Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 146/ҚЕ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары бойынша департаменттері осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзімде хабардар етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік
генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 146/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11707 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      14-тармақтың 1) тармақшасы:

      мынадай мазмұндағы отыз бесінші, отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Департамент қызметкерлеріне арнайы тексеру жүргізу;

      Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту;";

      14-тармақтың 2) тармақшасында:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіпте міндетті арнайы тексеру жүргізу;";

      жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Департаменттің жедел-қызметтік әрекетін психологиялық-əлеуметтанушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізу;

      Департаментте кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру;

      Департаментте жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру жəне атқару;

      Департаментте жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12265 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      14-тармақтың 1) тармақшасы:

      мынадай мазмұндағы отыз бесінші, отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Департамент қызметкерлеріне арнайы тексеру жүргізу;

      Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту;";

      14-тармақтың 2) тармақшасында:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіпте міндетті арнайы тексеру жүргізу;";

      жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Департаменттің жедел-қызметтік әрекетін психологиялық-əлеуметтанушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізу;

      Департаментте кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру;

      Департаментте жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру жəне атқару;

      Департаментте жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 170029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      7-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "Департаменттің құрылымы және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.

      Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:

      1) Сәтбаев қалалық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Ұлытау облысының Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданы;

      2) Қаражал қалалық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Ұлытау облысының Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы.";

      14-тармақтың 1) тармақшасы:

      мынадай мазмұндағы отыз бесінші, отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Департамент қызметкерлеріне арнайы тексеру жүргізу;

      Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту;";

      14-тармақтың 2) тармақшасында:

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіпте міндетті арнайы тексеру жүргізу;";

      жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Департаменттің жедел-қызметтік әрекетін психологиялық-əлеуметтанушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізу;

      Департаментте кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру;

      Департаментте жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру жəне атқару;

      Департаментте жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады