Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 59 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Арал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал қаласындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Арал қаласындағы № 2 шағын ауданындағы жаңа көшелердің 1-қатарына Сүйінтай Назаровтың есімі;

      2) Арал қаласындағы № 2 шағын ауданындағы жаңа көшелердің 2-қатарына Каримолда Ильясовтың есімі;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал қаласының әкімі Б. Ұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады