Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31505 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.08.2024 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 90) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 532 бұйрығына
қосымша

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.08.2024 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 90) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс).

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалайтын, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелген, дене және (немесе) психикалық бұзылыстары бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар);

      2) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау – қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілетін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған қызметтер мен іс-шаралар кешені.

      3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру құжаттарды қарау жөніндегі Комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырылатын ұйымдар Тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау жөнінде қызметтер көрсететін ұйымдарда (бұдан әрі – Ұйым), "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 12 бұйрық) сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарттарын жасасумен жұмыс органы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларымен (бұдан әрі – білім беруді басқару органдары) жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 385 бұйрық) бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларындағы 1-қосымшаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін жүзеге асырылады.

2-тарау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі

      5. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.

      6. Білім беруді басқару органдарымен мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды ұлттық білім беру дерекқорында (бұдан әрі – ҰББД) есепке алу қамтамасыз етіледі.

      Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК) бұзылыстар санаты бөлінісінде мүмкіндігі шектеулі балалардың санын көрсете отырып, қалыптастырылған өтінімдерді (тізімдерді) конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін білім беруді басқару органына береді.

      7. Білім беруді басқару органдары өздерінің ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тапсырысқа арналған конкурсты өткізу күнін, уақытын, орнын және мерзімдерін көрсете отырып, конкурстық рәсімді өткізу туралы және мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.

      Конкурстық рәсімді өткізу үшін комиссия құрамы білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия тақ саннан тұратын, комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адам болатын комиссия мүшелерінен құралады. Комиссияның құрамы жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, білім беруді басқару органдарының, арнайы білім беру немесе мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс саласында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен қалыптастырылады.

      Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерімен жергілікті атқарушы органдар мен білім беруді басқару органдары өкілдерінің қатарынан сайланады. Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге ауыстырусыз қатысады. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімдері тиісті хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдері білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды.

      8. Конкурсқа қатысуға мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар Ұйымдар және:

      1) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша өтінішке (бұдан әрі - өтініш) сәйкес № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуындағы бұзылыстар санаттары (есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты, зердесі, сөйлеу тілі бұзылған, психикалық дамуы тежелген, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутистік спектрдің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылыстары) бойынша орындар санын;

      2) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жағдайларды;

      3) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес жағдайларды;

      4) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлауды (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);

      5) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы);

      6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайларды, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолжетімді ортаны және арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды № 385 бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 4-тарауына сәйкес ұйымдастыруды;

      7) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жабдықталуды;

      8) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

      9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық немесе тиісті бейін бойынша өзге кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Үлгі штаттар) штат санымен;

      10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелуді қамтамасыз еткендер жіберіледі.

      9. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткер ұйымдар электрондық форматта немесе қағаз түрінде келесі құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) Ұйым басшысының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл түймесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;

      3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға аумақтық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен жасалған шарт;

      4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

      5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат немесе мерзімі мемлекеттік білім беру тапсырысын игеру уақыты аяқталғанға дейін жарамды жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару шарты бар жалдау, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжат.

      10. Білім беруді басқару органдары мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы (www.egov.kz, "электрондық үкіметтің" веб-порталы, www.elicense.kz) мынадай құжаттардың бар болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

      2) медициналық көмек (медициналық қызмет) көрсетуге арналған шарт болмаған жағдайда медициналық қызметке лицензия;

      3) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      4) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

      11. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органдары Ұйымдар ұсынған, оның ішінде мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және қарауды жүзеге асырады және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оларды ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Ұйым ұсынған құжаттардың топтамасы толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда білім беруді басқару органы қабылдаған күні жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.

      Білім беруді басқару органдары ұсынылған құжаттарды қарастырғаннан кейін келесі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Ұйымға бару арқылы ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

      12. Ұйымға барғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұйым осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келген жағдайда құжаттарды Комиссияда қарау жүзеге асырылады, Ұйымның осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталғанда білім беруді басқару органы Ұйымның өтініште көрсетілген электрондық поштасына не электрондық пошта болмаған кезде өтініште көрсетілген пошта мекенжайына сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Ұйым хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және Ұйым басшысының қолы қойылған растайтын құжаттарды электрондық форматта немесе қағаз түрінде ұсынады.

      Білім беруді басқару органы анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы құжаттарды алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктердің жойылуын тексеру үшін Ұйымға қайталап барады.

      13. Білім беруді басқару органы Ұйымға қайталап барғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Құжаттарды Комиссияда қарауды жүзеге асырады.

      14. Ұйымның осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі қайта анықталған жағдайда, білім беруді басқару органы Ұйымның өтініште көрсетілген пошталық мекенжайына немесе электрондық поштасына мемлекеттік тапсырысты орналастырудан бас тарту жөнінде негізделген және дәлелді жауап жолдайды.

      Дәлелді бас тартуға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен қарастырылған тәртіпте шағым беруге болады.

      15. Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған ұйымдар келесі күнтізбелік жылға арналған мемлекеттік тапсырысты осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген өзектендірілген құжаттарды ұсынған, сондай-ақ балалардың 30%-дан астамында даму динамикасының болуын растайтын құжаттар болған жағдайда алады.

      16. Ұсынылған құжаттарды Комиссияда қарау және Ұйымға бару нәтижелері бойынша Ұйым атауын, өтініш берген кездегі бос орындардың санын көрсете отырып сәйкестігі немесе Ұйымның осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес еместігі туралы хаттама жасалады.

      Ұйымның сәйкестігі туралы хаттама негізінде Тізбе қалыптастырылады. Тізбе және бас тартудың дәлелді себептері көрсетіле отырып талаптарға сәйкес келмейтін ұйымдар тізімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Комиссия шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен қарастырылған тәртіпте шағым беруге болады.

      Тізбеге кірген Ұйым нәтиже жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұзылыстар санаттарын ескеріп, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың түзету-дамыту бағдарламаларын көрсете отырып, ҰББД ақпараттық жүйесінде тіркелуді қамтамасыз етеді.

      17. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудан бас тарту Ұйымдардың келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуына кедергі болмайды.

      18. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды білім беруді басқару органдары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Ұйымдармен № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарттарын жасай отырып 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты Ұйымдармен тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде бір қаржы жылына жасалады.

      19. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты жасалғаннан кейін Ұйым бос орындар туралы мәліметтерді 2 (екі) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына жолдайды, білім беруді басқару органы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ақпаратты интернет-ресурсында орналастырады.

      20. Ата-аналар немесе балалардың өзге де заңды өкілдері бос орындар туралы мәліметтер негізінде ПМПК қорытындысымен Ұйымға жүгініп, білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасасады.

      Ата-ана немесе балалардың өзге де заңды өкілдері шарт жасалғаннан кейін арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды алудан бас тартқанда, мемлекеттік тапсырысты орналастыру ата-ана немесе балалардың өзге де заңды өкілдері мен Ұйым арасында жаңа шарт жасалғанға дейін тоқтатыла тұрады. Ағымдағы жылы баланы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алуға кезекке қайталап қоюға отбасы басқа ауданға, қалаға, облысқа көшкен немесе бала ұзақ уақыт науқастанған жағдайда жол беріледі. Даму динамикасын ескере отырып бала бір қаржы жылының көлемінде арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды бір Ұйымда алады.

      Бос орын пайда болған жағдайда Ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұзушылық санатын көрсете отырып бос орындар туралы мәлеметтерді интернет-ресурста хабарландыру орналастыру және арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алуды қажет ететін балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдеріне хабарлау үшін білім беруді басқару органына жолдайды.

      21. Өткізілмеген жеке сабақтарды (науқастану, емделу, медициналық, санаторий-курорттық ұйымдарда сауықтырылу мен оңалтылуы, ата-анасының бірінің немесе өзге де заңды өкілдерінің демалыста болуы себептері бойынша) өткізу үшін ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші негізінде жеке кесте бойынша не қашықтықтан қосымша сабақтар ұйымдастырылады.

      22. Белгіленген бюджет шегінде мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру үшін Ұйым әр ай сайын өткізілген сабақтарға табельді (электрондық), орындалған жұмыстар актісін, соның ішінде ата-ана немесе заңды өкіл қол қойған, электрондық шот фактурасын ұсынады.

      23. Ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру есепке алынған мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүзеге асырылады:

      1) Ұйымдағы сабаққа нақты келетін;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелген) бекітілген "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтамасы және ПМПК қорытындысы бар;

      3) Ұйымда аптасына екі сабақта болмаған.

      24. Мемлекеттік тапсырыс мөлшерін есептеу кезінде жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен белгіленген базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);

      2) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).

      Мемлекеттік тапсырыс көлемін есептеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылады:

      1) V – айына мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру көлемі, мынадай формула бойынша есептеледі:

      V = ∑ Nжалпы персонал

      N жалпы персонал – пәнаралық командалық және жеке бағалау қорытындылары бойынша бір балаға жеке көзделген айына мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың жиынтық нормативі, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Nжалпы персонал =∑(N қызмет z * nz),

      мұнда:

      nz - пәнаралық командалық және жеке бағалау нәтижелерінің қорытындылары бойынша № 385 бұйрықтың 4-тарауына сәйкес бір балаға көзделген сағат саны:

      1-топ – сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған (өз бетінше қозғалатын, зердесі сақталған), мінез-құлықтың бұзылыстары немесе қиындықтары бар, психикалық дамуы тежелген, нашар көретін, нашар еститін мүмкіндіктері шектеулі балалар;

      көмек көлемі – ең аз:

      бір маманның (логопед немесе психолог немесе дефектолог) көмегі;

      көмектің ұзақтығы жылына 90 күннен бастап;

      2-топ – тірек-қимыл аппараты бұзылған (көмекші құралдардың көмегімен қозғалатын, сөйлеу қабілеті бұзылған, бірақ зердесі сақталған), есту және көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, естімейтін), сөйлеу тілінің ауыр түрдегі бұзылыстары бар, жеңіл және орташа зерде зақымдалуы бар, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутизм) мүмкіндіктері шектеулі балалар;

      көмек көлемі – орташа:

      екі маманның (логопед және психолог немесе дефектолог және логопед немесе логопед және емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) нұсқаушысының/ бейімделген дене шынықтыру (бұдан әрі - БДШ) мұғалімінің көмегі;

      көмектің ұзақтығы жылына 180 күннен бастап;

      3-топ – күрделі (аралас) бұзылыстары бар, 2 немесе одан да көп бұзылыстары бар: көру және есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппараты мен зердесінің бұзылуы, зердесі мен есту қабілетінің бұзылуы, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бұзылысы немесе қиындықтары бар (аутизм) және зердесінің бұзылуы және басқалары бар мүмкіндіктері шектеулі балалар;

      көмек көлемі – жоғары:

      үш маманның көмегі (логопед, психолог және ЕДШ нұсқаушысының/БДШ мұғалімінің немесе дефектолог, логопед және психологтің);

      көмектің ұзақтығы жылына 180 күннен 270 күнге дейін.

      2) N қызмет z – сабақтың түріне байланысты 1 (бір) қызметтің құны: жеке, кіші топтық, топтық, айына бір білім алушыға мынадай формула бойынша есептеледі:

      N қызмет z = Т z + S + А,

      мұнда:

      S – оқу шығыстарын қоса алғанда, сағатына бір балаға білім беру ұйымын ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстар нормасы - 0,03 АЕК құрайды;

      А – педагогтермен: психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, олигофренопедагог, сурдопедагог қызмет көрсеткен кезде бір балаға арналған жабдықты амортизациялауға/сатып алуға арналған шығыстар нормасы - 0,032 АЕК;

      ЕДШ нұсқаушысы/ БДШ мұғалімі қызмет көрсеткен кезде - 0,052 АЕК;

      Z – педагог қызметін көрсететін индекс: психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, олигофренопедагог, сурдопедагог, ЕДШ нұсқаушысы/БДШ мұғалімі;

      T – сағатына бір балаға есептегендегі психологиялық-педагогикалық қолдау ұйымы персоналының еңбегіне ақы төлеудің айлық қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т z = T нег z + Тжәрд z ,

      мұнда:

      T нег z = ((W z + W э/р z ) * sno + БЛА*( К Е z + К Е әбпЕ окп, қкп +R) * mp * mvz,

      Tжәрд z = (W z + Э жәрд z) * mvz / 12,

      мұнда:

      Tнег z – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, персоналдың еңбегіне ақы төлеудің айлық қоры;

      Tжәрд z – қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға жәрдемақы төлеуге арналған шығыстардың ай сайынғы көлемі;

      Wz – қызметкерлердің жалақысы мына формула бойынша есептеледі:

      W z = (ЛА z * kp + БЛА * f) * ks+БЛА * с + Қосымz,

      мұнда:

      ЛАz – айына бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы, ол БЛА-ны лауазымдық айлықақыны есептеу коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады:

      педагог-психолог - 4,25;

      мұғалім-логопед - 4,57;

      мұғалім-дефектолог - 4,68;

      тифлопедагог - 4,66;

      ЕДШ нұсқаушысы/БДШ мұғалімі – 4,19;

      олигофренопедагог - 4,81;

      сурдопедагог-мұғалім - 4,55;

      kp - педагогтің лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті:

      2022 жылға – 1,75;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 2;

      f - басқарушы персоналдың жалақы қорын есептеу коэффициенті:

      2022 жылға – 1,183;

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,352;

      KS-мамандарға ауылдық жердегі жұмысы үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті, 1,25 құрайды;

      қала мектептері үшін – 1,0;

      с - оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың жалақы қорын есептеу коэффициенті:

      2022 жылға – 0,540;

      2023 жылға - 0,636;

      2024 жылға – 0,751;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 0,878;

      Қосымz – персоналдың жалақысына қосымша ақының коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Қосым z = БЛА * (ЕЖҮz + ЕЖҮәбп + ЕЖҮокп, қкп +u z),

      мұнда:

      ЕЖҮz – педагогтердің ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті:

Жыл

Психолог ЕЖҮ

Логопед ЕЖҮ

Дефектолог ЕЖҮ

Тифлопедагог ЕЖҮ

ЛФК ЕЖҮ

Олигофренопедагог ЕЖҮ

Сурдопедагог ЕЖҮ

2022 жыл

0,744

0,800

0,819

0,816

0,733

0,842

0,796

2023 жыл

0,850

0,914

0,936

0,932

0,838

0,962

0,910

2024 жыл

0,850

0,914

0,936

0,932

0,838

0,962

0,910

2025 жыл

0,850

0,914

0,936

0,932

0,838

0,962

0,910

      ЕЖҮәбп – әкімшілік-басқару персоналының ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті:

      2022 жылға – 0,810;

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 0,926;

      ЕЖҮ окп, қкп - оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті

      2022 жылға – 0,459;

      2023 жылға - 0,541;

      2024 жылға – 0,638;

      2025 жылға және одан кейінгі жылдарға – 0,746;

      uz – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:

      педагог-психолог – 1,70;

      мұғалім-логопед – 1,83;

      мұғалім-дефектолог – 1,87;

      тифлопедагог – 1,86;

      ЕДШ нұсқаушысы/БДШ мұғалімі – 1,68;

      олигофренопедагог – 1,92;

      мұғалім – сурдопедагог – 1,82;

      Wэ/р z – экология және радиация аймақтарында қосымша демалыс кезінде алмастырушы қызметкердің жалақы коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      W э/р z= Wz / 30 / 12 / * 9,

      мұнда:

      30 – күнтізбелік күндер саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      9 – "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі - экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі - ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес демалысқа қосымша күндердің орташа саны;

      Sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      КЕz – педагогтер үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша төлем коэффициенті:

Жыл

КЕ психолог

КЕ логопед

КЕ дефектолог

КЕ тифлопедагог

КЕ ЕДШ

КЕ олигофренопедагог

КЕ сурдопедагог

2022 жыл

2,454

2,639

2,703

2,691

2,420

2,778

2,628

2023 жыл

2,805

3,016

3,089

3,076

2,765

3,175

3,003

2024 жыл

2,805

3,016

3,089

3,076

2,765

3,175

3,003

2025 жыл

2,805

3,016

3,089

3,076

2,765

3,175

3,003

      К Еәбп - әкімшілік-басқару персоналы үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2022 жылға – 2,674;

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 3,056;

      КЕокп, қкп - оқу-көмекші персонал және қызмет көрсетуші персонал үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша төлем коэффициенті:

      2022 жылға – 1,514;

      2023 жылға – 1,785;

      2024 жылға – 2,105;

      2025 жылға және одан кейінгі жылдарға – 2,462.

      Егер осы қосымша ақы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, КЕокп, қкп 0-ге тең болады;

      R – ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес радиациялық қатер аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер осы қосымша ақы ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда R 0-ге тең;

      mp – міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:

      2022 жылға – 1,03;

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 жылға – 1,08;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті:

      жеке сабақтар үшін – 0,021;

      кіші топта орташа саны 3 бала болатын кіші топ сабақтары үшін - 0,007;

      орташа саны 7 бала болатын топтық сабақтар үшін - 0,003;

      Эжәрд z – экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қатысты қолданыстағы төлемдерден тыс сауықтыруға материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эжәрд z = ЛА z * kp + БЛА * (f + с)

      егер осы қосымша ақы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңда көзделмеген жағдайда, Эжәрд =0.

      25. Ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру Ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған сабақтан қалу себептері көрсетіле отырып (қатысу табеліне электрондық түрде бекітілетін сабақтан қалу себебін растайтын құжаттардың болуы) қатысудың электрондық табелі, орындалған жұмыстардың электрондық актісі, соның ішінде ата-ана немесе заңды өкіл қол қойған электрондық шот-фактура ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.

      26. Орналасқан жері өзгергенде (басқа ғимаратқа/үй-жайға көшіру) Ұйым орналасқан жері өзгергенге дейін бір ай бұрын білім беруді басқару органына хабарлайды.

      Ұйымның басшысы қол қойған, басқа ғимаратқа/үй-жайға көшіру мерзімдері көрсетілген хабарлама білім беруді басқару органының электрондық поштасына электрондық форматта жіберіледі.

      Орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарлаған Ұйым хабарлама тіркелген кезден бастап бір ай мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылады.

      Білім беруді басқару органын хабардар еткен сәттен бастап бір ай өткен соң Ұйым мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) басшының қолымен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл кнопкасын және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы.

      Ұйым көрсетілген құжаттарды білім беруді басқару органының электрондық поштасына электрондық форматта жібереді немесе қағаз түрінде ұсынады.

      Аталған құжаттарды тіркегеннен кейін білім беруді басқару органы мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар және/немесе Ұйымдар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

      2) Ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      3) Ұйымның медициналық қызметіне лицензия (медициналық көмек (медициналық қызмет көрсету) көрсетуге шарт болмағанда).

      27. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі мен мөлшері жергілікті атқарушы органдардың шешімімен айқындалады:

      1) шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде балалар Ұйымға бармайтын кезеңде;

      2) қабылданған, бірақ кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіруді (құжаттамалық растау болған кезде) жүргізу себебі бойынша жылына 2 (екі) айдан аспайтын уақыт ұйымға бармайтын балалар үшін.

      28. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Ұйымдарда тоқсан сайын білім беруді басқару органдары осы Қағидаларда көзделген талаптардың сақталуына және міндеттемелердің орындалуына, сондай-ақ арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұсыну сапасына, оның ішінде жүргізілген түзеу жұмыстары нәтижесінде баланың даму динамикасына жоспарлы мониторинг жүргізеді.

      Жоспарлы мониторингті білім беруді басқару органы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды, жергілікті атқарушы органдарды, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың өкілдерін және өз қызметін арнайы білім беру немесе мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс саласында жүзеге асыратын мамандарды тарта отырып жүзеге асырады.

      Білім беруді басқару органы ұйымға жоспарлы мониторинг жүргізудің мерзімдері көрсетілген хабарламаны бір ай бұрын жібереді.

      Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша білім беруді басқару органымен 3 (үш) жұмыс күні ішінде акт жасалады, актінің бір данасы танысу үшін Ұйым басшысына табысталады.

      Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау және міндеттемелерін орындамау фактілері анықталғанда, Ұйымдар актіні алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органына Ұйым басшысының қолы қойылған растау құжаттарын ұсынады.

      Ұйым анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймағанда, білім беруді басқару органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мониторинг нәтижелерін Комиссияда қарауды жүзеге асырады, комиссия шешімі негізінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ұйымға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды тоқтату туралы хабарлайды.

      Ұйымдардың қызметіндегі бұзушылықтар және осы Қағидалардың талаптарының бұзылуы бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері негізінде білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

      29. Жоспардан тыс/жоспарлы мониторинг және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша білім беруді басқару органы Ұйымның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.

      30. Ұйымда мемлекеттік тапсырысты орналастыру осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмегенде келесі конкурстық рәсімге дейін тоқтатылады.

      31. Ұйым мен мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты Қағидалардың осы тармағының талаптары бойынша хабарлама тәртібі бұзылған кезде, орналасу орнының өзгеруі анықталған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде біржақты тәртіппен бұзылады.

  Мүмкіндігі шектеулі
балаларды арнайы
психологиялық-педагогикалық
қолдауға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
қосымша
  Нысан*
  ____________________________
(мемлекеттік орган атауы)
_______________________
(басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда)

Өтініш

      Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін

      ________________________________________________________

      (Ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      1. Осымен келесіні хабарлаймын:

      1) Ұйымның жаңа орындарының саны (бұзылулар санаттары бойынша):_____________________

      2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың нақты контингенті:___бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ___ бала;

      3) бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы____________________________________.

                                                (орналастырылған/орналастырылмаған)

      2. Осы арқылы Ұйым:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде Ұйымға мүмкіндіктері шектеулі балаларды Ұйымның нақты жобалық қуаты шегінде қабылдау бойынша талаптарды сақтауға;

      2) № 385 бұйрықпен бекітілген арнайы білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген ұйымдар қызметінің талаптарын сақтауға;

      3) ай сайын Ұлттық білім беру дерекқорына өзінің:

      -мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде білім басқармасы қалыптастырған контингентке кіретіндер туралы;

      - педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы ақпаратын толтыруға;

      4) білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      5) осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтауға кепілдік береді.

      3. Осы арқылы Ұйым мынадай міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді:

      1) балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек қана облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының жолдамалары және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша қабылдау;

      2) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген), "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

      Басшы _______________________________________

      (Ұйымның атауы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Толтырылған күні "_____" ____________ 20____жыл.

      *Ескерту: мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік емес ұйымның бланкісінде толтырылады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады