Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 595 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 391 қаулысы

      Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы №595 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Жарғысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (С. Мунбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Жарғыға енгізілген өзгерісті әділет органында мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін:

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар алынсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Шалабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы тіркеу органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж. Қайнарбаев

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2024 жылғы 9 тамыздағы
  №391 қаулыға қосымша
  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы 8 желтоқсандағы
  №595 қаулысына қосымша

1. Жалпы ережелер

      1.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      2. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 9 қыркүйек 2008 жылы № 1596 қаулысына сәйкес құрылды.

      3. Кәсіпорының құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады.

      4. Кәсіпорының мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын Жаңаөзен қаласының әкімдігі (бұдан әрі-Құрылтайшы) жүзеге асырады.

      5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –тиісті саланың уәкілетті орган) болып табылады.

      6. Кәсіпорының атауы:

      мемлекеттік тілде: Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      орыс тілінде: Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Өзенэнергосервис" акимата города Жанаозен.

      7. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы шағын ауданы Сарбөпеев Қуанғали көшесі, 40 құрылыс, 130200.

2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

      8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

      9. Кәсіпорынның дербес теңгерімі, заңнамаға сәйкес банктерде шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы жазылған мөрі болады.

      10. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласының әкімдігінің келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алады.

      11. Кәсіпорын жасасатын және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік және де өзгеде тіркелуге жататын азаматтық құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасасқан болып есептеледі.

      12. Кәсіпорын өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, жауапкершіліктер алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

3. Кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаты.

      13. Кәсіпорын қызметінің нысанасы әлеуметтік инфрақұрлымның қажеттілігімен анықталған, қалалық коммуналдық шаруашылықты басқаруға жаңа технология өндіру, мемлекеттік коммуналдық шаруашылықты дотациясыз жүйеге келтіруді қамтамасыз ету әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу мақсатында кәсіпорын құрылды.

      14. Кәсіпорын қызметінің міндетті:

      1) халықты, өміршеңдік нысандарды тұрақты және үздіксіз коммуналдық өнімдермен қамтамасыз ету;

      2) коммуналдық өнімдер және қызмет түрлерін төлемақы жүйесін жаңарту жолымен, төлемдерді толықтай қайтарылуын ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ету;

      3) автоматизация және жаңа технология енгізу арқылы, инженерлік жүйесін пайдалануын және сенімділігін арттыру;

      4) коммуналдық қызмет тұтынуды бақылау және есептеуді реттеу;

      5) электр энергиясын тарату және беру;

      6) қосалқы трансформатор мен электр тораптарына қызмет көрсету;

      7) электр тораптарына техникалық қызмет көрсету, тексеру /байқау/, электр жабдықтарына кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      8) электр жабдықтарының барлық түрлеріне техникалық қызмет көрсету үшін, жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстары, электр қондырғыларын іске қосу мен тұтынушыларды қосу;

      9) техникалық диспетчерлік орталықтан электр желілеріне, энергиясын пайдалануға техникалық диспетчелік қызмет көрсету;

      10) электр энергиясымен қамтамасыз етуге қызмет көрсету;

      11) есептегіш құралдарын орнату;

      12) тұтынушыларды ішкі электр желілеріне қосуға техникалық шарт жасақтауға;

      13) тұтынушыларды 1000 вольттан жоғары ішкі электр желілеріне қосуға техникалық шарт жасақтауға;

      14) абоненттер үшін электр есептегіштерін жоспарлы және жоспардан тыс біржолғы ауыстыруды жүзеге асыру, ескертулер беру, төлемақы төлеушілер мен пайдаланған электр энергиясы үшін берешегі бар тұтынушыларды электр желісінен ажырату

      15) тұтынушыларға тасымалдау үшін электр энергиясын жеткізуге шарт жасау, тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға рұқсат беру

      16) күрделi жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылысын, оның iшiнде:

      - Темiр жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн

      - Технологиялық жабдықтарды монтаждау, қосу-жөндеу жұмыстар байланысты Байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары

      - Күрделi жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желiлiк құрылыстарды төсеу жөнiндегi арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның iшiнде:

      - Кернеуi 35 кВ-қа дейiнгi және 110 кВ-қа дейiнгi және одан жоғары электр беру магистральдық желiлерiн

      15. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.

      16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның директорының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе құрылтайшының не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      17. Директордың Кәсіпорының жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдану әкеп соғады.

4. Кәсіпорынды басқару

      18. Кәсіпорынға қатысты құрылтайшы мынадай функцияларды орындайды:

      1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      3) Кәсіпорының даму жоспарының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асырады;

      4) Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді;

      5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

      6) Кәсіпорын мүлкінің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      7) Кәсіпорын мүлкінің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      8) өзіне осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      19. Тиісті саланың уәкілетті органы:

      1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      2) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен директорды тағайындайды және оны аттестаттаудан өткізеді;

      4) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      5) таза табыстың белгіленген бөлігін Кәсіпорының бюджетке толық және уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асырады;

      6) Кәсіпорын директорының ұсынысы бойынша оның орынбасары (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын белгілейді;

      8) Кәсіпорын директорының, оның орынбасарының (орынбасарларының) және бас (аға) есепшінің лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгілейді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.

      20. Заңды тұлға ретінде Кәсіпорынның органы оның директоры болып табылады.

      21. Кәсіпорының директорымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тиісті саланың уәкілетті органымен еңбек шартын жасасуы арқылы рәсімделеді.

      22. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, Кәсіпорын директоры таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы бюджетке аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.

      23. Кәсіпорын директоры қаржы – шаруашылық қызметіне және Кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады.

      24. Кәсіпорын директоры дара басшылық принципі бойынша әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      25. Директор:

      1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектерде Кәсіпорының мүлкіне билік етеді;

      - шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

      - сенімхаттар береді;

      - банк шоттарын ашады;

      3) Кәсіпорынның барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Жарғыда өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

      5) еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, Кәсіпорын қызметкерлерінің (өзінің орынбасарлары мен бас (аға) есепшіні қоспағанда) лауазымдық айлы ақылары мөлшерін, сыйлық ақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде бекітеді;

      6) тиісті саланың уәкілетті органына өзінің орынбасарларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға кандидатура ұсынады;

      7) өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзіретін белгілейді;

      8) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа дербес жауапты;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Кәсіпорының мүлкі

      26. Кәсіпорын мүлкін құны оның дербес баланысында көрсетілген Кәсіпорынның барлық активтерін құрайды.

      27. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін мүлік болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорынның қызметкерлері арасында бөлінбейді.

      28. Кәсіпорынның мүлкі:

      - оған меншік иесі берген мүлік;

      - өз қызметі нәтижесінде ие болған мүлік (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

      - Қазақстан |Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      29. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

      30. Егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, шаруашылық жүргізу құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығына және де өзге де заттық құқығына ие болу және оны тоқтату үшін көзделген талаптармен және тәртіппен жүзеге асырылады.

      31. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудан алынған жемістер, өнім мен табыстар, сондай-ақ шарттар немесе өзге де негіздер бойынша Кәсіпорын сатып алынған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығына ие болу үшін белгіленген Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

      32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше көзделмесе, меншік иесі бұрын құрылып қойған Кәсіпорынға бекітіп

      беру туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы осы Кәсіпорында мүлік оның баланысына бекітіп берілген кезде пайда болады.

      33. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

      34. Мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында меншік құқығын тоқтату үшін көзделген негіздер бойынша және тәртіппен,сондай-ақ осы Жарғының 35 тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады

      35. Осы Жарғының 34-тармағында көзделген шарушылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен бөлек, шаруашылық жүргізу құқығы меншік шешімі бойынша Кәсіпорынның мүлкін заңды түрде алып қойған жағдайларда тоқтатылады.

      Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда:

      -Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсатына сай келмейтін мүлікті алып қою;

      - Артық, пайдаланылмаған не өз мақсатында пайдаланылмаған мүлікті алып қою жатады.

      36. Кәсіпорын тиісті саланың уәкілетті органның ұсынуы бойынша құрылтайшының жазбаша келісімімен:

      - филиалдар, өкілдіктер құруға;

      - үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгер болуға немесе кепілдік беруге; қарыздар беруге құқылы.

      37. Кәсіпорын өзіне шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берілген, негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

      38. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде немесе меншік иесімен өзгеше белгіленбесе, осы Жарғыны 36 және 37-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

      39. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 4 542 391 119 (төрт миллиард бес жүз қырық екі миллион үш жүз тоқсан бір мың бір жүз он тоғыз тоғыз миллион үш жүз елу сегіз мың жүз он тоғыз) теңге 97 тиын құрайды.

      40. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

6. Кәсiпорынның жауаптылығы

      41. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.

      42. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауаптылықта болмайды.

      43. Мемлекет құрылтайшының, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе тиiстi саланың уәкiлеттi органының iс-әрекеттерiнен туындаған банкроттық, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты – жергiлiктi атқарушы органның iс-әрекеттерiнен туындаған банкроттық жағдайларын қоспағанда, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.

      44. Қазақстан Республикасының заңдарында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша мемлекет жауапкершiлiгiнiң өзге де жағдайлары белгiленуi мүмкiн.

7. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

      45. Кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      46. Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін жергілікті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      47. Кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.

      48. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорын белгілейді.

      49. Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің) бағалары "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының және табиғи монополиялар субъектілерінің баға белгілеуін реттейін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.

8. Есепке алу және Кәсіпорының есептілігі

      50. Кәсіпорынның бухалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухалтерлік есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес тиісті саланың саясатқа сәйкес жүзеге асырылады.

      51. Кәсіпорынның жылдың қаржылық есептілігі мыналардан қамтиды: бухалтерлік баланс, пайда мен зияндар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба.

9. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынастар

      52. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      53. Кәсіпорының жұмыс режимі ішкі еңбек тәртіп ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

10. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

      54. Кәсіпорының еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

      55. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

      56. Кәсіпорын директорының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

11. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

      57. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Жаңаөзен қаласының әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша тартылуы мүмкін.

      58. Кәсіпорынды тарату туралы шешім қабылдаған орган тарату комиссиясын тағайындайды, тіркеуші органға тарату үдерісінің басталғаны туралы хабарлайды, баспасөзде ақпарат жариялайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратуды тәртібі мен анықтайды.

      59. Таратылған Кәсіпорынның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін құрылтайшы қайта бөледі.

      60. Таратылған Кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы Кәсіпорынның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы жергілікті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

12. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      61. Кәсіпорынның Жарғысына барлық өзгерістер мен толықтырулар Жаңаөзен қаласының әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

      62. Кәсіпорын Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бұл туралы бір ай мерзімде тіркеуші органға хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады