Көшені қайта атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 18 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қоғалыкөл ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоғалыкөл ауылындағы Водозаборная көшесі Қыш қала көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық оругі әкімі Б.Ракимбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады