БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Мәртөк аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мәртөк кенті. Қызмет көрсету аймағы – Мәртөк, Қобда және Қарғалы аудандары;
2) Мұғалжар аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Мұғалжар және Алға аудандары;
3) Темір аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық кенті. Қызмет көрсету аймағы – Темір ауданы;
4) Шалқар аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
5) Хромтау аудандық бөлімі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Хромтау және Әйтеке би аудандары;
6) Байғанин аудандық бөлімшесі, орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қарауылкелді кенті. Қызмет көрсету аймағы – Байғанин және Ойыл аудандары.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органын бір айлық мерзімде хабардар етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |