"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ш.Қодаманов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұран ауылдық округі Ш.Қодаманов ауылындағы орталық көшеге Ибаділда Раисовтың атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тұран ауылдық округінің әкімі | Б.Баймағанбетов |