Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 12/қе бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2024 жылғы 7 ақпандағы
№ 12/ҚЕ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне (бұдан әрі – ҰҚО қызметкерлері) азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Ақшалай өтемақына төлеу "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес тамақтануға арналған ҰҚО қызметкерлерінің шығыстарын өтеу мақсатында жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесінің нормалары Қазақсан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11442 болып тіркелген).

      ҰҚО қызметкерлер қызметтік іссапарда болған және олардың тәуліктік шығыстары белгіленген тәртіппен өтелген жағдайда, ақшалай өтемақы төлеу жүргізілмейді.

      3. Ақшалай өтемақыны төлеу мемлекеттік органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2-тарау. Ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      4. Азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндік жоқ ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҚК Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті қалыптастырады.

      Тізбе кадрлар мәселесі, қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету жетекшілік ететін ҰҚК Төрағасының орынбасары бекітеді және және ҰҚК құрылымдық бөлімшелеріне ақшалай өтемақы төлейтін жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей жіберіледі.

      5. Үлес құнының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімде айқындалған қызметкерлерге арналған жалпы азық түлік үлесі бойынша айқындалады

      6. Ақшалай өтемақыны төлеуге қызметкердің қызмет өткеретін уәкілетті басшысының не болмаса оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы негіз болып табылады.

      7. Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша бұйрықтың жобасы қызметкердің қызмет өткеретін жері бойынша ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлық бөлімшелері дайындайды және ақшалай өтемақыны төлеуді жүргізу үшін ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тиісті қаржы бөлімшелеріне жолданады.

      8. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне ақшалай өтемақы төлеу бойынша бұйрық жобасын дайыдндау үшін қызметкердің қызмет өткеретін жері бойынша бөлімше басшы ҰҚК мекемесінің бірінші басшысына немесе оны алмастыратын адамның атына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерде оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиесілілік көзделген жағдайларда міндеттерін орындауын растайтын ақшалай өтемақы төлеуге жататын қызметкерлердің тізімін қоса баянатты береді.

      9. Ақшалай өтемақыны төлеу қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.

      Сонымен бірге ақшалай өтемақы төлеу:

      1) қаржыландыру жоспарында қаражат болғанда – ақшалай үлес төлеумен бірге;

      2) қаражат болмағанда – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүргізіледі.

      10. Қызметкерлерге ақшалай өтемақы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына аударылады, не болмаса қолма-қол беріледі.

      11. ҰҚО қызметкерлері ҰҚО бір мемлекеттік мекемесінен басқасына ауысуы кезінде уақытылы төленбеген немесе толық көлемде төленбеген ақшалай өтемақыны төлеу алдыңғы қызмет өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы
қызметкерлеріне азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз ету
мүмкіндігі болмаған кезде
ақшалай өтемақы төлеу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Бекітемін
  _______________________
  (лауазымы)
  _______________________
  (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндік жоқ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесі

Р/с

Мекеменің (бөлімшенің) атауы

Адам саны










  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы
қызметкерлеріне азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз ету
мүмкіндігі болмаған кезде
ақшалай өтемақы төлеу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Ақшалай өтемақы төлеуге жататын қызметкерлердің тізімі

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Арнаулы атағы

Бір айдағы нарядтар саны

Ақшалай өтемақының жалпы самасы
















      Бөлімше басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады