Арнайы құқық субъектісі "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 622-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Арнайы құқық субъектісі "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 622-НҚ бұйрығына
қосымша

Арнайы құқық субъектісі "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Міндетті немесе еркін қолжетімді теле-, радиоарналарға жатпайтын теле-, радиоарналарды, оның ішінде ақылы контентті трансляциялау.

      2. Телерадиокомпаниялар немесе телерадио хабарларын тарату операторлары болып табылмайтын заңды және жеке тұлғаларға телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін пайдалану құқығын беру.

      3. Телерадио хабарларын тарату жабдықтарына қызмет көрсету (бөгде ұйымдардың меншігінде).

      4. Телекоммуникация желілерінде, оның ішінде OTAU TV спутниктік арнасында телегазеттерді тарату.

      5. Технологиялық жабдықты орнатудың және оны ұлттық телерадио хабарларын тарату желісіне қосудың техникалық шарттарын беру.

      6. Технологиялық жабдықты орнату және оны ұлттық телерадио хабарларын тарату желісіне қосу үшін жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеу.

      7. Технологиялық жабдықты орнату және оны ұлттық телерадио хабарларын тарату желісіне қосу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады