Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" №381 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 72/03 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/н | Қосымша білім беру үйірмелерінің бағыттары мен атаулары | 2025 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны) | Шығын құны | |
бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге (теңге) | ерекше білім беру қажеттіліктері бар бір балаға (теңге) | |||
Ғылыми-техникалық | 790 | |||
1 | робототехника, физика және робототехника | 365 | 20137 | 35068 |
2 | 3Д модельдеу, компьютерлік графика, құрастыру, бағдарламалау | 370 | 20137 | 35068 |
3 | лего - құрастыру | 55 | 20137 | 35068 |
Көркемдік - эстетикалық | 605 | |||
1 | арт - терапия | 260 | 20137 | 35068 |
2 | қыш бұйымдары ісі, керамика, жапсырма, мүсін, керамикалық мүсін | 155 | 20137 | 35068 |
3 | оригами, қағаздан жасалған қол өнер | 50 | 20137 | 35068 |
4 | ағаштан көркем кескіндеме | 20 | 20137 | 35068 |
5 | зергерлік өнер | 50 | 20137 | 35068 |
6 | кесте тігу, тоқыма тоқу, тігу, макраме | 70 | 20137 | 35068 |
Әлеуметтік-педагогикалық | 320 | |||
1 | кәсіпкерлік негіздері | 100 | 17423 | 29641 |
2 | журналистика, медиа орталықтар | 25 | 17423 | 29641 |
3 | интеллектуалды ойындар клубы | 115 | 17423 | 29641 |
4 | пікірсайыс қозғалысы, шешендік өнер | 80 | 17423 | 29641 |
Гуманитарлық | 895 | |||
1 | тіл курстары | 895 | 17423 | 29641 |
Экологиялық - биологиялық | 290 | |||
1 | флористика | 80 | 20137 | 35068 |
2 | экожурналистика | 110 | 20137 | 35068 |
3 | иппотерапия | 30 | 20137 | 35068 |
4 | STEM зертханасы | 35 | 20137 | 35068 |
5 | қоршаған ортаны зерттеуші | 35 | 20137 | 35068 |
Жаратылыстану-математикалық | 400 | |||
1 | математикалық курстар | 400 | 17423 | 29641 |
Барлығы | 3300 | 558 620 910 |