Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы "Шектеу шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" №7-1/86 бұйрығының 2 тармағы 5 тармақшасы негізінде және 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринария (ветеринариялық – санитариялық) қағидаларын басшылықа ала отырып және 2024 жылғы 23 мамырдағы №18-1/112 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шет аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің ұсынысы негізінде Босаға ауылдық округінің әкімі, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылдық округінің Босаға ауылы орталығының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
К.Рахметов |