"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Балаева |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітілген |
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) лауазымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шегінде құрылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті бөлімше не бөлінетін штаттық лауазымы оны қайта ұйымдастыру немесе жою жағдайларынан басқа, жоюға не мемлекеттік органның штаттық лауазымынан алып тастауға жатпайды.
Осы тармақтың екінші бөлігі тек орталық мемлекеттік органдардың орталық аппаратарына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарына қолданылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) тікелей мемлекеттік органның бірінші басшысына (арнайы мемлекеттік органдардарды қоспағанда) бағынады.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
6. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) мақсаты мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты уақтылы және сапалы тарату болып табылады.
7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) міндеттері:
1) мемлекеттік органның оң имиджін ұстап тұру;
2) мемлекеттік органда бірыңғай ақпараттық саясатты қалыптастыру үшін мемлекеттік органның бөлімшелері арасында тиімді өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету болып табылады.
8. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) пайдаланушыларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпарат беру;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, комментарийлер, жарияланымдар әзірлеуге жәрдемдесу;
3) журналистерді және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерін уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізу, сондай-ақ оларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық және кеңінен тарату үшін оларға жәрдемдесу;
4) лауазымды адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;
5) интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді реконструкциялау, дизайнын жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімдерде ақпаратты пайдаланушылардың келіп түскен сұрауларына жауаптар дайындау;
7) мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру;
8) таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзге де түрде шектеу қойылған ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты барынша ашуға ықпал ететін өзге де функциялар.
10. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше):
1) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
2) ақпаратты пайдаланушылардан келіп түскен сұрау салуларға уақтылы жауап береді;
3) мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында ақпаратты уақтылы жаңартады;
4) медиа кеңістікте қоғамның теріс реакциясын тудыруға қабілетті ақпарат анықталған кезде мемлекеттік органның бірінші басшысын уақтылы хабардар етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптарды сақтайды.
6) пайдаланушылардан келіп түскен сұрау салуларға жауап беру және мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру үшін қажетті ақпаратты сұратады;
7) масс-медиа саласындағы уәкілетті органның бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғасынан (бөлімшеден) консультациялық көрсетілетін қызметтерді алады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біліктілікті арттыру курстарын өтеді.