Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 278/5 "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
1) 1-тараудың 2-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын;
2) 10-тармақтың екінші абзацындағы "мәслихат аппаратының басшысымен бекітіледі" деген сөздер "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-тарау алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |