"Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 38 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 114 шешімі

      Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 38 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-тарауы келесі редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегішаралар";

      27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "27. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

      1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

      2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

      3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

      4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

      5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

      6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.";

      Қағидалар келесі мазмұндағы 27-1 тармағымен толықтырылсын:

      "27-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:

      ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

      ағаш діңін ақтау;

      бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

      шөп шабу, арамшөптерді жою;

      жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

      бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

      ағаш тәжін тәждеу;

      ағаштардың тәжін қалыптастыру;

      қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

      апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

      тыңайтқыштарды қолдану;

      жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

      қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.";

      59-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады