"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ж. Құлжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы "23" қыркүйектегі | |
№ 189 қаулысымен бекітілген |
"Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы аумағында жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 41 ғимарат.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде; государственное учреждение "Управление земельных отношений Мангистауской области".
10. Осы Ереже "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. Ережеге өзгерістер толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі.
11. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамады өзгеше белгіленбесе, облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Жұмыс режимі "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2 – тарау. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, белгіленген тәртіп пен жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану салаларындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
15. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
1) облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары, магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) облыстың жергілікті атқарушы органының қоғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
6) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
7) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
8) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
9) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
10) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
11) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
13) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасады және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
14) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
15) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
18) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45 бабына сәйкес Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру тәртібі жөніндегі мәмілелерді тіркеу;
19) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;
20) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
21) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;
22) кең таралған пайдалы қазабаларды және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
23) жер қойнауын пайдаланушылар жөнінде сараптамалық материалдар дайындау және ұсыныстар мен тапсырмаларды орындау шараларын алу;
24) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі зерттеу немесе жұмыс нәтижелерін қабылдау комиссиясын құру (ішкі бұйрықпен);
25) жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын қарау, жұмыс тобының құрамына қатысу, объектілерді келісу және қабылдау;
26) құрылыс учаскесі астындағы пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды дайындау;
27) пайдалы қазбалар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;
28) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
29) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына бақылау жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке бақылау жасау;
30) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауына бақылау жасау;
31) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар беру және оларды резервке қою;
32) жер учаскесіне құқықтарды осы Кодекстің 108-бабына сәйкес жасалатын жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімдеу;
33) берілген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
34) - жер учаскесін беру және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөніндегі облыстық комиссиясының;
- облыста кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының алдын ала құжаттарын дайындау және отырыстарын ұйымдастыру;
35) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесін цифрландыруды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау;
36) жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындауды қамтамасыз ету;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
16. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және (немесе) облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысуға;
2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;
3) қажетіне қарай мүдделі мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың қатысуымен жер қатынастарын реттеу, жер ресурстарын және жер пайдаланудың өзекті мәселелері бойынша кеңестер өткізуге және ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
17. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;
2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;
3) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
4) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3-тарау. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;
6) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
7) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
9) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларының әзірлену барысын бақылайды;
10) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
11) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың ұтымды және мақсатты пайдалануын бақылайды;
12) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
13) "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
25. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату заңнама талаптарына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігімен жүзеге асырылады.