Карантинді алу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 4 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №15-4-1/447 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылдық округі, Ынталы ауылының Сарықыз, Дубовка, Жамбасқұдық, Назар атауларымен белгіленген жайылымдары аумағында белгіленген эпизоотиялық лимфангит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынып тасталсын.

      2. Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 21 ақпандағы №1 "Карантин белгілеу туралы" шешімі жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ынталы ауылдық округінің әкімі Н. Төребек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады