Қазақстан Республикасы Жер кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс желісінің талшықты-оптикалық кабелін салу және пайдалану үшін, Шахтинск қаласы Долинка кентінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,3408 га жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 17.12.2024 № 56/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласы әкімінің міндетін атқарушы | М. Куспеков |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2024 жылы 31 қазандағы №47/03 қаулысына қосымша |
Шахтинск қаласының Долинка кентінде байланыс желісінің талшықты-оптикалық кабелін салу үшін схемасы