Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесті құру және оның ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 455-НҚ бұйрығы

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ғылыми-техникалық кеңес) құрылсын.

      2. Осы бұйрыққа:

      1) 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже;

      2) 2-қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық кеңестің құрамы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 455-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) қызметінің құқықтық және ұйымдарстырушылық негіздерін айқындайды.

      3. ҒТК Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      ҒТК ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылады.

      4. ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республика асының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. ҒТК-нің негізгі міндеттері мен функциялары

      5. ҒТК-нің қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

      1) ғылым және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу;

      2) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы заңнамалық актілерін жетілдіру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) салалық ғылыми ұйымдар мен технологиялық және инновациялық қызмет ұйымдарын дамытуға ұсыныстар әзірлеу және қатысу.

      6. ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулерді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒЗТКЖ, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру мәселелері туралы:

      1) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

      2) Министрліктің ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық міндеттері мен бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      3) салаларда ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында мамандандырылған бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      4) жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;

      5) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған техникалық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;

      6) жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға жіберілген өтініштерді қарайды;

      7) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалары, даму дәрежесі, қаржыландырудың сұралатын көлемінің экономикалық орындылығы жөніндегі ұсынымдарды қарайды және әзірлейді;

      8) Заңға сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестердің отырыстарына енгізілген мәселелер бойынша ұсынымдарды қарайды және әзірлейді.

      Мемлекеттік технологиялық саясат және инновацияны мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша:

      1) мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      2) технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      3) елді инновациялық-технологиялық дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      4) инновациялық жүйені және инновацияларды мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      5) салалық бағыттар бойынша мемлекеттік технологиялық саясат жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

      6) негізгі (басымдық) технологияларды, технологиялық құзыреттің салалық орталықтарын, мақсатты технологиялық бағдарламаларды және салалардағы технологиялық платформаларды ұйымдастыруды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      7) технологияларды іздеу жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды анықтау және нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      8) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау, одан әрі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді.

      Министрліктің міндеттері шеңберінде:

      1) ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерді тыңдайды;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, ЖООКББҰ, кәсіпкерлік субъектілерімен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында ынтымақтастық мәселелерін қарайды;

      3) Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет, ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

      4) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің тапсырмасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, мәселелерді қарайды.

3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру

      7. ҒТК құрамын Министрлік қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі бекітеді.

      8. ҒТК төрағадан және тұрақты мүшелерінен тұрады. ҒТК құрамына Министрліктің салалар бойынша жетекші ғалымдар, Министрліктің, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.

      9. ҒТК құрамының талаптарын ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісілген Министрлік айқындайды.

      10. ҒТК құрамына сайланатын ғалымдар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) ҒТК құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе ЖООКББҰ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын ғылым докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы;

      3) Министрліктің реттелетін салаларында ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл болуы тиіс.

      Кандидатта Web of Science (Веб оф Сайенс) және (немесе) Scopus (Скопус) халықаралық базаларына сәйкес Хирш индексінің болуы (3 және одан көп) кандидатураны ұсыну күніне құпталады.

      11. ҒТҚ құрамының 70%-нан (жетпіс пайыз) аспайтын, жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл:

      1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдардың;

      2) Министрліктің реттелетін салаларында тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың;

      3) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің жұмыскерлерінен және (немесе) сарапшыларынан қалыптастырылады.

      12. ҒТҚ құрамына осы ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын бір ұйымнан бірнеше қызметкер кірмейді.

      13. ҒТК төрағасы және төраға орынбасары бірінші отырыста ҒТК мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы ҒТК мүшелері арасынан сайланады.

      14. ҒТК төрағасы:

      1) отырыстарда төрағалық етеді және оның қызметіне басшылық жасайды;

      2) даулы мәселелерді талқылауда алқалылықты қамтамасыз етеді,

      3) ҒТК отырыстарын өткізудің күн тәртібін, күнін, уақытын, орнын және нысанын айқындайды;

      4) ҒТК отырыстарының хаттамаларына қол қояды;

      5) ҒТК шешімдерінің іске асырылуына жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

      15. Төрағаның болмау мерзімінде оның функцияларын төраға орынбасары атқарады.

      16. ҒТК жанынан ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру және ҒТК отырысына шығарылатын бейіндік мәселелерді қарау үшін өз қызметін жүзеге асыратын бейіндік секциялар (бұдан әрі – Секциялар) құрылады.

      17. ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және әрбір Секция бойынша саны 7 (жеті) адамнан аспайтын мүшелердің тақ санынан тұрады.

      18. ҒТК жұмысы күндізгі және сырттай отырыстар нысанында жүзеге асырылады. ҒТК отырыстары Министрліктің интернет-ресурсында онлайн-трансляциямен өтеді. Отырыстың хаттамалары, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды, есептер, актілер Министрлікке беріледі және "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.

      19. ҒТК қажеттілігіне қарай жиналады, бірақ жылына кемінде екі рет. ҒТК егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 бөлігі қатысқанда, шешімдер қабылдайды.

      20. Жұмыс органының лауазымды адамы болып табылатын ҒТК хатшысы:

      1) ҒТК отырыстарға материалдарды дайындауды, жинауды және жүйелеуді;

      2) ҒТК мүшелеріне және шақырылған адамдарға ҒТК отырыстарын өткізу туралы хабарламаларды уақтылы жіберуді;

      3) отырыстардың күн тәртібін әзірлеуді, отырыстарды хаттамалауды;

      4) ҒТК шешімдерінің жобаларын дайындауды және отырыстардан кейін хаттамаларды рәсімдеуді жүзеге асырады.

      21. ҒТК жұмыс органы Министрліктің талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

      22. Жұмыс органы ҒТК қызметін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) ҒТК ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын қамтамасыз етуді;

      2) отырыс өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын жетекшілік ететін вице-министрлармен келесілген ҒТК мүшелеріне жіберілетін материалдарды дайындауды;

      3) ҒТК жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды және орындалуын үйлестіруді жүзеге асырады.

      23. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК-нің отырысына қатысқан мүшелердің жалпы санының кемінде 2/3-і дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болғанда, шешуші Төрағаның дауысы болады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ҒТК мүшелерінің ерекше пікірі болған жағдайда, Хатшы хаттамаға тиісті жазба енгізеді. ҒТК мүшесінің шешімдер қабылдау және дауыс беруден негізсіз бас тартуына болмайды.

      24. ҒТК шешімдері хаттамамен рәсімделеді және оған Төраға, ҒТК мүшелері мен Хатшы қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері ҒТК мүшелеріне жіберіледі.

      25. ҒТК жұмыс органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей ғылым саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша ҒТК жұмысы туралы ақпарат ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 455-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ғылыми-техникалық кеңестің құрамы


Лауазымы


Хатшы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің қызметкері

1.

Мүшелер

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

2.


"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі (келісім бойынша)

3.


ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі (келісім бойынша)

4.


жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтың өкілі (келісім бойынша)

5.


даму институтының өкілі (келісім бойынша)

6.


ұлттық холдингтің өкілі (келісім бойынша)

7.


ұлттық компанияның өкілі (келісім бойынша)

8.


ғылым саласындағы уәкілетті органның өкілі (келісім бойынша)

Мәдениет сұрақтары бойынша секция

9.


"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің төрағасы

10.


ғалым, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметкері

11.


ғалым, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері

12.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметкері

13.


ученый

Архив, құжаттама және кітап ісі сұрақтары бойынша секция

14.


"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің төрағасы

15.


ғалым, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мекемесінің қызметкері

16.


ғалым, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері

17.


ғалым, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архив" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері

18.


ғалым, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері

Жастар және отбасы сұрақтары бойынша секция

19.


"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің төрағасы

20.


"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі

21.


ғалым (келісім бойынша)

Креативті индустриялар сұрақтары бойынша секция

22.


креативті индустриялар қорының өкілі (келісім бойынша)

23.


ғалым (келісім бойынша)

24.


ғалым (келісім бойынша)

Азаматтық қоғам сұрақтары бойынша секция

25.


"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің төрағасы

26.


"Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері

27.


"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері

28.


ғалым (келісім бойынша)

29.


ғалым (келісім бойынша)

Дін сұрақтары бойынша секция

30.


"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің төрағасы

31.


"Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері

32.


ғалым (келісім бойынша)

Этносаралық қатынастар сұрақтары бойынша секция

33.


"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің төрағасы

34.


ғалым, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері

35.


ғалым, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері

36.


ғалым (келісім бойынша)

37.


ғалым (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады