Шахтинск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 47/03 "Шахтинск қаласының Долинка кентіндегі жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 56/01 қаулысы

      Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы №47/03 "Шахтинск қаласының Долинка кентіндегі жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізілсін, қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс желісінің талшықты-оптикалық кабелін салу және пайдалану үшін, Шахтинск қаласы Долинка кентінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,3408 га жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады