Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3574 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
2-тармағының 12)тармақшасы алынып тасталсын;
5-тармағының екінші абзацы алынып тасталсын;
6-тарауы алынып тасталсын;
9, 10, 11 қосымшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | С.Төретаев |