ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және 6-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме саудада өткізудің 2024 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған кезеңге шекті бағасы, қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы үшін 45 158,00 (қырық бес мың бір жүз елу сегіз) теңге мөлшерiнде бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
А. Сәтқалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі