"Turan Resources Ltd" жеке компаниясымен қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 43/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, "Turan Resources Ltd" жеке компаниясының өтінішін қарастырып, 2023 жылғы 23 қазандағы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған №2213 - EL лицензия негізінде, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Turan Resources Ltd" жеке компаниясымен қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Балқаш қаласы, Саяқ кентінің батысынан 26 шақырымда орналасқан, ауданы 745,7127 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2029 жылдың 23 қазанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Turan Resources Ltd" жеке компаниясы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі С. Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады