Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, 2024 жылғы 30 наурыздағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Қуатұлы Қыдырбеков тағайындалсын.

      3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Қуатұлы Қыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 29 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады