"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2 тармағының 8-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" № 532 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы "23" ақпандағы №11/02 қаулысына қосымша |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.07.2024 № 46/03 қаулысымен ((оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).