"Корпорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 104 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Корпорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Бақты, Қаракөл ауылдық округтері жерлерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу мақсатында, жалпы көлемі 5606,1902 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2030 жылдың 08 ақпанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жер пайдаланушы- "Корпорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2024 жылғы "29" сәуірдегі
№ 104 қаулысына қосымша

"Корпорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

жария сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Бақты а/о

09-133-031-167

565,0

180,8650

2

Бақты а/о

09-133-031-188

497,0

420,2790

3

Бақты а/о

09-133-031-189

28,0

28,0

4

Бақты а/о

09-133-031-117

1512,0

619,1210

5

Бақты а/о

09-133-070-051

76,2488

15,1990

6

Бақты а/о

09-133-031-171

790,0

787,0

7

Бақты а/о

09-133-031-082

500,0

217,0150

8

Бақты а/о

09-133-031-169

615,0

224,8580

9

Бақты а/о

09-133-031-196

1332,0

77,4140

10

Қаракөл а/о

09-133-066-021

250,0

9,9920

11

Қаракөл а/о

09-133-066-054

9900,0

1200,4850

12

Қаракөл а/о

09-133-066-055

50,0

3,1060

13

Қаракөл а/о

09-133-066-067

82,0

53,2288

14

Қаракөл а/о

09-133-066-057

3,0

3,0

15

Қаракөл а/о

09-133-066-056

50,0

25,9040


Барлығы:



5606,1902


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады