Қызылорда қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 544 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

      интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде – 85 (сексен бес) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 130 (жүз отыз) теңге.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Еркебай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қызылорда қалалық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады