Мал ауруына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпанындағы "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" №7-1/86 бұйрығының 2 тармағы 5 тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы "Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалы ветеринариялық зертхананың 2024 жылдың 17 мамырындағы №SO-24-M09(22)-0789-А-D сынақ хаттамасына сәйкес, бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларын бекіту туралы" №7-1/587 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы "ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 23.05.2024 жылғы №18-1/113 санды ҰСЫНЫСЫнегізінде:

      1. Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінде "Бруцеллез" ауруының анықталуына байланысты індеттен сауықтыру мақсатында, ветеринарлық іс-шаралар толығымен атқарылған уақытқа дейін Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінің Көктіңкөлі орталығына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалысын қадағалау өзіме жүктелсін.

      Қосымша: 2024 жылғы сараптама актісі №SO-24-M09(22)-0789-А-D.

      Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі: Қ.Т. Қоршабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады