Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Құықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.С. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы "23" қыркүйектегі | |
№ 194 қаулысына қосымша |
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің және әкімінің қызметiн ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. "Маңғыстау облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат.
9. Толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима Мангистауской области".
10. Осы Ереже "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
11. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Маңғыстау облысы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
16. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері Маңғыстау облысының әкімдігі мен әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
17. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Маңғыстау облысы әкімдігінің регламентiн сақтауды қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің отырыстарында қарау үшін тоқсан сайынғы мәселелердің тізбесін дайындау;
облыстық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың әзірлеген облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын құқықтық сараптау;
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін жүйелі түрде хабардар ету, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін кеңестерін, кездесулер мен сапарларын, басқа да іс-шараларын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, консультативтік және материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;
қалалық және аудандық атқарушы органдарының қызметін үйлестіру, олардан Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімі шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты уақытылы алу;
облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;
облыс әкімінің қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз етуге және өзге де мәселелерін шешуге қатысу;
облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы жұртшылық пікірін зерделеу, экономика мен қоғамдық өмірдегі жағымсыз құбылыстарды қорыту және оның алдын алу мен еңсеру жөнінде ұсыныстар дайындау;
облыс әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды ұйымдастыру;
бірыңғай конкурстық, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
кадрлардың тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
қызметтік құжаттарды қарау;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерiн жеке қабылдауды ұйымдастыру;
облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу;
мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына, іс жүргізу қағидаларының сақталуына, жұмыс стилі мен әдістерін жақсартуға бағытталған шаралар қабылдау;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі құпиялық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, облыс әкімі тағайындайтын басқа да лауазымды тұлғалардың құпия құжаттарды пайдалануға рұқсат беруге арналған материалдарды ресімдеу;
құжат айналымын жетілдіру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
қолданыстағы ақпараттық жүйелерді басқару бойынша облыс әкімі сайтының жай-күйіне және оған орналастыру үшін ақпараттың уақытында келіп түсуіне әкімшілік бақылауды жүзеге асыру;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитты жүзеге асыру;
облыс әкімінің терроризм және экстремизмнің профилактикасының мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысын үйлестіру;
мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету бойынша жағдайлар жасау;
өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және оның ішінде әдістемелік қолдау;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысы серіктестігінің тиімді тетіктерін құру, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді іс-қимылына жағдай жасау, сонымен бірге, жаһанданудың барлық замануи тәуекелдері мен сын-тергеуріндерін ескере отырып, Қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғырту болып табылады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
18. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
облыс әкімдігінің және әкімінің, "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;
облыстық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың әзірлеген облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптауды жүзеге асыруға;
оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығына ие болуға;
мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қаражатты пайдалануға;
өз құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
кедергісіз жергілікті атқарушы органдардың, облыстық басқармалардың және бағынысты ұйымдардың объектілеріне, ғимараттарына кіруге құқылы;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен штат кестелерін талдауды жүзеге асырады,олардың штат санын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды орындайды:
аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
24. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бөлімдер және (немес) құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Құрылымдық бөлімшелер осы Ереженің және оны "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілетін бөлімдер және (немесе) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелердің негізінде іс-қимыл жасайды.
4-тарау. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
25. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
"Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
"Қоғамдық коммуникация орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
____________________________________________