған, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік

Ақтөбе облысы

1

Солтүстік Қазақстан облысы

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады