Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 01 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Байкенже ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байкенже ауылдық округі Байкенже ауылындағы атауы жоқ көшеге соғыс және еңбек ардагері Пірәлі Өткелбайұлының есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байкенже ауылдық округінің әкімі Н. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады