Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф келісілсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Бөкенов |