Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154-ө бұйрығына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысы Арал ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы | Б.Турахметов |
Арал аудандық мәслихатының | |
2024 жылғы "7" қараша | |
№ 286 шешіміне қосымша |
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ 2024-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Арал қаласы
2024 жыл
Мазмұны
Терминдер және анықтамалар...............................................................................................5
Бағдарлама паспорты .............................................................................................................7
КІРІСПЕ...................................................................................................................................9
1. АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ ....................................................11
1.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және қайта өңдеу көлемі..................................11
1.2 ТҚҚ сапалық құрамы......................................................................................................12
1.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер..13
1.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау ...............16
1.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау...............................................18
1.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі шараларға бөлінген қаржыларды талдау..............19
1.7 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау......................................................................................................................................19
1.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар........................................................................................................................21
2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ..........................................23
2.1 Мақсаты және міндеттері...............................................................................................23
2.2 Мақсаттық көрсеткіштер................................................................................................23
3. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР.............................................................................................................................24
3.1 Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру және қалдықтарды басқару жөніндегі қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі...............................................................................................24
3. 2 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды еңгізу...................................................30
3.3 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.....35
3.4 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету...................................35
3.5 Шалғайдағы ауылдық округтер үшін қоқыс тиейтін пункттерді құру...............................37
3.6 Стихиялық жиналған үйінділерді жою...................................................................................37
3.7 Қалдықтарды басқару бойынша, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен қызығушылықтарын жоғарылату..............................................................................................................................38
4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР..............................................................................................40
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ......41
6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ..............................................42
7. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕ.......................................42
1-ҚОСЫМША. Арал ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің қажетті санын алдын-ала есептеу.................................................................................................................44
2-ҚОСЫМША. Арал ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары...................................................................................................................................48
Терминдер және анықтамалар
Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.
Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.
Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, оның құрамына кіретіндер:
1) аралас қалдықтар, қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығынан шыққан қалдықтар;
2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.
Контейнерлік алаңдар – коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар, мұнда коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған жүру жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылады;
Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары). Бұл санатқа жатуы үшін қалдықтардың биіктігі, ені және ұзындығы 0,5 метрден асатын болуы қажет.
Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы санатына өткен қалдықтар.
Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.
Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде пайда болатын қалдықтармен сәйкес келетін қалдықтар.
Қалдықтарды көму полигондары - қалдықтарды пайдалану ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін тұрақты орналастыру орыны.
Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.
Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдар арқылы қалдықтарды қабылдау, қайта өңдеу немесе жою жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.
Мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
Құрылыс қалдықтары- ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта құру, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.
Тұрмыстық қатты қалдықтар- қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.
Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.
Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық процесстер арқылы көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.
Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын операциялар.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.
Бағдарлама паспорты
Атауы | Қызылорда облысы Арал ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару бағдарламасы |
Әзірлеуге арналған негіздеме |
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. 2021 жылдың 2-қаңтарындағы № 400-VI ҚРЗ |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ |
Бағдарлама мақсаты | Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, Арал ауданының аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру |
Бағдарлама міндеттері |
1. Қалдықтарды басқару жөніндегі кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құру. |
Күтілетін нәтижелер |
Қалдықтарды басқару бойынша (контейнерлер, контейнерлік алаңдар, қоқыс таситын көліктер) қажетті инфрақұрылым құрылды. |
Қаржыландыру көлемі | Қаржыландыру көлемі жергілікті атқарушы органдарға Арал ауданының 2024-2028 жылдардағы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы іс-шараларды қаржыландыруға бөлінген бюджеттік қаржының санына сәйкес есептеледі. |
Бағдарламаны орындаушылар | Арал қаласы әкімінің аппараты, Сексеуіл және Жақсықылыш кенті әкімінің аппараттары, Ақирек, Аманөткел, Аралқұм, Бекбауыл, Беларан, Бөген, Жаңақұрылыс, Жетесби, Жіңішкеқұм, Қамыстыбас, Қарақұм, Қаратерең, Қосаман, Қосжар, Құланды, Мергенсай, Аққұм, Райым, Атанши, Сазды және Сапақ ауылдық округтері әкімінің аппараттары, коммуналдық қалдықтарды жинаумен, шығарумен, қалпына келтірумен және көмумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер, мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ҮЕҰ, тұрғындар және басқа да мүдделі тараптар. |
Кезең | 5 жыл: 2024 – 2028 жж.. |
КІРІСПЕ
Арал ауданы Қызылорда облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Шығысында Қазалы ауданымен, батысында Ақтөбе облысымен, солтүстігінде Ұлытау облысымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шектеседі. 1928 жылы құрылған.
Әкімшілік орталығы – Арал қаласы.
Арал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы мәліметтері бойынша халық саны – 80135 адам.
Арал ауданында 1 қала, 2 кент және 21 ауылдық округ бар. Барлығы 50 елді мекен (1-кесте).
1-кесте –Арал ауданының әкімшіліктік бөлінуі
№ р\н | Қала, кент және ауылдық округтің атауы | Елді мекен | Халық саны | Аула саны | Көше саны |
1 | Арал қаласы | Арал қаласы | 37195 | 7672 | 226 |
2 | Сексеуіл кенті | Сексеуіл | 11986 | 2600 | 74 |
Кұрлық | 59 | 8 | 1 | ||
Тербенбес | 43 | 7 | 1 | ||
Құмсағыз | 29 | 6 | 1 | ||
Көнту | 147 | 28 | 1 | ||
Сарышығанақ | 33 | 3 | 1 | ||
Жалғызағым | 156 | 2 | 1 | ||
3 | Жаксыкылыш кенті | Жақсықылыш | 4927 | 874 | 32 |
4 |
Аманөткел | Аманөткел | 1988 | 315 | 14 |
Аққұлақ | 248 | 44 | 2 | ||
Ақшатау | 126 | 23 | 1 | ||
Хан | 79 | 12 | 1 | ||
5 |
Ақирек | Ақбай | 828 | 137 | 4 |
6 |
Аралқұм | Аралқұм | 1305 | 225 | 6 |
Шөміш | 493 | 99 | 3 | ||
Мойнақ | 39 | 10 | 1 | ||
7 |
Атанши | Жіңішкеқұм | 426 | 80 | 2 |
8 |
Бекбауыл | Бекбауыл | 972 | 170 | 3 |
Құмбазар | 537 | 89 | 2 | ||
Үкілісай | 303 | 41 | 2 | ||
9 |
Беларан | Құланды | 402 | 74 | 3 |
10 |
Бөген | Бөген | 1071 | 193 | 3 |
Қарашалаң | 721 | 115 | 2 | ||
11 |
Жаңақұрылыс | Жаңакұрылыс | 754 | 154 | 7 |
12 |
Жетесби | Райым | 356 | 63 | 2 |
Ескіұра | 253 | 40 | 2 | ||
13 |
Жіңішкеқұм | Жіңішкеқұм | 728 | 137 | 2 |
14 |
Қамыстыбас | Қамыстыбас | 1936 | 384 | 17 |
Сорбеткей | 65 | 21 | 3 | ||
15 |
Қарақұм | Абай | 2112 | 365 | 10 |
Ерімбетжаға | 316 | 54 | 3 | ||
16 |
Қаратерең | Жанақоныс | 1493 | 250 | 5 |
Көнеқаратерең | 123 | 26 | 1 | ||
Тастақ | 186 | 34 | 3 | ||
17 |
Қосаман | Қосаман | 412 | 69 | 3 |
Ақеспе | 307 | 56 | |||
18 |
Қосжар | Қосжар | 590 | 94 | 3 |
19 |
Қуланды | Құланды | 402 | 74 | 2 |
20 |
Мергенсай | Жалаңаш | 639 | 122 | 6 |
Тастүбек | 109 | 38 | 2 | ||
21 |
Аққұм | Шижаға | 2240 | 398 | 15 |
Күршек | 25 | 20 | 1 | ||
22 |
Райым | Қызылжар | 899 | 164 | 4 |
Шөмішкөл | 694 | 104 | 2 | ||
23 |
Сазды | Сазды | 520 | 93 | 1 |
24 |
Сапақ | Сапақ | 499 | 87 | 2 |
Көктем | 236 | 46 | 2 | ||
Тасбөгет | 63 | 16 | 1 | ||
Алтыкұдық | 65 | 15 | 1 | ||
24 | 50 | 80135 | 15751 | 488 |
Арал ауданының аумағы ресми түрде экологиялық апатты аймақ деп танылған.
Аудан дамуының негізі "Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарған арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары" және "Қызылорда облысы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары" болып табылады.
Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі осы бағдарлама (ары қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің (ары қарай - ҚР ЭК) 365-бабына және жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарға (ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің, 18.05.2023ж, №154 бұйрығы) сәйкес ұлттық стратегиялық, бағдарламалық және концептуалдық құжаттарды, сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әзірленген.
Бағдарламаны әзірлеу барысында Арал ауданының коммуналдық қалдықтарын басқарудың ағымдық жай-күйіне талдау жүргізілді, мәселелер айқындалды және экологиялық заңнама талаптарына сәйкес Арал ауданы аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған кешенді шаралар әзірленді.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асыру Арал ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіруге алып келеді. Қалдықтарды басқару бойынша инфрақұрылым жаңғыртылады, коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі жетілдіріледі, қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылатын болады, көмуге жіберілетін қалдық көлемі азайтылатын болады, ТҚҚ жаңа полигондары салынады, қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару бойынша тұрғындардың қызығушылықтары мен хабардар болуы артатын болады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың түпкі мақсаты Арал ауданының, жалпы Қызылорда облысының қоршаған ортасына қалдықтардың жағымсыз әсерін төмендету және коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады.
1. АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
1.1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және қайта өңдеу көлемі
ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ары қарай – ҚР ЭТРМ) мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасында жыл сайын 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ары қарай - ТҚҚ) түзіледі.
Қызылорда облысында жыл сайын 116-164 мың тонна ТҚҚ түзіледі. Қалдықтар ТҚҚ 145 полигонына тасталынады, оның ішінде облыс бойынша тек 7 (4,8%) полигоны ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді (Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша).
Арал ауданында 15,5 мың тоннадан бастап, 19,8 мың тоннаға дейін коммуналдық қалдықтар түзіледі ("Арал аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММмәліметтері бойынша).
2-кестеде Қызылорда облысы Арал ауданының 2020-2022 жж ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі бойынша мәліметтер ұсынылған.
2 -кесте –ҚР, Қызылорда облысы, Арал ауданы бойынша 2020-2022 жж ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | жылдар | ||
2020 | 2021 | 2022 | |||
1 | ТҚҚ түзілу көлемі | ||||
1.1 | Қазақстан Республикасы* | тонна | 3 674 000 | 4 214 056 | 4 340 630 |
1.2 | Қызылорда облысы* | тонна | 117 000 | 116 000 | 164 000 |
1.3 | Арал ауданы ** | тонна | 15500 | 17500 | 19842 |
2 | Түзілген ТҚҚ жалпы көлемінен қайта өңдеу үлесі | ||||
2.1 | Қазақстан Республикасы* | % | 18,3 | 21,1 | 25,4 |
2.2 | Қызылорда облысы* | % | 18 | 19,7 | 24,5 |
2.3 | Арал ауданы ** | % | 8,5 | 6,8 | 13,7 |
*ҚР ЭТРМ
** "Арал аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мәліметтері
2-кестедегі мәліметтер бойынша Арал ауданында ТҚҚ түзілуінің орташа жылдық көлемі 17600 тоннаны немесе Қызылорда облысындағы ТҚҚ-ның жалпы түзілу көлемінен 13% құрайды.
Арал ауданында ТҚҚ қайта өңдеу орташа есеппен 9,7%-ды құрайды.
Қалдықтарды орталықтан жинау және шығарумен Арал қаласының тұрғындары (37 195 адам) ғана қамтылған, бұл шамамен 45%.
Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында талап етілгендей, жақын жылдарда Арал ауданының барлық елді мекендерінде ТҚҚ орталықтан жинау мен шығаруды ұйымдастыра отырып, тұрғындарды біртіндеп 100% қамту міндеті тұр.
1.2. ТҚҚ сапалық құрамы
Қалдықтардың құрамы оның морфологиялық құрамы бойынша анықталады. Қалдықтардың морфологиялық құрамы – бұл қалдықтардың шығу тегі, химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша айтарлықтай ерекшеленетін жеке компоненттер. Морфологиялық құрамы жалпы массадағы пайызбен көрсетіледі. Қалдықтардың шығарылған және қайта өңделетін көлемін нақты бағалау үшін, морфологиялық құрамын ескеру ТҚҚ талдау жағдайында қолданылады.
Морфологиялық құрамы бойынша ТҚҚ келесілерден тұрады: тағам қалдықтары; қағаз және картон; полимерлер (пластик, пластмасса), шыны; қара металл; түсті металл; мата; ағаш; қауіпті қалдықтар (батарейкалар, құрғақ және электролитті аккумляторлар; еріткіш, бояу ыдыстары; сынапты шамдар; телевизиялық кинескоп және т.б.) сүйек; тері; компоненттері алынғаннан кейінгі коммуналдық қалдықтардың қоқыстары; құрылыс қоқыстары; тас; көше қалдықтары және т.б. секілді компоненттерден тұратын күрделі қоспалар (Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесі, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша ҚР агенттігінің төрағасының 2012 жылғы 10 ақпандағы №4 бұйрығы).
Қазақстан Республикасында ТҚҚ морфологиялық құрамының орташа көрсеткіштері келесідей: тағам қалдықтары (37,2), пластик (16,2%), макулатура (11,1%). Қалдықтардың (11%) компоненттері және басқалары алынғаннан кейінгі бөліктері коммуналдық қалдықтарға жатқызылады ("Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ 2020 жылы Қазақстан қалаларында жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша анықталды).
Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қаладағы қалдық құрамынан өзгешеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қораптық материалдардың, қағаз және картонның аз бөлігі кездеседі. Қалдықтардың органикалық бөлігі үйінділерге немесе полигондарға тасталынбайды, жануарларға жем-қор ретінде беріледі немесе үй жағдайында қордаланады. Ағаш, қағаз және картондар үй пештерінде жағылады. Полигонға келіп түсетін қалдықтардың басым бөлігі күл қоқыстары, құрылыс материалдары және сынған шынылар.
Арал ауданының ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген.
ТҚҚ басқарудың бағыттарын анықтау және ары қарай қайта өңдеу үшін қалдықтарды бөлек жинауды ендіру мақсатында Арал ауданындағы ТҚҚ морфологиялық құрамына орташа жылдық жобада зерттеулер жүргізу қажет.
1.3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары аудандағы немесе елді мекендердегі қалдықтарды басқару жүйесіне ықпал етеді. Болашақта коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін жоспарлау үшін, коммуналдық қалдықтарды басқарудың барлық үдерісін ескере отырып, ауданда бір есептік бірлікке жинақталатын коммуналдық қалдықтардың саны туралы ақпараттар қажет.
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі №347 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу ережелері, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығымен бекітілген халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесі болып табылады.
Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 366 шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілген (3-кесте).
Ауданның 1 тұрғынына шаққанда, коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары 0,712 м3 немесе 142 кг құрайды.
3-кесте–Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандарының түрлері | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1. | Жайлы жабдықталған және жабдықталмаған үйлер | 1 тұрғын | 0,712 |
2. | Жатақхана, интернаттар, балалар үйі, қарттар үйі және осыған ұқсас үйлер және т.б. | 1 орын | 0,481 |
3. | Қонақ үй, шипажай, демалу орындары | 1 орын | 4,398 |
4. | Балалар бақшасы, ясли және басқа да мектепке дейінгі ұйымдар. | 1 орын | 0,308 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, конторалар, байланыс орталықтары | 1 қызметкер | 1,940 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1реттік емделу | 0,207 |
7. | Аурухана, басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 койко-орын | 1,768 |
8. | Мектеп және басқа да білім беру орталықтары | 1 білім алушы | 0,049 |
9. | Мейрамхана, кафе, басқа да көңіл көтеретін орындар және қоғамдық тамақтандыру орындары. | 1 отыратын орын | 1,977 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, түнгі клубтар, ойын автоматтары, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,124 |
11. | Музей, көрме | 1 м2 жалпы ауданынан | 0,077 |
12. | Стадиондар, спорттық алаңдар | Жоба бойынша 1 орын | 0,052 |
13. | Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлы дүкендер мен аралас дүкендер | Сауда нүктелерінен 1 м2 | 1,028 |
14. | Базар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар | Сауда нүктелерінен 1 м2 | 0,053 |
15. | Көтерме сату орындары, өнеркәсіптік және азық түліктік тауарлар қоймасы | Сауда нүктелерінен 1 м2 | 0,064 |
16. | Теміржол вокзалы, автобекеттер, аэропорттар | Сауда нүктелерінен 1 м2 | 2,958 |
17. | Дәріханалар | Сауда нүктелерінен 1 м2 | 0,468 |
18. | Автотұрақтар, автожуғыштар, АЗЭ | 1 машина орыны | 1,505 |
19. | Авто шеберханалар | 1 жұмысшы | 1,691 |
20. | Шаштараздар, косметикалық орындар | 1 жұмыс орны | 2,035 |
21. | Кір жуу, тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу және тігін ательелері. | 1 м2 жалпы ауданынан | 0,060 |
22. | Зергерлік бұйым, аяқ киімді, сағатты жөндеу | 1 м2 жалпы ауданынан | 0,599 |
23. | Шағын жөндеу және қызметтер (кілт жөндеу және т.б.). | 1 жұмысшы орыны | 2,972 |
24. | Монша, сауналар | 1 м2 жалпы ауданынан | 0,135 |
25. | Қала аумағындағы, саябақтағы қалдықтар туралы заңды түрде ұйымдастырылатын жаппай іс-шаралар | 1000 қатысушы | 0,170 |
Қазақстан Республикасында ТҚҚ жинауға тарифтерді жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер әзірлейді, ал оны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, тұрғындар үшін жергілікті уәкілетті орган, мәслихаттар бекітеді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 367 бабы 3-тармағына сәйкес, тұрғындар жариялық келісімдер негізінде ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдалануға және мәслихатпен бекітілген тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтерінің ақысын төлеуге міндетті (ТҚҚ полигонға өз бетінше шығару сол тұрғын пункттің нарығында қоқыс шығаратын компания болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін).
Қызылорда облысы Арал ауданының 2024 жылғы 22-шілдедегі № 270 шешіміне сәйкес, Арал ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер бекітілген болатын (4-кесте).
4-кесте– Арал ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жинау және тасымалдау | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | 109,35 |
Сұрыптау | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Көму | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | 37,39 |
Жалпы тариф | ||
Жайлы үйлер | 1 тұрғынға айына | - |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғынға айына | 146,74 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | - |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 2473,12 |
Арал ауданының бір тұрғынына тариф айына - 146,74 теңгені құрайды.
1.4. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау. Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөлек жинау.
Арал ауданының орталығы және ірі елді мекені Арал қаласы болып табылады. Мұнда ТҚҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылған және қалдықтарды шығару жүзеге асырылады. Жайлы секторлар дамыған және мемлекеттік ұйымдармен мекемелердің үлкен саны, сонымен қатар, шағын және орта бизнес, әлеуметтік мекемелер бар. Арал қаласында контейнерлердің негізгі бөліктерін орнату үшін контейнерлік алаңдар құрылған, коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесі жүзеге асырылады.
Арал қаласында қалдықтарды жинау үшін 2420 контейнер орнатылған.
Арал ауданының елді мекендерінде контейнерлер орнатылған, бірақ олардың саны аз және барлық жерде кездесе бермейді. Тұрғындар қалдықтарды өз аулаларында жинақтайды, жиналу көлеміне сәйкес жеке көлігімен немесе жүк көлігі бар жеке кәсіпкерлерді жалдай отырып, коммуналдық қалдықтарды өз бетінше шығарады. Тағамдық қалдықтармен үй жануарларын тамақтандырады, қағаз, картон, ағаш секілді қалдықтар үй пештеріне жағылады.
50 елді мекеннің 5-де ғана қалдықтарды бөлек жинауға арналған 19 контейнер орнатылған.
ТҚҚ жинауды талдау нәтижелері бойынша анықталды:
- Арал ауданының орталығы болып табылатын Арал қаласында ғана коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау жүйесі ұйымдастырылған;
- контейнерлер сыйымдылық көлемі жағынан шағын, біразы ескірген, қанағаттанарлықсыз жағдайда;
- контейнерлер қалдықтарды араластырып салуға арналған;
- Арал қаласында және бірқатар елді мекендерде қалдықтардың жеке түрлеріне ғана ТҚҚ бөлек жинау ұйымдастырылған.
Қалдықтарды бөлек жинау
Тек 5 елді мекенде ғана қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер қойылған, барлығы 19 дана. Соның ішінде Арал қаласында – 15 дана, Сексеуіл кентінде – 1 дана, Жақсықылыш кентінде – 1 дана, Қамыстыбас елді мекенінде – 1 дана, Шижаға елді мекенінде – 1 дана (5-кесте).
5-кесте – ТҚҚ бөлек жинауға арналған контейнерлер туралы ақпараттар
Тұрғын пункттер | Контейнерлер саны |
Арал қаласы | 15 |
Сексеуіл кенті | 1 |
Жақсықылыш кенті | 1 |
Камыстыбас елді мекені | 1 |
Шижаға елді мекені | 1 |
Барлығы | 19 |
Ауданның барлық елді мекендерінде құрамында сынабы бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер бар, жалпы саны – 200 дана.
Арал ауданының тұрғындары өздерінің үй-жайларында қалдықтарды сұрыптаумен айналысады. Тағамдық қалдықтарды немесе қағаз, картон, ағаштарды бөліп алып кейіннен оларды қажеттіліктеріне қарай пайдаланады (үй жануарларын тамақтандыру немесе үй пештерінде жағу).
Ауданда қайталама шикізатты қабылдау пункттері жоқ.
Арал ауданының тұрғындары қалдықтарды бөлек жинау, мамандандырылған кәсіпорындармен қайталама шикізатты қабылдау, қалдықтарды қайта өңдеу туралы аз ақпараттанған. Себебі, Арал қаласында ғана қалдықтарды жинау мен шығарудың орталықтанған жүйесі бар.
Қалдықтарды тасымалдау
ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес (ҚР Экологиялық Кодексінің 337 бабында) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ҚР ЭТРМ іс-әрекеттің басталғандығы туралы хабарлау керек.
ҚР ЭТРМ реестріне сәйкес, Арал ауданында 2 заңды тұлға қызмет көрсетеді. Арал ауданына қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі 6 - кестеде келтірілген.
6-кесте – Арал ауданында қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі
№ | Атауы | Мекен-жайы |
1 | "Куанышбек" ЖШС | Кызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Айманов көшесі, 21 А |
2 | ИП "Куаныш" | Кызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Сартай батыр көшесі, 42 |
ҚР ЭК 367-бабына сәйкес, ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау үшін конкурс (тендер) ұйымдастырып жүргізеді.
Арал ауданында конкурс жүргізілген, нәтижесінде екі заңды тұлға "Қуанышбек" ЖШС және "Қуаныш" ДК жеңіп алған. Бұл заңды тұлғалар Арал қаласында қызмет көрсетеді. "Қуанышбек" ЖШС мен "Куаныш" ДК әрқайссының теңгерімінде – 2 дана қоқыс тасымалдайтын көлік бар. Қалдықтарды шығарумен Арал қаласының тұрғындары толық қамтылған. Бұл ауданы бойынша 45%-ды құрайды.
Елді мекендерде қалдықтарды орталықтан шығару жүйесі жоқ. Жергілікті тұрғындар ТҚҚ өз бетінше шығарады. Қоқыстарды шығару үшін тұрғындар жеке меншік иелігінде жүк көлігі бар тұлғаларды жалдайды немесе өз көлігімен шығарады.
Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу
Арал ауданында барлық жиналған коммуналдық қалдықтар полигондарға шығарылады (7-кесте).
Қоқыс сұрыптайтын желілер жоқ. Арал қаласында жұмыс істеп тұрған полигон аумағында ғана қолдан сұрыптау бар.
Арал ауданында қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорын жоқ.
7-кесте - Арал ауданы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу, қайта өңдеу және көму көлемдері
2020ж. | 2021ж. | 2022ж. | |
Түзілгені, барлығы, тоннамен | 15500 | 17500 | 19 842 |
Оның ішінде қайта өңделгені, тоннамен | 1320 | 1200 | 2730 |
Көмілгені, тоннамен | 14180 | 16300 | 17112 |
"Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мәліметтері бойынша
Қалдықтарды көму
Қолданыстағы ТҚҚ полигоны Арал қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде 4 шақырым қашықтықта орналасқан. Полигонның қуаттылығы жылына – 37800 тоннаны құрайды. Полигонға Арал қаласынан қалдықтар сұрыпталмаған күйде келіп түсіп, қолмен сұрыпталады.
Полигон Арал қаласы әкімі аппаратының теңгерімінде.
1.5. Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау.
Құрамында сынабы бар қалдықтар.
ҚР 2012 жылдың 13-қаңтарындағы "Энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы" №541-IV Заңына сәйкес, республикалық мәндегі қала, астана және аудандық жергілікті атқарушы органдар (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарда бұрын қолданылған құрамында сынабы бар энергияны үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты.
Құрамында сынабы бар қалдықтарға (ары қарай ҚСБҚ) тұтынушылық қасиетін жойған құрамында сынабы бар шамдар мен құрылғылар жатады. Құрамында сынабы бар шамдар мен құрылғылар қалдық ретінде танылады және полигондарға көмуге жарамсыз (ҚР ЭК 351 б), сондықтан олар қалдықтарды кәдеге жарататын мамандандырылған ұйымдарға берілуі керек. Осыған байланысты ҚСБҚ жинау ұйымдастырылған.
Арал ауданында ҚСБҚ жинауға арналған 200 дана арнайы контейнер орнатылған. Тұрғындарда түзілетін қуат көздердің және құрамында сынабы бар қалдықтардың барлығы дерлік контейнерлерге салына бермейді. Оның біраз бөлігі қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, жалпы қоқыстармен бірге тасталынады.
Электрлік және электрондық жабдық қалдықтары
Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ары қарай - ЭЭЖҚ) барлық пайдаланылған батареялар немесе электрлік желі арқылы жұмыс істеген заттар (теледидар, компьютер, тоңазытқыш, радиоқабылдағыш, электрлік балалар ойыншықтары, компакт-диск және т.б.) және олардың элементтері (мысалы, батарея) жатқызылады.
ҚРЭК 351 бабына сәйкес, электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын (ары қарай – ЭЭЖҚ) полигондарға көму үшін қабылдауға тиым салынады. Жеке тұлғалардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату мердігерлік компаниялармен жүзеге асырылады.
Арал ауданында тұрғындардан ЭЭЖҚ бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Олар әрбір үйдің аулаларында жинақталып, жалпы ағынмен бірге үйінділерге түседі.
Электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесі жоқ.
ҚР Экологиялық Кодексінің (365 б) талаптарына сәйкес, ЭЭЖ қалдықтарының қауіпті құрамдары бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қайта қалпына келтіру үшін беру жүзеге асырылмайды.
Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары
Арал ауданында ірі көлемді және құрылыс қалдықтары басқа қалдықтармен бірге үйінділерге тасталынады.
Ірікөлемді және құрылыс қалдықтары экологиялық заңнамаға сәйкес, арнайы ұйымдастырылған алаңға жинақталуы керек немесе жеке тұлғалар өз беттерінше апарып өткізуіне болады.
Мұндай орындар Арал қаласында жоқ, сондықтан жергілікті әкімдіктің маңызды міндеті ірікөлемді және құрылыс қалдықтарын қабылдайтын орындарды құру және тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды анықтау болып табылады.
Тағам қалдықтары
Арал ауданында тағам қалдықтарын бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Арал қаласында орталықтандырылған жүйе жағдайында да тағам қалдықтары басқа қалдықтармен араласып, контейнерлерге шығарылады және полигондарға тасталынады.
Елді мекендерде тағам қалдықтары үй жануарлары мен төрт түлікке жем-қор ретінде пайдаланылады.
1.6. Қалдықтарды басқару жөніндегі шараларға бөлінген қаржыларды талдау.
Арал ауданындағы қоршаған ортаны қорғауға ағымдық шығындардың көлемі ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 8 кестеде келтірілген.
8-кесте–2020-2022 жылдардағы Арал ауданының қоршаған ортасын қорғауға жұмсалған ағымдық шығындардың көлемі
Мың теңге |
Атауы | 2020 | 2021 | 2022 |
Қызылорда облысы | 2 863 434 | 3 300 927 | 3 827 088 |
Арал ауданы | 164 016 | 177 604 | 287 082 |
8-кестеден көрініп тұрғандай, Арал ауданында қоршаған ортаны қорғауға ағымдық шығындар көлемі Қызылорда облысының шығындарының 7,5% көлемінен аспайды.
"Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мәліметтері бойынша, соңғы 3 жылда жергілікті бюджеттен қалдықтарды басқару мәселелеріне қаржылар бөлінбеген.
Жалпы Арал өңірінде қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесімен тек Арал қаласының тұрғындары қамтылған. Ауданның барлық өңірінде қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру үшін жаңа контейнерлерді, қоқыс таситын көліктерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды құру, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды құру, экологиялық, құрылыс және санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондарды құру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, ауылдық округтерден қалдықтарды жинау және шығару бойынша компанияларды анықтау, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу және т.б. керек. Мұның барлығы да қосымша шығындарды талап етеді, сол себепті, жергілікті бюджетте қарастырылуы керек.
1.7. 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау
Ұлттық статистика Бюросының мәліметтері бойынша, Қызылорда облысында халық санының тұрақты өсімі байқалады. Арал ауданында облыстың басқа өңдеуші кәсіпорындары орналасқан аудандарымен салыстырғанда, өндіру өнеркәсібі жақсы дамыған.
Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, Арал ауданында жаңа кәсіпорындарды ашу, экономикалық көрсеткіштердің өсімі, өмір сапасын жоғарылату, халық табысының жоғарылауы, коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесімен халықтың толық қамтылуы жоспарланған. Осы жағдайда, кәсіпорындармен тұрғындардан түзілген және жиналған ТҚҚ санын артады деп жоспарлануда.
Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі ЭТРМ ақпараттары бойынша 5%-ды құрайды.
9-кестеде 2028 жылға дейін қалдықтардың түзілуін болжау көрсетілген.
9-кесте - 2028 жылға дейін Арал ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілуін болжау
Атауы | Түзілген қалдықтардың нақты саны |
| |||||||
Жылдар | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | 2026 | 2027 | 2028 |
ТҚҚ түзілуі, тоннамен | 15500 | 17500 | 19842 | 19940 | 14079 | 20238 | 20340 | 20442 | 20544 |
2023, 2024, 2025 жылдарда түзілетін ТҚҚ санын Арал ауданының әкімдігі жоспарлаған. 2026-2028 жылдардағы есептеулер әр жыл сайын қалдықтар санын 5%-ға арттыру есебінен жүргізілген.
Түзілген қалдықтардың санының артуы "жасыл экономиканың" мақсаттық индикаторларына қол жеткізу мақсатымен Арал ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. 2030 жылға дейін қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40% -ға дейін, ТҚҚ санитарлық сақтауды 95%-ға дейін арттыру, тұрғындардан қалдықтарды шығару үлесін 100%-ға дейін жабу арқылы қалдықтарды кәдеге жарату жоспарлануда.
1.8. Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау қорытындылары.
Арал ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару бойынша ағымдық жай-күйді талдау нәтижесінде, қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесі тек Арал қаласында ғана құрылғаны анықталды. Елді мекен тұрғындары қалдықтарды өз аулаларында жинақтайды немесе ТҚҚ өз бетінше шығару арқылы апатты үйінділердің түзілуіне ықпал етеді. Ауданда қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар жоқ, қалдықтарды бөлек жинау жүйесі әлсіз дамыған.
Арал ауданында экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру қажет және келесі мәселелерді шешу қажет:
-елді мекендерде мамандандырылған кәсіпорындармен қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесі жоқ;
-елді мекендерде қойылған контейнерлердің жеткіліксіз саны;
-елді мекендерде контейнерлерік алаңдардың болмауы,
-Арал қаласындағы контейнерлік алаңдардың бекітілген экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкессіздігі;
-ТҚҚ бөлек жинауға арналған қоқыс сұрыптайтын желілердің болмауы;
-ТҚҚ тасымалдауға арналған (қоқыс таситын көліктер) инфрақұрылымның елді мекендерде болмауы;
-тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды (ЭЭЖҚ, медициналық) жинаудың ұйымдастырылмауы;
-санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес ТҚҚ полигондарының болмауы;
-қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төмен деңгейі.
1.9. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау.
Арал ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін бағалау үшін, жүйенің жай-күйіне SWOT- талдау жүргізілді және күшті және әлсіз тұстары анықталып, мүмкіндіктері мен қатерлері қарастырылды
(10-кесте). |
10-кесте. Күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау
Қалдықтарды басқару жүйесінің SWOT- талдауы көрсеткендей, Арал ауданында күшті жақтарына қарағанда әлсіз тұстары басымдау. Сол себепті, жақын арада коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін міндеттердің толық кешенін қалыптастыру керек.
2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1. Мақсаты және міндеттері
Бағдарлама мақсаты:Арал ауданы аумағындазаңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.
Бағдарлама міндеттері:
1. Қалдықтарды басқарумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құру.
2. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру.
3. Коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру.
4. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көму бойынша шаралар қабылдау. ТҚҚ полигондарын экологиялық, құрылыстық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру.
5. ТҚҚ стихиялық үйінділерін жою.
6. Қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласында тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату.
2.2. Мақсаттық көрсеткіштер
Мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға өту тұжырымдамасының" (ҚР стратегиялық құжаты) талаптарына, сондай-ақ, Қызылорда облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына және Қызылорда облысының 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілген.
Мақсаттық көрсеткіштер Арал ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған (11-кесте).
11-кесте. 2024-2028 жылдарға арналған Арал ауданындағы қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көму үдерістерін жетілдіруге арналған мақсаттық көрсеткіштер (2024-2028жж).
Орталықтандырылған жүйе шеңберінде тұрғындарды ТҚҚ жинау және шығарумен қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына сәйкес бекітілген.
Қалдықтарды бөлек жинауды еңгізу, ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қызылорда облысының 2023-2027 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының мақсаттық көрсеткіштеріне сәйкес бекітілген.
3. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР
3.1. Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру және қалдықтарды басқару жөніндегі қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі.
Қалдықтарды басқарудағы ең бір маңызды аспектілердің бірі тиісті инфрақұрылымдарының бар болуы. Қалдықтарды жинауға арналған алаңдарды құру бойынша міндеттемелер, қоқыс шығаратын көліктердің бар болуы және т.б. мәселелер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыреттілігінде болады.
ҚР ЭК-нің 365 бабы 10 тармағына сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік-жеке әріптестікті қоса алғанда, коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою бойынша қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған қажетті инфрақұрылымды құру және қалыптастыруы керек.
Қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды құру немесе жаңғырту мәселелерін шешу облыстағы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде жеке инвестицияларды тарту арқылы жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі мүмкін (ҚР ЭК 29 бап). Қалдықтарды басқару саласындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары келесі бөлімдерді қамтуы керек:
- қалдықтардың кез-келген түрлерін, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;
- зауыттардың, цех пен өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды иелену мен пайдалану: қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму бойынша қалдықтардың кез-келген түрлерін қоймалауға арналған полигондар; қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты дайын өнім немесе шикізатты алу бойынша (байыту қалдықтарын қайта өңдеу, үстірт және негізгі жыныстарды, күл-қождарды, металлургиялық шлактарды, техногенді минералдық түзілімдерді қайта өңдеу).
Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында тұрғындардан қалдықтарды шығаруды 100% қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер бекітілген. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, келесі шараларды орындау қажет:
- Арал ауданының елді мекендерінің барлығында коммуналдық қалдықтарды аралас жинауға арналған контейнерлерді сатып алу;
- контейнерлік алаңдармен контейнерлерді санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға келтіру;
- коммуналдық қалдықтарды жинау және шығаруға арналған мамандандырылған көлікті сатып алу;
- конкурс (тендер) жүргізу арқылы коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтау;
- ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын қоймалауға арналған алаңдарды ұйымдастыру;
- ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тарифтерді уақытылы қайта қарау;
- іс-әрекет нәтижесінде қалдық түзілетін және ТҚҚ жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланған жағдайда конкурс (тендер) нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен анықталған ТҚҚ тасымалдайтын мамандандырылған ұйымдармен келісім-шартқа міндетті отыру қажеттілігі туралы заңды және жеке тұлғалармен ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар.
Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару үшін мамандандырылған көлікті сатып алу.
ҚР ЭК-нің 365 бабы 5 тармағына сәйкес, ЖАО коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
ТҚҚ уақытылы шығаруды ұйымдастыру үшін ТҚҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдары – қоқыс таситын көліктерді сатып алу қажет.
1 қоқыс таситын көліктің сыйымдылығы 20-22 м3. "Қуанышбек" ЖШС және "Қуаныш" ДК иелігіндегі көліктерге тағы да қосымша 3 көлік сатып алу керек. Сатып алынған көлік құралдары ТҚҚ жинаумен және тасымалдаумен айналысатын және конкурстан (тендер) өткен компанияларға сенімді басқаруға беріледі.
Арал қаласының жайлы жабдықталған секторлары жағында мекемелердің, ұйымдардың, аурханалардың, мектептердің және басқа да әлеуметтік нысандардың көп бөлігі орналасқандықтан, коммуналдық қалдықтарды жинау күн сайын немесе үш күннің ішінде (ауа температурасы мен жыл мезгіліне тәуелсіз) жүргізіледі. Мұнда "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелердің 58-бабының талаптарын ескере отырып, 0оС және одан төмен температура жағдайында контейнерде қалдықтарды сақтау мерзімдері үш күннен артық емес, плюстік температурада – бір тәуліктен артық сақтамау талаптары қолданылуы керек.
Жеке секторлардағы коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылған елді мекендерде ТҚҚ шығару кестесін құрып және оны бекіту керек (мысалы, күн сайын немесе аптасына бір рет).
Арал ауданында коммуналдық қалдықтарды шығарудың алдын-ала жасалынған кестесі:
1) Арал қаласынан – күн сайын;
2) Сексеуіл және Жақсықылыш кентінен, Аққұм, Сапақ, Аралқұм, Мергенсай, Қамыстыбас, Ақирек, Қосаман және Сазды ауылдық округтерінен – апта сайынғы шығару;
3) Шалғай орналасқан елді мекендер үшін қоқысты тиеу пункттері: Атанши, Беларан, Бөген, Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қаратерең, Құланды, Жіңішкеқұм, Қарқұм, Жетесби, Қосжар және Райым ауылдық округтерден – айына 1 рет. Қоқыстарды тиеу пункттері – бұл санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдар.
Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.
Ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтарды бекітілген кесте бойынша үйлерді, көшелерді аралау жолыменшығарылатын болады.
Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану: мамандандырылған көлік келгенге дейін, жергілікті атқарушы органмен бекітілген кестеге сәйкес қоқыстарды жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана көше бойына санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес коммуналдық қалдықтарды шығару.
Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың сұраныстарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.
Жылына жинақталатын қалдық санын анықтау үшін жиналған және шығарылған қалдық санына (күнсайын) есеп жүргізу керек.
ТҚҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру.
Коммуналдық қалдықтарды жинау үшін Арал ауданының қолданыстағы контейнерлік алаңдарын және жаңа құрылысын жоспарлау "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" құжаты негізінде бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарғасәйкестендіру керек:
- тұрғын пункттерде контейнерлік алаңдарды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар нысандарынан, спорттық алаңдардан және уақытша орналасуды қоспағанда (вахталық кенттер, тұрақты емес нысандар мен құрылыстар) тұрғындардың демалатын орындарынан 25 метр кем емес қашықтыққа орналастырады
- алаң аумағының алаңға еркін кіретін жағына қарай қалыңдығы 100 метрден кем емес температуралық өзгеріске тұрақты қатты асфальтталған немесе бетондалған жабыны болуы керек;
- периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;
- алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;
- шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.
Контейнерлердің меншік иесі ары қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді жөндеп, алмастыруды ұйымдастырады, қоқыс қабылдайтын камераны, алаңдарды және қоқысқа арналған қоймаларды (контейнерлерді), сонымен қатар қалдық жинауыштарды үнемі жуып, залалсыздандырып және дезинсекциялап (шыбын және басқа да бунақденелілерге қарсы) отыруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.
Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыруға арналған орындарды анықтау.
ҚР заңнамасына сәйкес, құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды шығаруды мамандандырылған компания қамтамасыз етеді, соның ішінде тұтынушының өтініші бойынша немесе тұтынушының жинақтайтын алаңдарға өз бетімен жеткізген жағдайда.
Жергілікті атқарушы органдар алаңдардың орналасу орындарын анықтау керек және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызмет көрсететін келісімде көрсетілуі қажет. Қалдықтарды бөлек жинау талаптарының 19-тармағына сәйкес (ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №482 Бұйрығы), ЖАО жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек.
Арал қаласының жергілікті атқарушы органдары және ауылдық округтер тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинау үшін арнайы орындарды ұйымдастыруы керек. Оларды ТҚҚ полигонына жақын жерге орналастыруға болады.
Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру.
Арал ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаудың орталықтандырылған жүйесі тек Арал қаласында ғана құрылған, сондықтан қайта құруды талап етеді. Мұндай жүйені барлық елді мекендерде құру қажет.
Әрбір ауылдық округтерде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша жеке инфрақұрылым нысандары ұйымдастырылуы керек.
Жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) негізінде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, осы компаниямен бірге ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша бекітілген тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметіне ақы төлеу жүйесін ендіруді және тарифтерді уақытылы қайта қарастыруды жүзеге асыру қажет.
Конкурс (тендер) жүргізу арқылы ТҚҚ жинаумен және тасымалдаумен айналысатын компанияларды анықтау.
Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес (ҚР ЭК 367б) жергілікті атқарушы органдар ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау үшін тікелей конкурс (тендер) жүргізу арқылы ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастырады. Конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңының 4 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, мұнда ТҚҚ жинау және тасымалдау конкурсына қатысушыларға төменгі талаптар бекітілген:
- қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы (ҚР ЭК 337 бабының талаптарына сәйкес);
- жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;
- коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы;
- ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сұрыптау кешеніне сұрыпталған қалдықтарды жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шартқа отыруы керек немесе өз бетінше сұрыптауды жүзеге асыру керек;
- ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарты болуы керек; сонымен қатар, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізу де келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуы керек;
- ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жеткізу кезінде полигон операторымен "қалдықтарды қабылдауға" арналған шарты болуы тиіс.
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдары конкурс (тендер) негізінде ауданның тұрғын пункттерінен және ауылдық округтерінен коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтердің кестесі мен шарты, тәртібі көрсетілген келісім-шартқа отыру арқылы ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын компанияны анықтау керек.
Коммуналдық қалдықтарды басқаруға келісім-шарт ұзақ мерзімді, кемі 5-10 жылға болуы керек. Бұл ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын субъектілерге өз қаржыларын компанияны дамытуға салуға мүмкіндік береді, бұл компания іс-әрекетінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу арқылы орындалған жұмыстардың нәтижелерін көріп, бағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта конкурс арқылы өткен, қалдықтарды жинау және шығарумен екі заңды тұлға айналысады: "Қуанышбек" ЖШС және "Қуаныш" ДК. Бұл компаниялар Арал қаласында жұмыс жасайды.
Қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем жинау.
Арал ауданында бекітілген тариф бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша төлемдер тек Арал қаласының тұрғындарынан ғана жиналады. Барлық ауылдық округтерге осындай төлем жинау жүйесін орнату қажет.
Аудан тұрғындары қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын мамандандырылған мекемелердің қызмет ақысын уақытылы төлеудің қажеттілігі туралы ақпараттануы керек. Осы мақсатта мекеменің сайтында жариялық келісім шарты ілінеді. Ары қарай келісім-шарт негізінде мамандандырылған мекеме өкілдері төлем туралы чекті үй иелеріне ұсыну арқылы әр үйден төлемді жинайды немесе төлем қабылдау нүктелерін ұйымдастырады.
ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін экономикалық тұрғыдан жүйелі қайта қарау.
Экономикалық негізделген тарифтер тұрғын-коммуналдық қызмет көрсету деңгейін соның ішінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, жинау және кәдеге жарату секілді қызмет түрлерін де жоспарлау мен болжамдаудың негізі болып табылады.
Халықтан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесіне орай (Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, 2021 жыл, 14-қыркүйек, №377) тарифті есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, яғни калькуляция баптары бойынша топтастырылған, ТҚҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарыққа қатысушылардың нақты және\немесе нормативті шығындарын көрсетеді.
Қызметтердің толық өзіндік құны ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жұмыстарды орындау шығындарының қосындысы, сонымен қатар, жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығындардың қосындысы ретінде анықталады.
Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнды жиналған және шығарылған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды сұрыпталған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ көму бойынша толық өзіндік құнды көмілген ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Калькуляция баптарынан көріп отырғанымыздай, тариф шамасы жылдан-жылға өзгеріп отырады. Себебі, жиналған, шығарылған, сұрыпталған, көмілген қалдықтардың көлемдік шамасы да өзгеріп отырады. Сол себепті, уақытылы индексация жүргізіп, тарифтерді қайта есептеу қажет, бұл мамандандырылған мекемелердің экономикалық жай-күйінің төмендеп кетуінің алдын-алады.
ҚР Экологиялық Кодексінде тарифтерді қайта қарастырудың нақты мерзімі көрсетілмеген. Дегенмен 2023 жылдың маусым айында ҚР бәсекені қорғау және дамыту Агенттігі мен ҚР ЭГТРМ бірлесе отырып, ТҚҚ басқару саласындағы бәсекені дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады. Жол картасында 2 жылда 1 рет ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін қайта қарау қажеттілігі көрсетілген.
3.2. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды еңгізу
Қалдықтардың жалпы массасынан ары қарай пайдалануға және қайта өңдеуге жарамды пайдалы қалдықтарды бөліп алу үшін, оларды пайда болу кезеңдерінде бөлу керек. 50-ден 70 %-ға дейінгі қалдықтар қайталама шикізат болып табылады, оларды ары қарай қайта өңдеу мүмкіндігі де бар. Кәдімгі қалдықтармен қатар қалдықтардың қауіпті де түрлері бар, оларды кәдеге жарату арнайы нормалар мен ережелерді талап етеді. Қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсерін төмендету үшін оларды бөлек жинау керек және ары қарай қауіпті қалдықтарды кәдеге жарататын ұйымдарға өткізу керек.
Қалдықтарды бөлек жинау ҚР Экологиялық Кодексінің міндетті талаптары болып табылады.
Экологиялық заңдылыққа сәйкес (ҚР ЭК 321 б) қалдықтарды бөлек жинау келесі фракциялар бойынша жүзеге асырылады:
1) құрамы мен сипаты бойынша үй шаруашылығы қалдықтарына ұқсас, араласқан, органикалық, тағамдық қалдықтардан тұратын "ылғалды" фракция
2) қағаз, картон, металл, пластика жәнешыныдантұратын "құрғақ" фракция.
Контейнерлік алаңдарда (2-ден кем емес) қалдықтарды бөлек жинау үшін қажетті контейнер санын орнатуды жергілікті атқарушы органдар (ҚР ЭГТРМ м.а. 2021 жыл 2 желтоқсан, №482 бұйрығы) қамтамасыз ету керек.
Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне сәйкес, қалдықтарды шығару жиілігін орнату үшін коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін, олардың морфологиялық құрамын, жинау үшін қолданылатын контейнерлер типі мен санын (тікелей контейнерге жинаған жағдайда) назарға алу керек.
Осыған байланысты, ауданда коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамына талдау жүргізілмеген, 1,1 м3 контейнерді пайдалану жағдайында контейнерлердің қажетті санына есептеулер қалдықтардың бекітілген түзілу нормасына (1 тұрғынға 0,712 м3) және Арал ауданының 80135 (әрбір елді мекені бойынша, адам) тұрғындар санына сәйкес есептелген – 1-қосымша.
Арал қаласында контейнерлердің жеткілікті саны орнатылған. Ауданның ауылдық округтерінің контейнерлік алаңдарына 2 контейнерден есептегенде, қалдықтардың "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларын бөлек жинау үшін 1132 контейнер орнату керек. Бұл контейнерлердің төменгі саны Арал ауданындағы қалдықтардың түзілуінің бекітілген нормаларына сәйкес келеді.
Күн сайынғы шығару барысында контейнерлік алаңдардың есептік саны – 566 бірлік.
Контейнерлер орнатылған соң және қалдықтарды шығару кестесі бекітілгеннен кейін қоқыс шығаратын мекеме контейнерлердің толуы бойынша бақылаулар жүргізу керек, қажет жағдайда контейнер санын толтыру немесе шығару санын арттыру керек.
Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:
-жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;
-контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);
-контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.
Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.
Одан басқа, мамандандырылған мекемелерде ары қарай қалпына келтіру үшін фракциялар бойынша жинақталған қалдықтарды бөлек шығаруды қамтамасыз ету керек.
Құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды бөлек жинауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру.
Арал ауданында қалдықтарды бөлек жинау жүйесі негізі Арал қаласында бар. Ең жоғары деңгейде дамыған түрі құрамында сынабы қалдықтарды (ҚСБҚ) жинау болып табылады. Ауданның барлық 50 елді мекенінде ҚСБҚ арналған контейнерлер орнатылған, жалпы саны 200 контейнер.
Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 бабы).
Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)
Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарынан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
– тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;
– кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;
– тұрғындар үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.
ҚСБҚ үшін контейнерлерді жөндеу (алмастыру) және тұрғындар үшін демеркуризация бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын (қызметтерін) тарту үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу керек (ҚР ЭК, "Мемлекеттік сатып алудар" туралы ҚР Заңы (4 бөлім), (коммуналдық қалдықтарды басқару ережелері. ҚР ЭГТРМ м.к. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 Бұйрығы)).
Басты назар жергілікті атқарушы органдардың қалдықтарды бөлек жинаудың қажеттілігі мен артықшылығы және контейнерлердің осы мақсатқа сәйкес орнатылғандығы туралы тұрғындармен ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу болып табылады.
Электрондық және электрлік жабдықтар
Құрамында кадмий, сурьма, қорғасын, сынап секілді қауіпті заттары мен қосылыстары бар электрондық және электрлік жабдық қалдықтары тек қана қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да кері ықпалын тигізеді.
ҚР ЭК сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қауіпті қалдықтарды басқа қалдықтармен немесе қауіпті қалдықтардың басқа категорияларымен, заттармен немесе материалдармен араласуының алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдау қажет және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша инфрақұрылымның дамуына жауапты болады.
Тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:
- Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін.Қалдық ретінде қабылданатындар: тұрмыстық техника (теледидар, магнитофон, электрлік ойыншықтар, үтіктер, батарейкалар, фен, тоңазытқышты қоса алғанда, ас-үй жабдықтары); офистік техника (компьютерлер және жабдықтауыштар, ұялы телефон, планшет, көшірме аппараттары, сканер, тонер).
- Қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.
- Қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.
Жергілікті атқарушы органдар электрондық қалдықтардың әсерінің қауіптілігі туралы және қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің қолданыстағы жүйесі туралы тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізу қажет. ТҚҚ жалпы ағынымен полигондарға түскен электрондық және электрлік жабдық қалдықтарының маңызды салдарын тұрғындар әлі толық түсінбейді. Тұрғындарға пайдаланылған электрондық және электрлік жабдықтарды жинаудың қолданыстағы пункттері туралы ақпараттарды жеткізу керек.
Қазіргі уақытта Арал ауданында ЭЭЖҚ қабылдау пункттері жоқ.
Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру
ҚР ЭК 365 бабына сәйкес, іс-әрекет түріне тәуелсіз заңды тұлғаларда түзілетін құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтар бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындарға) берілуі керек.
Жергілікті атқарушы билік органдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен (мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар) түсіндірме жұмыс жүргізуі және осы үдерісті бақылауы қажет.
Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру
Органикалық қалдықтар – өсімдік және жануарлардың биоыдырайтын қалдықтары.
Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365-бабының талаптары: жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинау және оларды пайдалану арқылы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар энергия немесе өнім өндіру мақсатында пайдалану және (немесе) биогаз өндіру, қордаландыру, рециклинг бойынша шараларды қоса алғандағы, биологиялық ыдырайтын қалдықтарды қысқарту бойынша шараларды ұйымдастыру қажет.
Органикалық қалдықтардан қордаландырғыш – органикалық өнім алынады, ол өсімдік және жануарлардың тіршілігі барысында пайда болған қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде пайда болады. Бұл залалсыздандырғыш өнім, оны энергия ретінде де пайдалануға болады, бұл қоршаған ортаны ластамайды және табиғи циклдің құрамдас бөлігі болып табылады.
Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19т) аудандық, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.
Компост алудың негізгі технологиясы – компостау (қордаландырғыш) болып табылады. Қордаландыру – бұл қалдықтардың жедел бақылау арқылы ыдырауы, нәтижесінде биоорганикалық тыңайтқыш алынады. Сырт жағынан қарағанда алынған компост кәдімгі топыраққа ұқсайды және оларды әртүрлі салаларда пайдалануға болады.
Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады. Компосттық қондырғыларды Арал ауданының полигондарында да орнатуға болады. Түзілген компост ауыл шаруашылығы қажеттіліктері және қалдықтарды уақытша сақтау орындарын қайта қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.
Мектептерде, асханаларда, ресторандарда биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.
Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері компостты пайдалану жөнінде тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында ақпараттық жұмыстарды жүргізу болып табылады.
3.3. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.
Арал ауданында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі жоқ, мұнда тек шыны ыдыстарын, пластик бөтелкелерді және т.б. қабылдайтын жеке кәсіпкерлер ғана бар.
Қызылорда облысында шыны ыдыстарын, пластик қалдықтарын, картонды бұйымдарды сұрыптаумен айналысатын, қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату саласындағы іс-әрекеттерді орындайтын 18 кәсіпкерлік субъектілері бар және резеңке түйіршіктерін ("SmartRubber"ЖШС), қағаз өнімдерін ("Қызылорда Кағазы"ЖШС),шлакты блоктарды ("Досмуратов" ДК),тағамдық қалдықтардан жануарларға жем-қорды ("СНГ СТРОЙ" ЖШС), картонды қалдықтардан эковаттарды ("Алима" ДК) және басқаларды өндіретін компаниялар бар.
Жергілікті атқарушы органдарының міндеті осындай облыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау, олармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу бойынша келісімдер жасау болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды сол орындарында қайта өңдеуді ұйымдастыру және дамыту мүмкіндіктерін айқындау мақсатында аудан аумағында өздерінің іс-әрекетін жүзеге асыратын жергілікті бизнес қауымдастықтың өкілдерімен және барлық кәсіпорындармен тығыз байланыста болуы керек. Бұл мүмкін кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б. болуы мүмкін, онда қоршаған орта мен тұрғындар үшін қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы, бизнес үшін экономикалық тиімі түсіндіріледі, қайталама шикізатты қабылдау пункттері мен контейнерлерді және т.б. орнату, қалдықтарды басқару саласындағы ұсыныстар талқыланады.
3.4 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.
Маңызды стратегиялық міндеттердің бірі полигон санын азайту және қолданыстағы полигондарды немесе құрылысы жоспарланып жатқан полигондарды экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкестендіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінде Арал ауданында коммуналдық қалдықтарды көму Арал қаласындағы полигонда жүзеге асырылады. Арал қаласындағы ТҚҚ полигонына аудан орталығынан қалдықтар шығарылады. Полигон қуаттылығы жылына – 37800 тоннаны құрайды.
Қазіргі уақытта Сексеуіл кентінде ТҚҚ жаңа полигонының құрылысы жоспарлануда. ТҚҚ көмуге арналған полигонды орналастыратын жер телімі кенттегі қазіргі үйіндінің аумағы. Полигон Сексеуіл кентінен 3-4 км қашықтықта орналасқан. Полигон құрылысы 2023-2025 жылдарға жоспарланған.
Басқа ауылдық округтерде коммуналдық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға төгіледі.
Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді және рұқсатсыз ұйымдастырылған үйінділерді қысқартуды қамтамасыз ету үшін Арал қаласындағы ТҚҚ полигонына келесі жақын орналасқан ауылдық округтерден коммуналдық қалдықтарды шығару керек:
Арал қаласындағы ТҚҚ полигонға:
- Арал қаласы;
- Жақсықылыш кенті - (20 км);
- Аққұм а/о - (20 км);
- Сапақ а/о - (43 км);
- Аралқұм а/о - (46 км);
- Мергенсай а/о - (65 км);
- Қамыстыбас а/о - (86 км);
- Ақирек а/о - (90 км);
Сексеуіл кентіндегі жоспарланып жатқан ТҚҚ полигонына келесі ауылдық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды шығару қажет:
-Сексеуіл кенті (Құрлық, Тербеңбес, Құмсағыз, Конту, Сарышығанақ, Жалғызағым);
-Қосаман а/о – (75 км);
-Сазды а/о– (93 км).
Экологиялық заңнамаға сәйкес, коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көму экологиялық, құрылыстық және санитарлық талаптарға жауап беретін арнайы жабдықталған орындарда – ТҚҚ полигонында жүзеге асырылуы керек (ҚР ЭК 25 б).
ТҚҚ полигонына арналған талаптар келесі құжаттарда көрсетілген: ҚР ЭК (25 бөлім), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы; ҚР СТ 3696-2020. Тұрмыстық-қатты қалдықтарға арналған аз қуатты полигондар. Талаптар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар.
Аз қуатты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондардың 3696-2020 СТ сәйкес, аз қуатты полигонға төменгі талаптар келесідей:
-тәулігіне көмуге арналған қалдықтар 50 тоннадан кем емес;
-арнайы қайта өңдейтін (сұрыптайтын) алаңдар, сұрыптау желілері;
-қағаз бен картон, полиэтилен, тертпак қалдықтарына арналған гидравликалық престеу;
-алу ниетінсіз қалдықтарды көмуге арналған бөліктер.
ТҚҚ полигонының операторы биоыдырайтын қалдықтарды көму көлемін қысқарту жолымен полигонда метан түзілуін азайту бойынша шараларды қабылдау керек. Биоыдырайтын қалдықтар қордаландыру алаңдарына жіберілуі керек.
ҚР ЭК (350 бабы) сәйкес, полигон операторы қалдықтарды жіктеуіші бойынша қабылдаудың бірыңғай рәсімін әзірлеуі қажет.
Полигонда жұмыстарды ұйымдастыру полигон құрылысы жобасының құрамында әзірленетін полигонды пайдаланудың технологиялық сызбасымен анықталады және қауіпсіздік техникасы мен механикаландыру құралдары көмегімен жоғары өнімділікті, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.
Қалдықтар полигонының жобасымен оны жабу үшін жою қорын құруды, жерді рекультивациялауды, қоршаған ортаға әсер етуге мониторинг жүргізуді және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау алдын-ала қарастырылады. Жою қоры полигон операторымен құрылады.
Бұл шаралар қалдықтарды басқаруды жақсартуға, қоршаған ортаны ластануды төмендетуге және Арал ауданының жер ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталады.
3.5. Шалғайдағы ауылдық округтер үшін қоқыс тиейтін пункттерді құру
Арал ауданында Атанши, Беларан, Бөген, Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қаратерең, Құланды, Жіңішкеқұм, Қарақұм, Жетесби, Қосжар, Райым, Бекбауыл секілді Арал қаласынан, аудан орталығынан алыс қашықтықта орналасқан көптеген ауылдық округтер бар. Бұл ауылдық округтердің қашықтығы 100 км-ден 200 км-ге дейін аралықты құрайды.
Коммуналдық қалдықтарды басқаруды оңтайландыру және полигонның қажетті санын азайту үшін, сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жаратудың ең тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Арал ауданының шалғайдағы ауылдық округтері үшін қоқыс тиейтін пункттерді құру мүмкіндігін қарастыру керек.
Бұл қоқыс тиейтін пункттер келесі функцияларды орындайтын болады: қалдықтарды уақытша көму: олар коммуналдық қалдықтарды ары қарай қайта өңдеу немесе көму үшін алты айға дейінгі мерзімде уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынады.
Қалдықтарды сұрыптау: осы пункттерде қайта өңдеуге жататын материалдарды және көмуге жатқызылатын бөліктерін алу үшін қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын болады.
Тасымалдауды оңтайландыру: қоқыс тиейтін пункттер шалғайдағы ауылдық округтерден аудан орталығына немесе соңғы көму орындарына қалдықтарды тасымалдау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Мұндай шаралар қалдықтарды тиімді басқаруды және Арал ауданындағы шалғай орналасқан ауылдарындағы қоршаған ортаға әсер етуді төмендетуге мүмкіндік береді.
3.6. Стихиялық үйінділерді жою
Қызылорда облысының оның ішінде Арал ауданының жалпы мәселесі стихиялық үйінділердің бар болуы. Қазіргі уақытта оларды жою бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Мысалы, 2023 жылы Қызылорда облысында 74 апатты үйіндінің 50 жойылды.
Апатты үйінділердің түзілуі, оларды жою және болдырмау мәселелерін шешуге жергілікті мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы шешуші әрекеттер қабылдауды талап етеді. Арал ауданының ауылдық округтері әкімінің аппараттары стихиялық үйінділерді жедел анықтау үшін және оларды жою туралы шешімдер қабылдау үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз байланысты орнату қажет.
Рұқсатсыз ұйымдастырылған үйінділерге қатысты мәселелерді шешу үшін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ спутнигімен түсірілген ТҚҚ барлық үйінділеріне жан-жақты аудит жүргізу қажет.
Үйінділерді зарарсыздандырудың қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемесі келесі кезеңдерді іске қосады: үйінділердің қауіптілік деңгейін анықтау; баламалы нұсқаларды таңдау; зарарсыздандыру және рекультивациялау технологияларын әзірлеу.
Рұқсатсыз ұйымдастырылған үйінділерді рекультивациялау бойынша техникалық шешімдер құрылымдық белгіленуінен тыс және рекультивациядан кейінгі аумақты пайдалануына байланысты қабылданады.
Жаңа үйінділердің түзілуінің алдын-алу бойынша негізгі шаралар 2030 жылға қарай қалдықтарды жинау мен тасымалдау бойынша қызметтермен Арал ауданының тұрғындарының 100 % қамтылуы және қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен сауықтыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
3.7. Қалдықтарды басқару бойынша, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату
Табиғатты қорғау идеясын, соның ішінде қалдықтарды басқаруды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру көбіне халықтың экологиялық және табиғатты қорғау жөніндегі ағартушылық әрекеттеріне байланысты.
Арал ауданының жергілікті атқарушы органдары тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу бойынша тұрғындармен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуі қажет.
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а., "Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" (ары қарай – Ереже) 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы № 508 бұйрығына сәйкес ауданның, облыстық және аудандық мәндегі қалалар, республикалық мәндегі қалалар, астана, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жеке тұрғын құрылыстардағы (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыруды енгізу және коммуналдық қалдық компоненттерін (қағаз, пластика, органикалық қалдықтар және басқалары) рұқсатсыз жағудың алдын-алу, қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинауды қоса алғанда коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізеді.
Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары БАҚ, теледидар тарапынан ақпараттық компанияларды, яғни, қалдықтардың теріс әсерінен қоршаған ортаны қорғау мәәселелеріне тұрғындардың қызығушылығын қалыптастыратын, қалдықтарды басқарудың экономикалық және экологиялық аспектілері туралы айтатын видеороликтерді құру, буклеттерді және басқа да ақпараттық материалдарды шығару және таратуды ұйымдастыру болып табылады. Оқу орындары арасында макулатураны жаппай жинау, конкурстарды, акцияларды жүргізу, мамандандырылған ұйымдармен тұрғындардан киімдерді, заттарды, тұрмыстық техниканы, батареяларды қабылдау тиімді болып табылады.
Одан басқа, Арал ауданының әкімдігі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" (ары қарай Заң) Заң шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, соның бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі қажет (5 бап).
Осы Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына (6-1б) енгізілген үкіметтік емес ұйымдар (ары қарай – ҮЕҰ) конкурстық таңдау арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік гранттарды ұсынады.
Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:
- білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық мамандар, оқушылар;
- балабақша: тәрбиешілер мен балалар;
- заңды тұлға: медициналық мекеме, мәдениет үйі, сауда орталықтары, дүкендер;
- еріктілер, белсенділер тобы және ҮЕҰ;
- жергілікті атқарушы орган қызметкерлері;
- жұмыс істейтіндер және жұмыс істемейтіндер (үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар).
Ақпараттық жұмыс жоспары мыналардан тұрады:
- бекітілген тарифке сәйкес ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу, жариялық келісімдерге отыру туралы тұрғындарды ақпараттандыру;
- Қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері туралы жергілікті БАҚ жариялау; жергілікті газеттер мен журналдарға қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу талаптарымен қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелермен жұртшылықты таныстыруға бағытталған мақалаларды жариялау ұсынылады;
- үйлерде тағамдық қалдықтарды қордаландыру туралы брошюроларды тарату;
- жеке тұлғаларда (тұрғындар) түзілетін ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық, құрылыстық және ірі көлемді қалдықтарды жинау үшін құрылған арнайы орындар туралы хабарлау;
- пластик, шыны және макулатура үшін, бөлек жинау және үйдегі қалдықтарды сұрыптау тәртібін түсіндіретін мектептегі экологиялық акциялар;
- коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын-алу бойынша ақпараттандыру;
- тұрғындардың экологиялық сапалы өмір сүруін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнаманы жүргізу;
- мектеп оқушыларын Арал қаласындағы ТҚҚ полигонымен таныстыру үшін шақырту;
- қалдықтарды басқару бойынша іс-әрекеттерді қоғамдық бақылау және насихаттау мақсатында еріктілер клубын құру.
Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды үйлестіріп, қоғамдық мекемелермен, ҮЕҰ тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.
4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Арал ауданының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын қаржыландыру көздері мыналар болуы мүмкін:
- мемлекеттік және жергілікті бюджет құралдары;
- тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;
- ӨКЖ операторымен қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялау;
- халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары;
- екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған басқа да көздер.
Ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда (ҚР ЭК 29 бабы). Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Осы бағдарламаны жүзеге асырудың алдын-ала қарастырылған шығындары 846 млн. теңге (шығындардың жеке баптары – 2- қосымшада).
Бірқатар іс-шараларға өнеркәсіптік даму қоры (ӨКМ операторы) арқылы 3%несиені алу жоспарлануда.
Арал ауданында қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларға облыстық әкімдікпен үшжылдық жобада қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбегін негізге ала отырып, заңнама талаптарына сай әзірленетін Қызылорда облысының қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарын қосу керек (ҚР ЭК – 4-қосымша).
Қалдықтармен жұмыс жасау бойынша іс-шараларға жататындар:
- кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;
- зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;
- қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;
- қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;
- екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;
- қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;
- қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Бағдарламаның негізгі ережелерін толық ашу үшін, іс-шаралар жоспары құрылды, ол осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар жүйесінен тұрады (2-қосымша). Жоспарда қажетті іс-шаралар, оны жүзеге асыру және аяқтауға қажетті уақытша шектеулер, іс-шараны орындауға жауаптылар және талап етілетін ресурстар анықталған. Іс-шаралар міндеттері бойынша топтастырылған және қалдықтарды басқарудың ең тиімді үлгісін құруға бағытталған.
Іс-шаралар жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен Бағдарламадағы барлық жауапты орынадушылардың жұмыстарын үйлестіру және қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері кешенді әдіспен қамтамасыз етілген.
Егер мониторинг нәтижесінде қойылған мақсаттарға, мақсаттық көрсеткіштер мен міндеттерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. Осы жағдайда, басқа іс-шаралар анықталады және мәселелік сұрақтарды шешу бойынша іс-шараларды қабылдайды.
Жоспарды жүзеге асыруға бағдарламаға тапсырыс беруші - "Арал ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ жауап береді және олар келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Арал ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;
2) бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен субсидияны ұсыну бойынша Қызылорда облысының атқарушы органдарымен өзара байланысады;
3) бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауданның ауылдық округтері әкімдіктерімен, жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен өзара байланысады;
4) бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қоғамдық кеңес мәжілісінде талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;
5) бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы негізделген ұсыныстар арқылы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті қаржылық құралдарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларына түзетулерді жүзеге асырады;
6) бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;
7) Арал ауданы әкімдігінің ресми сайтына негізгі Бағдарламаны және бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ
Мониторинг коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға бақылау заңға сәйкес, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасарымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Мониторинг (бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау) ағымдық жағдайды жоспармен салыстыру үшін үздіксіз жүзеге асырылады. Мониторинг барысында жоспарланған іс-әрекетті және нақты мәліметтердің нәтижелері салыстырылады. Іс-шаралар мониторингі ресурстармен қаржыларды пайдалануды сонымен қатар аралық нәтижелерді қамтамасыз ету мен әрекетті жүзеге асыру қадағаланып отырады. Мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жүзеге асыру есебінде көрінеді. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті кезеңдерде жоспарланған нәтижелердің болмауы және шаралардың орындалмау себептері көрінеді. Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша есептер барлық қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға ұсынылады және Арал ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланады. Аралық есеп- жарты жылда бір рет, яғни ағымдық жылдың 15- маусымына дейін, жылдық есеп келесі жылдың 30-қаңтарына дейін. Жылдық есеп алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жасалынады.
7. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕ
Коммуналдық қалдықтарды басқаруға арналған бағдарлама көрсетілген іс-шаралар Арал ауданының тұрғындарының денсаулығына және қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Бағдарламада алдын-ала қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру аудандағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мақсаттық көрсеткіштердің орындалуына мүмкіндік береді.
Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттер орындалатын болады:
- қалдықтарды басқару саласындағы қажетті инфрақұрылым құрылады: ТҚҚ жинау және шығару үшін арнайы көлік сатып алынады, контейнерлер сатып алынады және орнатылды, контейнерлік алаңдар салынады.
Қалдықтарды бөлек жинауға еңгізіледі: бөлек жинауға арналған контейнер орнатылады, қауіпті құрамдас қалдықтарды (ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинау үшін нүктелер анықталады.
- ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компаниялар анықталады;
- коммуналдық қалдықтарды 100% жинау және шығаруға қол жеткізеді;
- коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі құрылады;
- көмуге бағытталған қалдықтар көлемі азайтылады;
- санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондары құрылады;
- тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға қызығушылықтары артады және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша хабардарлығы жоғарылайды.
Бағдарламаның негізгі экономикалық тиімділігі тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін төмендету мүмкіндігі және экологиялық қауіпті жағдайлардың алдын-алумен қорытындыланады.
Бағдарламаның әлеуметтік тиімділігі Арал аудандағы тұрғындардың экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту болып табылады. Бұл денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның ластағыш факторларының әсерінен туындайтын ауру қатерлерін төмендетуге мүмкіндік береді.
1-қосымша
Арал ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің қажетті санын алдын-ала есептеу
Қалдықтардың түзілуінің бекітілген нормасы – 0,712 м3 бір адамға жылына. Контейнер көлемі- 1.1 м3.
Қалдықтарды шығарудың ұсынылған сызбасы:
- Арал қаласынан күн сайынғы шығару.
- Ауылдық округтерден күн сайынғы шығару: Сексеуіл және Жақсықылыш кентінен, Аққұм, Сапақ, Аралқұм, Мергенсай, Қамыстыбас, Ақирек, (Құрлық, Тербеңбес, Құмсағыз, Конту, Сарышығанақ, Жылғызағым), Қосаман және Сазды ауылдық округтері.
- Шалғай орналасқан аудандар үшін қоқысты тиеу пункттері: Атанши, Беларан, Бөген, Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қаратерең, Құланды, Жіңішкеқұм, Қарақұм, Жетесби, Қосжар, Райым секілді ауылдық округтерден – айына 1 рет.
А/о | Елді мекендер атауы | Халқы | м3 пайдаланылатын контейнер түрі | Бекітілген жылдықнорма, м3 бір адамға | Елді мекендегі түзілу, м3/жылына | Елді мекендегі түзілу, м3/күніне | Елді мекендегі түзілу, м3/аптасына | Күн сайын шығарған жағдайда "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларға қажетті контейнерлер саны | Күн сайын шығарған жағдайда қажетті контейнерлік алаңдар саны | Апта сайын шығарған жағдайда "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларға қажетті контейнерлер саны | Апта сайын шығарған жағдайда қажетті контейнерлік алаңдар саны |
Арал қаласы | Арал қаласы | 37195 | 1,1 | 0,712 | 26482,8 | 72,6 | |||||
Сексеуіл кенті | Сексеуіл | 11986 | 8534,0 | 23,4 | 163,7 | 44 | 22 | 298 | 149 | ||
Құрлық | 59 | 42,0 | 0,12 | 0,81 | 2,00 | 1 | 2 | 1 | |||
Тербенбес | 43 | 30,6 | 0,08 | 0,59 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Құмсағыз | 29 | 20,6 | 0,06 | 0,40 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Көнту | 147 | 104,7 | 0,29 | 2,01 | 2 | 1 | 4 | 2 | |||
Сарышығанақ | 33 | 23,5 | 0,06 | 0,45 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Жалғызағым | 156 | 111,1 | 0,30 | 2,13 | 2 | 1 | 4 | 2 | |||
Жақсықылыш кенті | Жақсықылыш | 4927 | 3508,0 | 9,61 | 67,28 | 18 | 9 | 122 | 61 | ||
Аманоткел ауылдық округі | Аманөткел | 1988 | 1415,5 | 3,88 | 27,15 | 8 | 4 | 48 | 24 | ||
Аққұлақ | 248 | 176,6 | 0,48 | 3,39 | 2 | 1 | 6 | 3 | |||
Ақшатау | 126 | 89,7 | 0,25 | 1,72 | 2 | 1 | 3 | 2 | |||
Хан | 79 | 56,2 | 0,15 | 1,08 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Ақирек ауылдық округі | Ақбай | 828 | 589,5 | 1,62 | 11,31 | 4 | 2 | 22 | 11 | ||
Аралқұм ауылдық округі | Аралқұм | 1305 | 929,2 | 2,55 | 17,82 | 6 | 3 | 32 | 16 | ||
Шөміш | 493 | 351,0 | 0,96 | 6,73 | 2 | 1 | 12 | 6 | |||
Мойнақ | 39 | 27,8 | 0,08 | 0,53 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Атанши ауылдық округі | Жіңішкеқұм | 426 | 303,3 | 0,83 | 5,82 | 2 | 1 | 12 | 6 | ||
Бекбауыл ауылдық округі | Бекбауыл | 972 | 692,1 | 1,90 | 13,27 | 4 | 2 | 24 | 12 | ||
Құмбазар | 537 | 382,3 | 1,05 | 7,33 | 2 | 1 | 14 | 7 | |||
Үкілісай | 303 | 215,7 | 0,59 | 4,14 | 2 | 1 | 8 | 4 | |||
Беларан ауылдық округі | Құланды | 402 | 286,2 | 0,78 | 5,49 | 2 | 1 | 10 | 5 | ||
Бөген ауылдық округі | Бөген | 1071 | 762,6 | 2,09 | 14,62 | 4 | 2 | 28 | 14 | ||
Қарашалан | 721 | 513,4 | 1,41 | 9,85 | 4 | 2 | 18 | 9 | |||
Жанакурылыс ауылдық округі | Жаңақұрылыс | 754 | 536,8 | 1,47 | 10,30 | 4 | 2 | 16 | 8 | ||
Жетесби ауылдық округі | Райым | 356 | 253,5 | 0,69 | 4,86 | 2 | 1 | 20 | 10 | ||
Ескіұра | 253 | 180,1 | 0,49 | 3,45 | 2 | 1 | 6 | 3 | |||
Жінішкеқұм ауылдық округі | Жіңішкеқұм | 728 | 518,3 | 1,42 | 9,94 | 4 | 2 | 18 | 9 | ||
Қамыстыбас ауылдық округі | Қамыстыбас | 1936 | 1378,4 | 3,78 | 26,44 | 8 | 4 | 48 | 24 | ||
Сорбеткей | 65 | 46,3 | 0,13 | 0,89 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Қарақұм ауылдық округі | Абай | 2112 | 1503,7 | 4,12 | 28,84 | 8 | 4 | 52 | 26 | ||
Ериімбетжаға | 316 | 225,0 | 0,62 | 4,31 | 2 | 1 | 52 | 26 | |||
Қаратерен ауылдық округі | Жаңақоныс | 1493 | 1063,0 | 2,91 | 20,39 | 6 | 3 | 38 | 19 | ||
Көнеқаратерең | 123 | 87,6 | 0,24 | 1,68 | 2 | 1 | 4 | 2 | |||
Тастақ | 186 | 132,4 | 0,36 | 2,54 | 2 | 1 | 6 | 3 | |||
Қосаман ауылдық округі | Қосаман | 412 | 293,3 | 0,80 | 5,63 | 2 | 1 | 10 | 5 | ||
Акеспе | 307 | 218,6 | 0,60 | 4,19 | |||||||
Қосжар ауылдық округі | Қосжар | 590 | 420,1 | 1,15 | 8,06 | 2 | 1 | 16 | 8 | ||
Құланды ауылдық округі | Құланды | 402 | 286,2 | 0,78 | 5,49 | 2 | 1 | 10 | 5 | ||
Мергенсай ауылдық округі | Жалаңаш | 639 | 455,0 | 1,25 | 8,73 | 2 | 1 | 18 | 9 | ||
Тастүбек | 109 | 77,6 | 0,21 | 1,49 | 2 | 1 | 4 | 2 | |||
Аққұм ауылдық округі | Шижаға | 2240 | 1594,9 | 4,37 | 30,59 | 8 | 4 | 54 | 27 | ||
Күршек | 25 | 17,8 | 0,05 | 0,34 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Райым ауылдық округі | Қызылжар | 899 | 640,1 | 1,75 | 12,28 | 4 | 2 | 24 | 12 | ||
Шөмішкөл | 694 | 494,1 | 1,35 | 9,48 | 2 | 1 | 18 | 9 | |||
Сазды ауылдық округі | Сазды | 520 | 370,2 | 1,01 | 7,10 | 2 | 1 | 14 | 7 | ||
Сапақ ауылдық округі | Сапақ | 499 | 355,3 | 0,97 | 6,81 | 2 | 1 | 12 | 6 | ||
Көктем | 236 | 168,0 | 0,46 | 3,22 | 2 | 1 | 6 | 3 | |||
Тасбөгет | 63 | 44,9 | 0,12 | 0,86 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
Алтықұдык | 65 | 46,3 | 0,13 | 0,89 | 2 | 1 | 2 | 1 | |||
80 135 | 0 | 199 | 100 | 1132 | 566 |
2-қосымша
Арал ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары