"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024 – 2025, 2025 – 2026, 2026 – 2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары З.Т.Есбергеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы | |
әкімдігінің 2024 жылғы | |
"26"шілдедегі | |
№ 126 қаулысына | |
қосымша |
Резидентура 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
|
|
| 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны) |
| |
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||||
|
|
|
|
|
|