"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Әділет органдарында тіркеуден өткізсін және нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Тулегеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С. Төретаев |
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы "3" желтоқсандағы | |
№ 278 қаулысымен бекітілген |
"Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж Е С І
Ұйымдастыру-құқықтық нысаны: Мемлекеттік мекеме
Меншік түрі: Коммуналдық
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,
индекс 130300,
Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы,
Құрық ауылы,
Досан Батыр көшесі, № 4 үй
Құрық ауылы 2024 жыл
1. Жалпы ережелер
1. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарақия ауданының аумағында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:
1) Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2) "Қарақия аудандық үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады және оның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат санының құрылымы мен лимитiн бекіту, с ондай-ақ лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 4 үй.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде - государственное учреждение "Каракиянский районный отдел занятости, социальных программ".
11.Осы Ереже "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
15. Құқықтары:
1) "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге ұйымдардан және азаматтардан қажетті ақпараттарды сұрату және алу;
2) "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігі және әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және ұсыну;
3) мемлекеттік органдарда, сотта "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғау;
4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
16. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;
3) лауазымдық міндеттеріне сәйкес "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтар шегінде өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне тұрақты бақылауды және мониторингті қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға және өзге де міндеттерді орындауға.
17. Функциялары:
1) жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды дайындау, олардың орындалу барысын талдау;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғау саласында бюджет қаражатының қажеттілігін жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
4) жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
5) ардагерлерге және басқа да тұлғаларға санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құжаттарды ресімдеу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;
7) республикалық және жергілікті бюджеттерден берілетін әлеуметтік көмек пен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
9) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
10) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
11) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
12) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның функцияларын жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
14) өмірде қиын жағдайда жүрген тұлғаға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімді қабылдау;
15) онкологиялық ауруымен ауыратын және иммун тапшылығын жұқтырған адамдарға, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;
16) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау, төлеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
17) жалғызбасты азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын ұйымдастыру;
18) құзыреті шегінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;
19) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;
20) облыстың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
21)өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
22) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
23) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;
24) облыстың жергілікті атқарушы органына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;
25) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
26) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
27) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
28) қарттарға, жалғыз тұратын азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
29) халық арасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттілікке талдау жүргізу;
30) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
31) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
18. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарақия ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
3) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін қорғайды;
4) шарттар жасасады, сенімхаттар береді;
5) банктік есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге де мәмілелерді жасайды;
6) мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
9) құжат айналымын ұйымдастыруды және қадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
10) мекеме қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
11) мекемесінің қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
12) қызметшілерді іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
13) ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
14) ведомствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүліктерін бекітеді, құрылымын анықтайды;
15) ведомствалық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық жоспары мен штаттық кестесін бекітеді;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді;
17) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
"Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Жұмыс режимі
21. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
5. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
"Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
6. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ оның азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.