Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 баптарына cәйкес, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Құрық ауылы жерінен жалпы көлемі 15,9459 гектар жер учаскесін "Ak Su KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне инженерлік желілер (талшықты оптикалық желілері) құрылысын салу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С.Есенкелдіұлы |
Шешімге қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№ | Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га |
I | Құрық ауылының жері | 15,9459 |
1 | "ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті" РММ (131970171992) | 0,01 |
2 | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (13197021013) "Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан шекарасы" | 0,09 |
3 | "Магистральдық суағызғысы" ЖШС "Жаңаөзен-Кендірлі" (су құбыры) | 0,1 |
Барлығы: | 16,1459 |