"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырылсын.
2. Пилоттық жобаның қолданылу мерзімі осы бірлескен бұйрық күшіне енген күнінен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін айқындалсын.
3. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пилоттық жоба іске асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізбесі;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысына, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
__________Е. Саденов |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
__________Б. Мусин |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
__________К. Умаров |
Пилоттық жоба жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі.
2. Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігі.
3. Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Елшілігі.
4. Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі.
5. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі.
6. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі.
7. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі.
8. Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі.
9. Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі.
10. Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігі.
11. Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі.
12. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі.
13. Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі.
14. Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі.
15. Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі.
16. Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігі.
17. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшілігі.
18. Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі.
19. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі.
20. Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі.
21. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі.
22. Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі.
23. Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі.
24. Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Елшілігі.
25. Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі.
26. Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі.
27. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі.
28. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі.
29. Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі.
30. Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Елшілігі.
31. Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі.
32. Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі.
33. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі.
34. Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігі.
35. Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігі.
36. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі.
37. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі.
38. Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі.
39. Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі.
40. Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі.
41. Қазақстан Республикасының Оман сұлтандығындағы Елшілігі.
42. Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігі.
43. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі.
44. Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі.
45. Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі.
46. Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі.
47. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі.
48. Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі.
49. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі.
50. Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі.
51. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігі.
52. Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі.
53. Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі.
54. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі.
55. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі.
56. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігі.
57. Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі.
58. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі.
59. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі.
60. Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшілігі.
61. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі.
62. Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Елшілігі.
63. Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі.
64. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі.
65. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі.
66. Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі.
67. Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшілігі.
68. Қазақстан Республикасының Анталья қаласындағы Бас консулдығы (Түркия Республикасы).
69. Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
70. Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).
71. Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы Бас консулдығы (Иран Ислам Республикасы).
72. Қазақстан Республикасының Джидда қаласындағы Бас консулдығы (Сауд Арабиясы Корольдігі).
73. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы (Біріккен Араб Әмірліктері).
74. Қазақстан Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
75. Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
76. Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).
77. Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).
78. Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы (Америка Құрама Штаттары).
79. Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
80. Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы (Корея Республикасы).
81. Қазақстан Республикасының Самарканд қаласындағы Бас консулдығы (Өзбекстан Республикасы).
82. Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы (Ресей Федерациясы).
83. Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулдығы (Америка Құрама Штаттары).
84. Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).
85. Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығы (Француз Республикасы).
86. Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы (Қытай Халық Республикасы).
87. Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығы (Түркия Республикасы).
88. Қазақстан Республикасының Барселона қаласындағы Консулдығы (Испания Корольдігі).
89. Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы Консулдығы (Иран Ислам Республикасы).
90. Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Консулдығы (Беларусь Республикасы).
91. Қазақстан Республикасының Ганновер қаласындағы Консулдығы (Германия Федеративтік Республикасы).
92. Қазақстан Республикасының Дамаск қаласындағы Консулдығы (Сирия Араб Республикасы).
93. Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Консулдығы (Қырғыз Республикасы).
94. Қазақстан Республикасының Торонто қаласындағы Консулдығы (Канада).
95. Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қаласындағы Консулдығы (Түрікменстан).
96. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Бонн қаласындағы Елшілігінің бөлімшесі.
Өтініш
___________________________________________ үшін жеке сәйкестендіру
нөмірін беруді сұраймын.
Аты
латын транскрипциясында _________________________________________
кириллица транскрипциясында _____________________________________
Тегі латын транскрипциясында _____________________________________
кириллица транскрипциясында _______________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
латын транскрипциясында ___________________________________________
кириллица транскрипциясында _______________________________________
Туған күні __________________ Жынысы ______________________________
Азаматтығы ___________________ Ұлты _______________________________
Келген елі __________________
Жеке басын куәландыратын құжат түрі _________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі _______________________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген күні _________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі _________________
Жеке басын куәландыратын құжатты берген ел __________________________
Туған жері__________________________________________________________
Ел ___________________________Облыс________________________________
Аудан __________________________ Мекенжайы_________________________
Мен жоғарыда көрсетілген дербес деректерді Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (БСН 960340000514) мен "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (БСН 160440007161) жүзеге асыратын мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезеңге, дербес деректерді өндеу процесінде оларды трансшекаралық беруге, осы мемлекеттік қызметті көрсету мақсатында дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге, жинау мен өндеуге өз келісімімді беремін.
Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
__________________
(қолы, күні)
Тіркеу куәлігі |
Регистрационное свидетельство |
Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Тегі |
Фамилия |